Ustazdyq

Қазақ әдебиеті: Біліктілік тестілеу (ОЗП)

175 сұрақ · 1-бет, барлығы 4 бет

Жинақ туралы

«Біліктілік тестілеу (ОЗП)» бөліміндегі «Қазақ әдебиеті» жинағында дұрыс жауаптары бар 175 сұрақ бар.

Педагогтердің біліктілік тестілеуі пәндік білімді, білім туралы заңнаманы және педагогикалық шеберлікті тексереді. Дұрыс жауаптары бар сұрақтар тестілеуге дейін өзін-өзі тексеруге пайдалы.

Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.

Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.

  1. «Уақыт қайтарымы» өлеңінің авторы.

    Дұрыс жауап: Жүніс Сахиев

  2. 18-19 буынды өлең жазып,қазақ өлең құрылысына жаңалық енгізген ақын

    Дұрыс жауап: Т.Айбергенов

  3. Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» атты поэмасының басты кейіпкері

    Дұрыс жауап: Абдолла Жұмағалиев

  4. Ш.Уәлихановтың ең алғашқы еңбегі

    Дұрыс жауап: «Қырғыздар туралы жазбалар»

  5. Затты немесе құбылысты ерекше ұлғайтып суреттеу

    Дұрыс жауап: гипербола

  6. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаның шын аты.

    Дұрыс жауап: Қожаберген.

  7. Тарихтағы ірі тұлғалардың бірі – сақ патшайымының есімі.

    Дұрыс жауап: Томирис.

  8. Мұқағали Мақатаевтың «Тоқта ботам, атаң келеді артыңда» өлеңі жастарды неге шақырады?

    Дұрыс жауап: Қарттарды құрметтеуге.

  9. Үзінді алынған шығарманың атауы. «Үш күндік жолдың соңғы күніне барын салған бала шәкірт астындағы жарау құла бестіні ағызып-ағызып алып, жалпақ жазықтың белінен беліне көтеріліп, қасындағылардан оза шауып, алып ұшып кел…

    Дұрыс жауап: «Абай жолы».

  10. Ғ.Мұстафиннің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны

    Дұрыс жауап: Жазушы

  11. Шешендік арнау

    Дұрыс жауап: Үлкен алдында иіліп сөйле, Кіші алдында сызылып сөйле.

  12. Әртүрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суреттеу

    Дұрыс жауап: гипербола

  13. Өлеңнің әрбір жолы

    Дұрыс жауап: Тармақ

  14. Мағжан Жұмабаевтың тұңғыш өлеңдер жинағы.

    Дұрыс жауап: «Шолпан».

  15. Өтебай Тұрманжановтың балаларға арналған шығармасы.

    Дұрыс жауап: «Қарлығаш, дәуіт, жылан».

  16. Бегабат Ұзақовтың «Жантаза» әңгімесіндегі Жантаза қай батырдың прототипі?

    Дұрыс жауап: Жанқожа батыр.

  17. Төлеген Айбергеновтің болашақ өмірінің мақсаты мен арманын көрсететін өлеңі.

    Дұрыс жауап: «Бір тойым бар».

  18. Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесінің кейіпкерлері.

    Дұрыс жауап: Махамбет, Нұрсұлтан, Ықылас.

  19. Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің негізгі идеясы.

    Дұрыс жауап: Айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы бар, оны адамдар түсіне білу қажет.

  20. Театр өнерінің үлгісі байқалатын ауыз әдебиеті түрі.

    Дұрыс жауап: Айтыс.

  21. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының «Жанталас» романында сөз болатын оқиға.

    Дұрыс жауап: Қазақ халқының жаугершіліктен ауыр қасіретке ұшырауы.

  22. «Уақыт қайтарымы» өлеңінің авторы.

    Дұрыс жауап: Жүніс Сахиев.

  23. «Құз басындағы аңшының зары» еңбегінің авторлары

    Дұрыс жауап: Ш.Айтматов, М.Шаханов

  24. Ахмет Байтұрсынұлының жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, мәдениетті насихаттауға, еңбек етуге үндеу түріндегі жинағының атауы.

    Дұрыс жауап: «Маса».

  25. Абай Құнанбайұлы «Адамның кейбір кездері» өлеңінде нені сипаттайды?

    Дұрыс жауап: Өлең өнерінің өмірге қалай келетінін.

  26. Балғабек Қыдырбекұлының «Теміржолшы» әңгімесінің басты кейіпкері.

    Дұрыс жауап: Әліш Үмбеталов.

  27. Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романындағы Мұса Байларовтың әкесі:

    Дұрыс жауап: Ес қария

  28. Өлең жолдарындағы қайталаудың түрін ажыратыңыз: Жарық сәуле көре алмай, Ел шаңына ере алмай, Сол бойы кетер ме екенсің?

    Дұрыс жауап: эпифора

  29. М. Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесінің тақырыбын көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап: Соғыс зардабынан жапа шеккен жетімдер тағдыры

  30. «Бауыр» әңгімесіндегі оқиғаның шарықтау шегін анықтаңыз:

    Дұрыс жауап: Қалидың көп мақтанышынан кейінгі уақытта сұранып, жаттығуға асығуы

  31. Қасым Аманжоловтың әндері:

    Дұрыс жауап: «Дариға, сол қыз», «Туған жер»

  32. Оқиғаны баяндап айтуға құрылған, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма түрін белгілеңіз:

    Дұрыс жауап: әңгіме

  33. Дейсіңдер-ау, Қасымның несі басым, Қасым солай болмаса, несі Қасым?! – деген өлең жолдарының авторы:

    Дұрыс жауап: Мұқағали Мақатаев

  34. Көрнекті қаламгер Смағұл Елубайдың туған жері:

    Дұрыс жауап: Түрікменстан

  35. «Жалған дүние» романы жарық көрген уақыт:

    Дұрыс жауап: 2000 жыл

  36. Баққожа Мұқайдың Мемлекеттік сыйлыққа ие болған шығармасы:

    Дұрыс жауап: «Өмірзая» романы

  37. Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңіндегі бунақ, буын саны:

    Дұрыс жауап: 3 бунақ, 11 буын

  38. «Жусан иісі» повестіндегі балаларға әріп танытқан мұғалімді көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап: Иманжанов

  39. Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасындағы Ләйләнің бейнесін жанама мінездеу арқылы көрсеткен нұсқаны табыңыз:

    Дұрыс жауап: Ләйлә қыз мүгедек денесіне сабырлылық жинай алмай, ызаға булығып, қалшылдап кетті.

  40. «Қоғалы көлдер, қом сулар» деген жыр жолдарындағы асты сызылған тіркестің қандай мағынада жұмсалғанын табыңыз:

    Дұрыс жауап: жайылған, мол, адам мен малға пайдалы сулар

  41. Берілген үзіндідегі көркемдеуіш құралды табыңыз: Сол Алатаудай үйілген қарды алақанымен ысыра салыпты.

    Дұрыс жауап: гипербола

  42. Смағұл Елубай «Жалған дүние» романында қолданған символдық бейне:

    Дұрыс жауап: аспан

  43. Т. Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесіндегі Ерғабыл қарттың үміті ақталмай, көңілі құлазып, бұрынғы тірлігін жалғастыруы сюжеттік-композициялық құрылымның қандай бөлігіне жататынын анықтаңыз:

    Дұрыс жауап: оқиғаның шешімі

  44. Автор неліктен Анна Ивановнаның бейнесін шығармаға кірістіргенін табыңыз:

    Дұрыс жауап: Ана жүрегінің мейірімі ұлтқа бөлінбейтінін көрсету

  45. Ботасы өлген аруананың тарамыс болған терісіне жан беріп, суалып біткен желінін сүтке толтырған өнер қасиеті, күй құдіреті қандай шығармада баяндалатынын табыңыз:

    Дұрыс жауап: Т. Ахтанов «Күй аңызы»

  46. «Алып Ер Тұңға» дастаны қандай поэтикалық өлшем негізінде жазылғандығын табыңыз:

    Дұрыс жауап: Көг өлшемі

  47. Шәкәрімнің лақап аты:

    Дұрыс жауап: Мұтылған

  48. Әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс:

    Дұрыс жауап: реализм

  49. «Алғашқы ұстаз» шығармасынан берілген үзінді коппозициялық құрылымның қай компонентінен алынғанын анықтаңыз: «Төбе басында жай ғана ырғалған қос терек қазір де көз алдымда. Оның биік бұтағына шығып отырған жалаң аяқ, жал…

    Дұрыс жауап: эпилог

  50. Балғабек Қыдырбекұлының «Теміржолшы» әңгімесінің басты кейіпкері.

    Дұрыс жауап: Әліш Үмбеталов