Ustazdyq

Қазақ тілі: ҰБТ

1 165 сұрақ · 1-бет, барлығы 24 бет

Жинақ туралы

«ҰБТ» бөліміндегі «Қазақ тілі» жинағында дұрыс жауаптары бар 1165 сұрақ бар. Тапсырма түрлері: бір жауабын таңдау — 866, бірнеше дұрыс жауабы бар — 151, әр тармаққа жауап таңдау — 148.

ҰБТ-ны 11-сынып түлектері тапсырады: 240 минутта 120 тапсырма, үш міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және екі бейіндік пән. Сұрақтар пәндер бойынша бөлінген — қажетті пәнді ашып, дұрыс жауаптармен салыстырыңыз.

Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.

Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.

  1. Әдепсіз, дөрекі сөздердің атауы

    Дұрыс жауап: Дисфемизм

  2. Сөздердің байланысу тәсіл(дер)ін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Орын тәртібі; Шылау арқылы; Интонация арқылы

  3. Жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды сөз(дер)ді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Жеңіс; Тасқын; Ақта

  4. Даралаушы қызмет атқаратын тыныс белгі(лер)ді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Леп белгісі; Сұрақ белгісі; Көп нүкте

  5. Тарихи жәдігерлер 1. Тарих - бір күнде зерттелетін шаруа емес, сондай-ақ заттай деректер мен жазба құжаттардың көмегінсіз тарихты зерттеу де мүмкін емес. Сондықтан тарихшылар көп ізденіп, ежелгі дәуірден сақталған тарих…

    Дұрыс жауап: Тарихи деректер

  6. Көнерген сөздер

    Дұрыс жауап: дулыға, барымта

  7. Архаизм сөзі бар нұсқа

    Дұрыс жауап: кебеже

  8. Қыркүйек сөзінің дұрыс буынға бөлінуі

    Дұрыс жауап: қыр-кү-йек

  9. Термин сөздері бар қатар

    Дұрыс жауап: дисфемизм, омоним

  10. Ойкөкпар қандай жағдайда өтеді:

    Дұрыс жауап: Тартысты жағдайда

  11. Асты сызылған сөзге синоним бола алатын нұсқа Мықты болсаң, жердей бол. Бәрін шыдап көтерген, Таза болсаң, судай бол. Бәрін жуып кетірген.

    Дұрыс жауап: төзу, көну

  12. Орыс тілінен енген және халықаралық терминдерде кездесетін дербес дауыстылар қатары

    Дұрыс жауап: и, у, э

  13. Жақтың кең ашылуынан жасалатын дауысты дыбыс түрі

    Дұрыс жауап: ашық

  14. Сөйлемдегі күрделі сөздің түрлері Қазақстанның геометриялық орталығы Ұлытаудың маңындағы Кішітауда.

    Дұрыс жауап: біріккен сөз

  15. Сөйлемдегі есімдіктің түрлері Әр гүл өзіне тән әсемдігімен ерекшеленеді.

    Дұрыс жауап: белгісіздік, өздік

  16. Сөйлемдегі үстеулердің мағыналық түрлері Әдемі әнді құмарта тыңдаған қалың жұрт лажсыздан таң ата тарқады.

    Дұрыс жауап: себеп-салдар үстеу, мезгіл үстеу

  17. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрі Жұмыстың ауыры осында болғандықтан, Ермек мұнда әдейі тіленіп келді.

    Дұрыс жауап: себеп бағыныңқылы

  18. Күмәнді ойды білдіретін қыстырма сөз

    Дұрыс жауап: бәлкім

  19. Үтір қойылатын сөйлем

    Дұрыс жауап: Жақын жерде көгалды бұлақ басында қозы-лақтар ойнап жүр.

  20. Моңғол тілінен енген сөздердің қатары

    Дұрыс жауап: жарлық, ұлыс

  21. Түбір мен қосымшаның аралығындағы кейінді ықпалы бар сөйлем

    Дұрыс жауап: Ғаламдық мәдениеттің бір бөлігін кітап құрайды.

  22. Тұлғасы өзгеріп біріккен сөзі бар нұсқа

    Дұрыс жауап: Биыл Жастар жылы деп тағайындалды.

  23. Сабақты етістікті салт етістікке алмастыратын жұрнақтар

    Дұрыс жауап: -ыл, -іл, -л

  24. Қаратпа сөз бен одағай қатар келген нұсқа

    Дұрыс жауап: Ау, қызғыш құс, қызғыш құс.

  25. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлем

    Дұрыс жауап: - Сағындым ғой, апа! - деп кұшақтай алды.

  26. Көмекші есім қатысқан сөйлем

    Дұрыс жауап: Анам есік алдына гүл егіп, жайнатып қоюшы еді.

  27. Түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпалы бар сөйлем

    Дұрыс жауап: Ашса - алақанында, жұмса - жұдырығында.

  28. Кенжекей үйді бұрын тігіп жібереді де, атасын қонақ қылады. Сөйлемдегі үстеудің мағыналық түрі

    Дұрыс жауап: мезгіл

  29. Баяндауыш бола алмайтын сөз табы

    Дұрыс жауап: одағай

  30. Мәтінде айтылған ауызша деректердің бірі

    Дұрыс жауап: Аңыз-әңгімелер

  31. Мәтін мазмұны бойынша жауабы жоқ сұрақ

    Дұрыс жауап: Әр халықтың өзіндік ерекшелігімен таныса алдың ба?

  32. Мәтіннің ең соңғы сөйлемі

    Дұрыс жауап: Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас

  33. Мәтін мазмұнын ашатын даналық ой

    Дұрыс жауап: Тарих пен шежіре егіз ұғым.

  34. Қазақ халқының ұлттық ұғымына жақын пікірталас түрі:

    Дұрыс жауап: Айтыс

  35. Жоспарсыз қарапайым сөз қақтығысы:

    Дұрыс жауап: Сөзталас

  36. Етістіктен жасалған туынды зат есімді табыңыз

    Дұрыс жауап: Боран

  37. Берілген жұрнақтар етістіктің қай категориясына тән екенін анықтаңыз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Көсемше-ғалы, -гелі, -қалы, -келі
    Өзгелік етіс-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -т, -сет
  38. Берілген жұрнақтар етістіктің қай категориясына тән екенін анықтаңыз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Есімше-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек
    Қалау рай-ғы, -гі, -қы, -кі
  39. Берілген сөйлемдердегі бастауыштың қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    ЕсімдікКейбіреулер бұл сұрақтан тосылып қалды.
    Тұйық етістікОқу инемен құдық қазғандай.
  40. Шылауды мағыналық түрлеріне қарай сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Шектік мағынадағы демеуліккейде, тек, -ақ
    Талғаулықтыя болмаса, яки, немесе
  41. Атаулы сөйлем(-дер)

    Дұрыс жауап: Сай-салада сағым ойнаған саршаның тамызы.; Кәдуілгі қарбалас жабдықтың қабындаған уағы.; Адырсыз, жотасыз, жазық, жасыл алқап.

  42. Сөйлем түрі (түрлері) Жамандық жалын секілді: өзін де, өзгені де жалмай береді.

    Дұрыс жауап: түсіндірмелі салалас; құрмалас сөйлем; салалас құрмалас

  43. Кәсіби сез(-дер)

    Дұрыс жауап: балдан; келемеш; шербек

  44. Күрделі баяндауыш қатысқан сөйлем(дер)

    Дұрыс жауап: Қызыл балықтай асыр салдың.; Түйе енді ақырын жүре бастады.; Қосақтағы қойлар маңырап жатыр екен.

  45. Буын үндестігі сақталмаған күрделі сөздер қатары

    Дұрыс жауап: көзқарас, ары-бері

  46. Сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Ер дәулеті еңбек.....Бастауыш - тәуелденген зат есім, баяндауыш - атау тұлғалы зат есім......
    Біреудің бағалы жағын көре алмау-асқынған ауру ...Бастауыш- тұйық етістіктен, баяндауыш-ІІІ жақтағы жалғаусыз зат есім......
  47. Толықтауыш қызметін атқарып тұрған зат есім сөз қатысқан сөйлем(дер)

    Дұрыс жауап: Сағынғанда еліңді аңсайсың.; Ата - балаға сыншы.; Жақсы сөз айтқан адамдарды ұнатамын.

  48. Омонимі жоқ қатар

    Дұрыс жауап: Оқушы, мектеп

  49. «Жақын» сөзінің антонимін табыңыз:

    Дұрыс жауап: алыс

  50. Ауыспалы мағыналы сөз

    Дұрыс жауап: Ақ бата