Ustazdyq

Қазақстан тарихы: Біліктілік тестілеу (ОЗП)

217 сұрақ · 1-бет, барлығы 5 бет

Жинақ туралы

«Біліктілік тестілеу (ОЗП)» бөліміндегі «Қазақстан тарихы» жинағында дұрыс жауаптары бар 217 сұрақ бар.

Педагогтердің біліктілік тестілеуі пәндік білімді, білім туралы заңнаманы және педагогикалық шеберлікті тексереді. Дұрыс жауаптары бар сұрақтар тестілеуге дейін өзін-өзі тексеруге пайдалы.

Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.

Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.

  1. В качестве ударного оружия в казахском войске использовалась изготовленная из цельного куска дерева палица

    Дұрыс жауап: шоқпар

  2. Б.з.д. 138 жылы ғұндарға қарсы одақ жасау жөнінде "Батыс өңірге" келген Қытай елшісі әрі саясаткері:

    Дұрыс жауап: Чжан Цянь

  3. Б.з. V ғасырға дейін Жетісуда өмір сүрген Үйсін мемлекетін құлатқан ел (дер):

    Дұрыс жауап: авар

  4. Қытай елшісі Чжан Цянь үйсіндерге сапар шекті:

    Дұрыс жауап: б.з.д. 138 ж.

  5. Б.з.д.II ғ. Қазақстанның оңтүстігінде бой көтерген мемлекет (-тер):

    Дұрыс жауап: Қаңлы

  6. Көне деректемелерде көрсетілген Қаңлы мемлекетінің астанасы:

    Дұрыс жауап: Битянь

  7. Б.з.д. 203-201 жж. ғұндар жаулап алған аймақ (-тар):

    Дұрыс жауап: Жоғарғы Енисей

  8. Қазақ жерінде хандық басқару жүйесі қалыптасты:

    Дұрыс жауап: XV-XVIII ғғ.

  9. Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп талқандаған мемлекет (-тер):

    Дұрыс жауап: Босфор патшалығы

  10. Орталық Азияда қыпшақтар үстем жағдайға ие болды:

    Дұрыс жауап: XI ғ.

  11. Қарлұқтар арасындағы жетекші тайпа:

    Дұрыс жауап: бұлақ

  12. Х ғ. ортасында Жетісу мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде құрылған мемлекет:

    Дұрыс жауап: Қарахан

  13. С. Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі болған уақыт:

    Дұрыс жауап: 1783-1797 жж.

  14. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары «Шопан әні», «Сұхбат»сияқты суреттерді дүниеге әкелген жас суретші:

    Дұрыс жауап: М. Кенбаев

  15. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан уақыты:

    Дұрыс жауап: 1991 ж. қазан

  16. Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндердің ІІ съезі өткен мерзімі:

    Дұрыс жауап: 2010 жылы

  17. Тарихи деректерде бұдан 1200 жыл бұрын аталған қазақ тайпасы (-лары):

    Дұрыс жауап: найман

  18. IX ғ. ортасына қарай қимақтар құрамына кірген тайпа (-лар):

    Дұрыс жауап: ажлар

  19. Қаңлылар мемлекетінің алып жатқан жері:

    Дұрыс жауап: Жетісудың оңтүстік-батыс бөлігі

  20. Б.з.д.II ғ. Қазақстанның оңтүстігінде бой көтерген мемлекет (-тер):

    Дұрыс жауап: Қаңлы

  21. Ғұн мемлекеті толығымен бір орталыққа бірікті:

    Дұрыс жауап: Мөде тәңірқұтынан бастап

  22. XVIII-XIX ғғ. "Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды",- деген философ (-тар):

    Дұрыс жауап: Адам Смит

  23. Іле өзенінен бастап, Шу, Талас, Сырдың ортаңғы ағысына дейінгі жерді жайлаған Ұлы жүз тайпасы (-лары):

    Дұрыс жауап: дулат

  24. Шыңғысханның жеңіске жетуіне ықпал еткен жағдай:

    Дұрыс жауап: барлауды ұйымдастыруы

  25. Орта ғасырлардағы моңғол шапқыншылығы кезінде "Қайырымды қала" атағын алған қала:

    Дұрыс жауап: Баласағұн

  26. XIII ғ. моңғолдар әскеріне қарсы қарсы қиян-кескі қарсылығы үшін толық жойылған қалалар:

    Дұрыс жауап: Ашнас, Сығанақ

  27. Түргеш қағанатының құлау себебі:

    Дұрыс жауап: Шығыс Түрік қағанаты тарапынан көрсетілген қысым

  28. Түргештер Жетісуда өз саяси үстемдігін орнатты:

    Дұрыс жауап: 704 жылы

  29. Қимақтардың батысқа қоныс аударуына ықпал еткен жағдай:

    Дұрыс жауап: Енисей қырғыздарымен қақтығыстар

  30. Түргештерге шығыстан қауіп төндірген ел:

    Дұрыс жауап: Шығыс Түрік қағанаты

  31. Жамбыл облысындағы қарлұқ сәулет өнерінің ескерткіші:

    Дұрыс жауап: Ақыртас

  32. І Дарийдің Орталық Азияға сақ-тиграхаудаларға («шошақ бөрік киетін») жасаған жорығы сипатталды:

    Дұрыс жауап: Бехистундық жазбаларда

  33. 1767 жылы Абылайдың Қытаймен келіссөз жүргізудегі мақсаты:

    Дұрыс жауап: Тарбағатай аймағындағы және Іле өзені бойындағы қазақтардың ежелгі қоныстарын қайтару

  34. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан революцияшыл-демократияшыл зиялылар:

    Дұрыс жауап: С. Меңдешов, С. Сейфуллин, Ә. Жангелдин

  35. «Ақын көзі тірісінде бағаланған жоқ. Оның ең басты себебі ақын өзінің шығармаларын жариялауды ұнатқан жоқ. Оның өлеңдері басылып шыққан жоқ және ол қайтыс болғаннан кейін ғана халыққа тарады. Ол Пушкин мен Лермонтовтың е…

    Дұрыс жауап: Абай

  36. Оқиғалардың хронологиялық ретін анықтаңыз: 1) Қазақ КСР-ң құрылуы, 2) Қазақ АКСР-ң құрылуы, 3) Қазревкомның құрылуы

    Дұрыс жауап: 3,2,1

  37. 1941 ж. Брест қамалын корғауға алған қазақстандықтар:

    Дұрыс жауап: К. Иманқұлов, В. Фурсов

  38. 1950-1960 жылдары іске қосылған кәсіпорындарды орналасқан қалалармен сәйкестендіріңіз: 1) Жамбыл, 2) Өскемен, 3) Павлодар, 4) Теміртау; А) титан-магний комбинаты, Ә) алюминий зауыты, Б) супер фосфат зауыты, В) металлурги…

    Дұрыс жауап: 1-Б, 2-А, 3-Ә, 4-В

  39. Қорқыт туралы деректер пайда болды:

    Дұрыс жауап: IX-X ғғ.

  40. XIV ғ. бірінші жартысында Алтын Орда мемлекетінде билік еткен хандар:

    Дұрыс жауап: Өзбек, Жәнібек

  41. Рашид-ад-диннің (XIV ғ.) айтуы бойынша Жошы ұлысының шығыс бөлігін басқарған хан:

    Дұрыс жауап: Орда Ежен

  42. "Кеңестік Қазақстан" киножурналының алғашқы нөмірлері шыға бастады:

    Дұрыс жауап: 1935 жылы

  43. 1936 жылы 3 қарашада Қазақ АКСР ОАК-нің қаулысымен республикаға Еңбек сіңірген әртісі атағы берілген мәдениет қайраткері:

    Дұрыс жауап: А. Жұбанов

  44. Көшпелі өзбектер мемлекетінің құлау себебі:

    Дұрыс жауап: мемлекет билігінің әлсіздігі

  45. Тарихи оқиғалардың дұрыс хронологиялық ретін анықтаңыз: 1. Томирис пен Кир шайқасы 2. Марафон шайқасы 3. І Дарийдің жорығы 4. Александр Македонский жорығы

    Дұрыс жауап: 1, 3, 2, 4

  46. Шыңғыс ханның Жетісудағы түркі халқын өзіне тарту үшін қабылдаған шешімі:

    Дұрыс жауап: Сот жүйесін жетілдірді.

  47. Тарихи оқиғалардың хронологиялық ретін анықтаңыз: 1) Аңырақай шайқасы, 2) Бұланты шайқасы, 3) Аягөз шайқасы,

    Дұрыс жауап: 3, 2, 1

  48. «Бүгін Орынбордан «Қазақ» газеті жабылды деген телеграмма алдық. Мұнан бұрын «Қазақ» басқармасындағы бір адамнан келген хатта мынандай сөз бар: «Орынборға большевиктер келді. «Қазақ» газетінің шығайын деп тұрған 220-нөмі…

    Дұрыс жауап: Алашордаға қарсы кеңестердің іс-қимылы

  49. Б.з.д. II ғғ. Солтүстік-Батыс Қытай жерінен Жоңғар Алатауы, Тарбағатай баурайына ауып келген тайпа (-лар):

    Дұрыс жауап: үйсін

  50. Б.з. V ғасырға дейін Жетісуда өмір сүрген Үйсін мемлекетін құлатқан ел (дер):

    Дұрыс жауап: авар