Ustazdyq

Биология: Біліктілік тестілеу (ОЗП)

298 сұрақ · 1-бет, барлығы 6 бет

Жинақ туралы

«Біліктілік тестілеу (ОЗП)» бөліміндегі «Биология» жинағында дұрыс жауаптары бар 298 сұрақ бар. Тапсырма түрлері: бір жауабын таңдау — 273, сәйкестендіру — 14, бірнеше дұрыс жауабы бар — 9, жауапты өзі енгізу — 2.

Педагогтердің біліктілік тестілеуі пәндік білімді, білім туралы заңнаманы және педагогикалық шеберлікті тексереді. Дұрыс жауаптары бар сұрақтар тестілеуге дейін өзін-өзі тексеруге пайдалы.

Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.

Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.

  1. Өрмекшілердің тыныс алу мүшелері қайсы?

    Дұрыс жауап: Демтүтік, өкпе қапшығы

  2. Қимыл-қозғалыстың азаюы қалай аталады?

    Дұрыс жауап: Гипокинезия

  3. Арқа омыртқаларының саны:

    Дұрыс жауап: 12

  4. Кәдімгі бұғының сүйектенбеген мүйізінен жасалатын дәрі

    Дұрыс жауап: Пантокрин

  5. Панкреатин сөлінің басты ферменті:

    Дұрыс жауап: липаза

  6. Хемотрофты организмдер:

    Дұрыс жауап: күкіртті бактериялар

  7. Бақа дернәсілінің тыныс алу мүшесі:

    Дұрыс жауап: желбезек

  8. Таспа пішінді храматафоры жасушада оралма тәрізді орналасқан балдыр:

    Дұрыс жауап: спирогира

  9. Абиотикалық факторлар:

    Дұрыс жауап: жарық, температура, ылғал

  10. Қысқарған өркенге жатады:

    Дұрыс жауап: гүл

  11. Бидай тұқымы:

    Дұрыс жауап: дәнек

  12. Түйнек тамырдан жемтамырдың айырмашылығы:

    Дұрыс жауап: негізгі тамырға қор заты жиналады

  13. Қосжарнақтыларға жатады:

    Дұрыс жауап: күнбағыс

  14. Төменгі сатыдағы өсімдік:

    Дұрыс жауап: хлорелла

  15. Жапырақтың суды буландыруы:

    Дұрыс жауап: транспирация

  16. Жыныссыз көбеюдің негізі:

    Дұрыс жауап: митоз

  17. Африка материгі кіретін биогеографиялық аймақ

    Дұрыс жауап: Эфиопиялық

  18. Рефлекстік доғаның бірінші бөлімі

    Дұрыс жауап: Жүйке ұштары

  19. Хромосоманың алғашқы кермесі

    Дұрыс жауап: Центромера

  20. Жарықтың әсерінен судың ыдырауы:

    Дұрыс жауап: фотолиз

  21. Жапырақ шығармайтын көпжылдық жерасты өркен:

    Дұрыс жауап: тамырсабақ

  22. Өрмекшілердің тыныс алу мүшесі:

    Дұрыс жауап: демтүтік, өкпе қапшығы

  23. Есту мүшесі ішкі құлақтан тұратын жануарлар:

    Дұрыс жауап: балық

  24. Үш түбірлі тіс:

    Дұрыс жауап: үстіңгі жақ сүйектегі үлкен азу тістер

  25. Жалаң қызыл мияны қолданады:

    Дұрыс жауап: жөтелге

  26. Г.Мендельдің өз зерттеулерінде қолданған әдісі:

    Дұрыс жауап: гибридологиялық

  27. Адамның мойын омыртқаларының саны:

    Дұрыс жауап: 7

  28. Қимыл-қозғалыстың азаюы:

    Дұрыс жауап: гиподинамия

  29. Теріде болатын ерекше заттардан күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзілетін витамин:

    Дұрыс жауап: D

  30. Күрделігүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің ортақ белгілері:

    Дұрыс жауап: жемісі айдарлы тұқымша, гүлшоғыры себет, тостағанша болмайды

  31. Мақта өсімдігінде бактерия әсерінен туындайтын ауру:

    Дұрыс жауап: гоммоз

  32. Тірек-қимыл жүйесіне жатады:

    Дұрыс жауап: бұлшықет

  33. Ерте замандардан бері сақталып келе жатқан балықтардың көне өкілі:

    Дұрыс жауап: латимерия

  34. Терінің дерма қабатын түзетін ұлпа:

    Дұрыс жауап: дәнекер

  35. Қаны ұйымайтын адамның қанындағы болмайтын нәруыз:

    Дұрыс жауап: глобулин

  36. Сіңір нәруызы:

    Дұрыс жауап: коллаген

  37. Хлорофилл құрамына кіретін элемент:

    Дұрыс жауап: магний

  38. Асқазанда пепсин ферментін белсендіретін қышқыл:

    Дұрыс жауап: тұз қышқылы

  39. Қарағайлы ормандағы төсемікте өсетін қыналардың түстері

    Дұрыс жауап: Ақшыл-жасыл

  40. Пияздың ұрығы

    Дұрыс жауап: Үш қырлы, бұжырлы ұсақ

  41. Ақсу-Жабағылы қорығында қорғалатын жорғалаушы:

    Дұрыс жауап: сарлан

  42. Қырықбуыннан дәрілік шикізат ретінде жинайды:

    Дұрыс жауап: жасыл сабақтарын

  43. Шоғал дегеніміз:

    Дұрыс жауап: балықтың аталық безінен бөлінетін сұйықтық

  44. «Популяция» терминін ғылымға алғаш рет енгізген ғалым:

    Дұрыс жауап: В.Иогансен

  45. Аталық бездерден түзілетін жасуша:

    Дұрыс жауап: сперматозоидтар

  46. Бактерия жасушасы бөлінеді:

    Дұрыс жауап: 20 минут сайын

  47. Екі жасқа келгендегі бала тісінің саны:

    Дұрыс жауап: 20

  48. Дихотомиялық кілттерді ең алғаш ұсынған ғалым:

    Дұрыс жауап: Ж. Б. Ламарк

  49. Сүйектің негізгі нәруызы:

    Дұрыс жауап: оссеин

  50. Қырықбуыннан дәрілік шикізат ретінде қай бөлігі жиналады?

    Дұрыс жауап: Жасыл сабақтарында