Ustazdyq

Платформа туралы

Нұсқа: 1.4 · Күшіне енген күні: 02.10.2026

Ustazdyq — Қазақстан мұғалімдері мен оқушыларына арналған платформа: жауаптары бар дайын тесттер, ГДЗ және басып шығаруға арналған жинақтар, қазақ және орыс тілдерінде.

Мұнда не тегін

— Тест жауаптары: ҰБТ, тоқсандық бақылау, нөлдік срез, педагогтердің біліктілік тестілеуі (ОЗП), МОДО, ГАШ және халықаралық зерттеулер (TIMSS, PIRLS, ICILS) сұрақтары дұрыс жауаптарымен. Барлығына ашық, тіркелу қажет емес. — Оқулықтар бойынша тесттер: 5–9 және 11-сынып мектеп оқулықтарының тақырыптары бойынша жауаптары мен түсіндірмелері бар сұрақтар. Әр тақырыптың алғашқы 5 сұрағы тегін. — ГДЗ: сабақ тақырыптары бойынша тапсырмалардың дайын жауаптары (бөлім толықтырылып жатыр).

Ақылы материалдар

— Тақырыптар бойынша жинақтар: басып шығаруға дайын A4 форматындағы PDF. Сұрақтары мен жауаптары араластырылған тесттің екі нұсқасы, мұғалімге арналған кілттер мен түсіндірмелер. Бір жинақ — бір тақырып, төлем бір реттік. — «Бүкіл кітап»: оқулықтың барлық сұрағы, жауабы және түсіндірмесі мазмұны бар бір файлда. — Сабаққа арналған материалдар (ҚМЖ, презентациялар, жұмыс парақтары) дайындалып жатыр, каталогта жақында шығады.

Қалай жұмыс істейді

Төлем Kaspi арқылы (QR-код немесе қосымшадағы шот). Жазылым мен абонемент жоқ. Сатып алынған материал жеке кабинетте мәңгі қалады. Файлды жүктемесеңіз, 14 күн ішінде жазсаңыз, ақшаны қайтарамыз (толығырақ — жария офертада).

Пайдалану шарттары

Материалдар сатып алушының жеке пайдалануына арналған: оларды басқаларға беруге, интернетте жариялауға және қайта сатуға болмайды. Жүктелген әр файлда сатып алушының деректері көрсетілген.

Байланыс

Сұрақтар мен өтініштерді WhatsApp арқылы қабылдаймыз, сілтеме — «Байланыс» бетінде.