Ustazdyq

Қазақ тілі: Біліктілік тестілеу (ОЗП)

337 сұрақ · 3-бет, барлығы 7 бет

  1. Оңашаланған айқындауыш

    Дұрыс жауап: Екеуі ымырт жабыла бергенде Бөкенші жайлауы – Жәнібекке тартты.

  2. Аралас құрмалас сөйлем

    Дұрыс жауап: Жүсіп сөйлемекші еді, оны жұрттың ду көтеріле шапалақтаған қолы бөліп, бірсыпыра уақытқа шейін сөйлетпеді.

  3. Өздік етістің жұрнақтары анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: -н, -ын, -ін.

  4. Қатыстық сын есімдерді анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: Әлді, көтеріңкі.

  5. Берілген сөйлемнің түрін анықтаңыз. Үйі қалада болғандықтан, ол демалыс күндері көп ешқайда шыға қоймайтын.

    Дұрыс жауап: Себеп бағыныңқы сабақтас.

  6. Сөйлемнен үстеуді табыңыз. Көксерек тамаққа өлгенше ашқарақ болды.

    Дұрыс жауап: Өлгенше.

  7. Тұжырымды ойларды бір терминге келітіріп, түйіндеп айту негізгі тәсілі болған стиль түрі.

    Дұрыс жауап: Ғылыми стиль.

  8. Қазақтың төл дыбыстары бар сөз:

    Дұрыс жауап: ғұлама

  9. Сыңарлары синонимдес болып келген қосарлама қос сөзді табыңыз:

    Дұрыс жауап: зәре-құт, ашу-ыза, ес-түс

  10. Қате жазылған сөзді табыңыз:

    Дұрыс жауап: Донбасқа

  11. Айтушының тарапынан өзгеріске ұшырап, тек мазмұны сақталып жеткізілетін сөзді белгілеңіз:

    Дұрыс жауап: төлеу сөз

  12. Негізгі еліктеу сөзді белгілеңіз:

    Дұрыс жауап: сылқ

  13. Сілтеу есімдіктері арқылы жасалатын салаластың түрін көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап: Түсіндірмелі

  14. Сабақтастың түрі: Солармен қабаттаспайын деп, тұрып қалдым.

    Дұрыс жауап: мақсат бағыныңқылы

  15. Сатылы көп бағыныңқылы сабақтасты табыңыз

    Дұрыс жауап: Егер бұл тулап, қойды үркітіп жүргенде, Ұлан көріп қойса, жаман болады

  16. Мақсат бағыныңқылы сабақтасты табыңыз

    Дұрыс жауап: Алыстағы Астанаға Нұрбек машинамен кетпек болып, ақыры жол тосуға шықты

  17. Көп мағыналы сөз:

    Дұрыс жауап: бас

  18. Екпін түспейтін қосымшасы бар сөзді табыңыз:

    Дұрыс жауап: ұстазбын

  19. Семантикалық-синтетикалық тәсіл арқылы жасалған үстеуді табыңыз:

    Дұрыс жауап: Төтеден

  20. Берілген сөйлемдердің ішінен ғылыми стиль ыңғайында берілген сөйлемді табыңыз:

    Дұрыс жауап: Алтай тауы - Қазақстан тауларының ішінде ең биік тау.

  21. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз:

    Дұрыс жауап: Мен өзімді көпті көрген көнемін деп шамалайтын едім, - баланың батыл жауабынан қысылып қалдым.

  22. Сызбаға сәйкес келетін жауап нұсқасын белгілеңіз: Бағыныңқы – басыңқы – басыңқы.

    Дұрыс жауап: Күн шығып, ел тұра бестады, – Нұрлан әлі жоқ.

  23. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз: Ер Төстік жалмауыздың қолында қалды деп, елі мүлде күдер үзіп қояды.

    Дұрыс жауап: Себеп

  24. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз:

    Дұрыс жауап: Бұл істің шындығын не көзбен көрген айтар, не құлағымен естіген айтар.

  25. Берілген төл сөздің төлеу сөзге айналған дұрыс нұсқасын табыңыз: – Жоғары шық, – деді үйге кірген Асқарға Балтабек. – Ағаңның қолына су құй, Ботагөз.

    Дұрыс жауап: Балтабек үйге кіріп келген Асқарға жоғары шығуын өтінді де, Ботагөзге ағасының қолына су құюын ескертті.

  26. Публицистикалық стиль ыңғайында берілген сөйлемді көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап: Белгіленген тәртіппен және кезек бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

  27. Күрделі тіркесті көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап: Кешке қарай келді

  28. Берілген сөйлемдегі үстеудің қызметін анықтаңыз: Мәжіліске ең қадірлі, ең таңдаулы адамдар келмек.

    Дұрыс жауап: Анықтауыш

  29. Демеулік шылаудың өзі тіркескен сөзге қандай мағына үстеп тұрғанын анықтаңыз: Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда.

    Дұрыс жауап: Қомсыну мәнін

  30. Тәуелсіздік әрбір азаматтың жүрегінде, әр шаңырақтың төрінде, елімізде бой көтерген әрбір үйде, әрбір қала мен ауылда салтанат құрады. Сөйлем қай шешендікке жатады?

    Дұрыс жауап: Әлеуметтік-саяси мазмұндағы шешендік

  31. Адамның қасиеттерін білдіріп тұрған қатыстық сын есімдер:

    Дұрыс жауап: жігерлі, иманды, өнерлі

  32. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпал:

    Дұрыс жауап: Үйге қарай аяңдаған балалар арттарына бұрылмады.

  33. Көмекші есім қай сөз табына тіркескен? Дәл осы кезде тыста,үй сыртында, дабырлап жүрген ұсақ балалар сықылығы естіліп еді.

    Дұрыс жауап: зат есімге

  34. Бұйрық райлы сөйлем.

    Дұрыс жауап: Ендеше, оларға төсек сап бер

  35. Зат есімнен болған күрделі бастауыш.

    Дұрыс жауап: Сырым Датұлы – қазақ тарихындағы елеулі қайраткерлердің бірі.

  36. Сөз ішіндегі ілгерінді ықпал.

    Дұрыс жауап: Қасындағы Көкбайдан жабыса сұрады.

  37. 1992 ж. 11 желтоқсандағы бекітілген Гимн мәтінін жазған кім?

    Дұрыс жауап: М. Әлімбаев

  38. 1992 жылы қай қалада Дүниежүзілік қазақтарының І Құрылтайы өтті?

    Дұрыс жауап: Алматы

  39. "Ержан қаламымды қиылып сұрап алды, сондықтан естігенімді қарындашпен түсіндіруге мәжбүр болдым." бұл сөйлем салаластың қай түріне жатады?

    Дұрыс жауап: Себеп-салдар

  40. Кейінді ықпалды табыңыз.

    Дұрыс жауап: Бозжан

  41. Демография ғылымының негізін салушы ағылшын ғалымы кім?

    Дұрыс жауап: Дж. Граунт

  42. .... - мәтін абзацтарында баяндалған негізгі мәселелердің жтинақталып, қысқаша тұжырымдалған жазба нұсқасы.

    Дұрыс жауап: Тезис

  43. Қазақстан ЭКСПО көрмелеріне қай жылдан бастап қатысып келеді?

    Дұрыс жауап: 2005

  44. "Және, да, де, та, те, әрі" жалғаулық шылаулар қай салаластың шылаулары?

    Дұрыс жауап: Ыңғайлас

  45. "Үш тілді меңгеру, білу - жаһанданған әлемге жолдама деген сөз." деп кім айтқан?

    Дұрыс жауап: Н. Назарбаев

  46. Мәтін типтеріне сай ерекшеліктері бар сөйлеуді ұйымдастыру формасы не деп аталады?

    Дұрыс жауап: Жанр

  47. Бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркесінен құралып, тиянақты ойды білдіретін сөйлем не деп аталады?

    Дұрыс жауап: Жай сөйлем

  48. ...... мақсаты - оқырманның я тыңдарманның көз алдына бір нысанды тұтас қалпында елестету үшін сол нәрсеге қатысты белгілерді жан-жақты ашып көрсету.

    Дұрыс жауап: Сипаттау

  49. "Семей полигонын жабу туралы жарлық" қай жылы шықты?

    Дұрыс жауап: 1991 ж. 28 тамыз

  50. "Болашақ бағдарламасы" бойынша шетелге жастарды оқыту қай жылы басталды?

    Дұрыс жауап: 1993 ж.