Қазақ тілі: ГАШ
110 сұрақ · 1-бет, барлығы 3 бет
Жинақ туралы
«ГАШ» бөліміндегі «Қазақ тілі» жинағында дұрыс жауаптары бар 110 сұрақ бар.
ГАШ — мектептерді мемлекеттік аттестаттау: 4 және 9-сынып оқушыларын негізгі пәндер бойынша тестілеу. Бөлімде тапсырмалардың қалай құрылатынын алдын ала көру үшін жауаптары бар сұрақтар жиналған.
Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.
Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.
Сөздерден күрделі етістіктерді тап.
Дұрыс жауап: кіріп шықты, алып келді
Табыс септігінің сұрағын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: кімді? нені?
Үндестік заңына бағынбай тұрған сөз.
Дұрыс жауап: білімпаз
Дұрыс септелген сөзді көрсетіңіз
Дұрыс жауап: әжеге, әжеме, әжеңе, әжесіне
Мекен үстеуді тап.
Дұрыс жауап: Төмен түсті
Төмендегі сөйлемдерден қай сөйлем дұрыс жазылған?
Дұрыс жауап: Айдос отын жарды.
Берілген сөздің түбірін тап. Адалдықтың
Дұрыс жауап: адал
Есептік сан есімді табыңыз.
Дұрыс жауап: жиырма төрт
Қатаң дауысссыз дыбыстар қатарын табыңыз.
Дұрыс жауап: к, қ, п, с, т, х, ф
Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалатын ... деп аталады.
Дұрыс жауап: түбірлес сөз
Іс-әрекеттің амалын, тәсілін, бейнесін білдіретін сөздер.
Дұрыс жауап: Сын-қимыл үстеу
Қосымшаның түрлерін тап.
Дұрыс жауап: жұрнақ, жалғау
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы үшін не қажет екенін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: сөйлеу
Орфографиялық нормаға сай жазылған сөз
Дұрыс жауап: Марқасқа
Бірнеше жай сөйлемнің бір-бірімен салаласып, сабақтасып байланысқан түрі –
Дұрыс жауап: Аралас құрмалас
Бағыныңқы сыңарында басыңқыда айтылған іс-әрекеттің қандай амалмен жасалуын көрсететін сабақтасты белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Қимыл-сын
Себеп-салдар салаласты көрсет.
Дұрыс жауап: Сөзі мылтықтың оғындай екен, сондықтан ауыр тиді.
Жай сөйлемдер тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысатын салалас:
Дұрыс жауап: Талғаулы салалас
Берілген сөйлемге қандай тыныс белгісі қойылмаған? Ішімде ыза қайнайды айтуға тілім жетпейді.
Дұрыс жауап: Үтір, сызықша
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Өзіңе қарай дос таңда: тең теңімен жарасады.
Публицистикалық стильде жазылған сөйлемді анықтаңыз.
Дұрыс жауап: Жаңа заң жобасы талқылауға ұсынылды.
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді белгілеңіз:
Дұрыс жауап: Балуан аңға көшкен соң, қалғандары да тақым суыта бастады.
Шылау арқылы жасалған аралас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Көптен бері жүздеспеген едім әрі кездесудің сәті түспеген соң,бүгін жолықтырып қалам ба деп үміттеніп, осында келген едім.
«Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы» сызбасына сәйкес келетін аралас құрмалас сөйлем
Дұрыс жауап: Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп,көзі шатынап тұра бергенде,Ақан құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді,ат етпетінен түсті.
«Орындық» сөзінде неше әріп бар?
Дұрыс жауап: жеті әріп
Кімнің? ненің? сұрақтары қай септікке жатады?
Дұрыс жауап: Ілік септік
«Арман атасынан бата алды» ,- септік жалғауы
Дұрыс жауап: барыс
Қайсысы сөйлем екенін тап.
Дұрыс жауап: Менің ұшқыш болғым келеді
Сөздерден күрделі сан есімдерді тап.
Дұрыс жауап: екі жүз он бес, тоқсан үш
Берілген сөздерден күрделі етістікті көрсет.
Дұрыс жауап: қайтып кел
Сөздерден өткен шақта тұрған сөзді тап.
Дұрыс жауап: оқыды
Мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні ... болады.
Дұрыс жауап: тақырып
Мәтін дегеніміз:
Дұрыс жауап: Екі не одан да көп өзара байланысқан сөйлем
Шылау дегеніміз не?
Дұрыс жауап: Толық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді байланыстырады, сөйлем мүшесі бола алмайды.
Мәтіннің түрлерін анықтаңыз.
Дұрыс жауап: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау
Қазақ тілі латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге қай жылы көшіріліп, қай жылға дейін пайдаланылды?
Дұрыс жауап: 1929ж көшіріліп, 1940ж дейін пайдаланылды
Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерінің саны –
Дұрыс жауап: 6
Жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласқан салаластың барлық түріне қандай тыныс белгі қойылады?
Дұрыс жауап: Үтір
Түсіндірмелі салаластың бірінші сөйлеміндегі баяндауыш сонша,соншалық деген сөздермен келгенде ... қойылады.
Дұрыс жауап: Сызықша
Қазақ тілінде үнемі жалғаулықсыз қолданылатын салаластың түрін анықтаңыз.
Дұрыс жауап: Түсіндірмелі
Сөйлемге берілген анықтаманың дұрысын белгілеңіз. Н.Ә. Назарбаев - тәуелсіздіктің, бостандықтың, теңдік, егемендіктің туын тігуші, Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа енгізуші.
Дұрыс жауап: Құрмалас сөйлем, ыңғайлас салалас түрі.
Сабақтастың түрін анықтаңыз: Ол өзін-өзі тоқтата алмай, мәуені тағы да жеуге кірісті.
Дұрыс жауап: Себеп бағыныңқылы сабақтас
Қарсылық мәнді сөйлемдері бар аралас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Жүсіп сөйлемекші еді, - оны жұрттың ду көтеріле шапалақтаған қолы бөліп,бірсыпыра уақытқа шейін сөйлетпеді.
Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышының жасалу жолын анықтаңыз. Кітап табылмағанда, құпия сырын ұғынбас едік.
Дұрыс жауап: Жатыс септік тұлғасындағы есімше
Фонетикалық принцип бойынша жазылған сөз
Дұрыс жауап: Қолғап
Құрмалас сөйлемнің қанша түрі бар:
Дұрыс жауап: 3
Тарихи-дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөзді көрсет
Дұрыс жауап: Хабар
Берілген аралас құрмалас сөйлемнің сызбасын белгілеңіз. Ертедегі адамдар табиғатқа табынып, оның әр құбылысына таңырқаса, қазіргілер табиғатты табындырамыз деп әуре.
Дұрыс жауап: Бағыныңқы – бағыныңқы – басыңқы
Себеп мәнді сөйлемдері бар аралас құрмаласты белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Ақбозға сол күні өмірінде бітпеген шабыс пайда болған сияқтанды:төрт тұяғымен жердің топырағын уыстай аспанға атып зымырағанда,көлденеңнен көзі түскен жұрт оны ұшып барады екен деп ойлады.
Публицистикалық стильде жазылған сөйлемді анықтаңыз.
Дұрыс жауап: Мына есепті шығарып берші.