Физика: Біліктілік тестілеу (ОЗП)
220 сұрақ · 1-бет, барлығы 5 бет
Жинақ туралы
«Біліктілік тестілеу (ОЗП)» бөліміндегі «Физика» жинағында дұрыс жауаптары бар 220 сұрақ бар. Тапсырма түрлері: бір жауабын таңдау — 210, бірнеше дұрыс жауабы бар — 10.
Педагогтердің біліктілік тестілеуі пәндік білімді, білім туралы заңнаманы және педагогикалық шеберлікті тексереді. Дұрыс жауаптары бар сұрақтар тестілеуге дейін өзін-өзі тексеруге пайдалы.
Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.
Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.
Шеңбер бойымен тұрақты жылдамдықпен қозғалған дененің центрге тартқыш үдеуі шеңбердің радиусын үш есе азайтқанда қалай өзгереді?
Дұрыс жауап: 3 есе азаяды
Қатаңдығы 600 Н/м серіппеге массасы 400 г денені ілгендегі ұзаруы қандай?
Дұрыс жауап: 6,7 мм
Идеал жылу двигателінің пайдалы әсер коэффициенті 52 % -ке тең және қыздырғыштың температурасы 569 К болса, салқындатқыштың температурасы қандай?
Дұрыс жауап: 273 К
Конденсатордың заряды 400 мкКл, астарларындағы кернеу 500 В болғанда конденсатордың энергиясы қандай?
Дұрыс жауап: 0,1 Дж
Мұз кесегі алақанда еріп кетті. Дұрыс ұйғарымды көрсет:
Дұрыс жауап: мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері өзгермеді
Өткізгіш арқылы тұрақты ток жібергенде оның айналасында магнит өрісі пайда болады. Ол қағаз бетіндегі ұсақ темір ұнтақтарының орналасуынан және магнит тілшенің бұрылуынан байқалады. Қандай жағдайда магнит өрісі жойылып к…
Дұрыс жауап: өткізгіштегі токты өшіріп тастаса
Жасыл жапыраққа қызыл шыны арқылы қарасақ, бізге ол қандай түспен көрінеді?
Дұрыс жауап: қара
Температурасының өсуіне қарай, өткізгіш кедергісі:
Дұрыс жауап: артады
Жарық сәулесі дегеніміз:
Дұрыс жауап: жарық энергиясы таралатын бағытты көрсететін сызық
Атомның ядролық моделін жасау үшін Резерфордқа қай тәжірбиенің көмегі тиді?
Дұрыс жауап: металл фольгадан альфа-бөлшектердің шашырауын бақылау
Электрондардың таралуында толқындық қасиеттерін ашқан ғалым:
Дұрыс жауап: Де Бройль
Қаныққан бу деген не?
Дұрыс жауап: сұйықпен динамикалық тепе-теңдікте тұрған бу
Кедергілері 20 Ом болатын екі өткізгіштерді бірінші рет тізбектей одан кейн параллель кернеуі тұрақты желіге қосқанда ток күші қалай өзгереді?
Дұрыс жауап: 4 есе өседі
Катушканың орам саны 2000. Онда магнит ағыны өзгерісі нәтижесінде пайда болағн индукция электр қозғаушы күші 200 В-қа тең. Катушка арқылы 0,01 с ішінде өтетін магнит ағынының өзгерісін анықтаңыз:
Дұрыс жауап: 1 мВб
Торичелли тәжірибесіндегі сынаптың орнына, су пайдаланса трубкадағы су деңгейінің биіктігі қанша болады? Атмосфералық қысым 105 Па.
Дұрыс жауап: 10 м
Денені 10 м биіктікке қозғалыс бағытымен бағыттас 400 Н күшпен тік жоғары көтерілген. Сол кездегі атқарылған жұмыс:
Дұрыс жауап: 4 кДж
Массасы 1 кг, жылдамдығы 3 м/с арбашаның кинетикалық энергиясы 2 есе артуы үшін атқарылатын жұмыс:
Дұрыс жауап: 4,5 Дж
Егер қыздырғыш пен салқындатқыштың температураларын 2 есе кемітсе, онда қозғалтқыштың ПӘК-і:
Дұрыс жауап: өзгермейді
Төменде айтылған тұжырымның қайсысы дұрыс емес?
Дұрыс жауап: Дене - Жер жүйесінің потенциалдық әсерлесу энергиясы әр уақытта оң шама болады
Төменде көрсетілген қайсы физикалық шамалар арқылы, фотон импульсын анықтауға болады?
Дұрыс жауап: Планк тұрақтысы, толқын ұзындығы.
Теннис добын вертикаль жоғары қарай 10 м/с жылдамдыкпен лақтырды. Доптың ең жоғары көтерілу биіктігін анықтаңыз:
Дұрыс жауап: 5 м
Адам су ішінде тұр. Адам демін ішне алғанда Архимед күші қалай әсер етеді?
Дұрыс жауап: артады
Қорғасын оқ 200 м/с жылдамдықпен ұшып келіп, дуалға соғылды. Егер оқтың кинетикалық энергиясының 78 %-і ішкі энергияға айналса, оның температурасы неше градусқа өзгереді?
Дұрыс жауап: 120 К
Екі газдың температурасы бірдей болғанда оттегі молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы сутегі молекуласының орташа квадраттық жылдамдығынан неше есе аз болады?
Дұрыс жауап: 4 есе
Биіктігі 200 м жардан бастапқы жылдамдықсыз тас құлайды. Қанша уақыттан кейн жар үстіндегі бақылаушы тастың түскенің естиді?
Дұрыс жауап: 7 c
Қабырғалары 10 см-ге тең шаршының төбелерінде зарядтары 100 нКл төрт бірдей зарядтар орналасқан. Жүйенің потенциалдық энергиясы анықтаңыз:
Дұрыс жауап: 4,87 мДж
Конденсатордың заряды 400 мкКл, астарларындағы кернеу 500 В болғанда конденсатордың энергиясы қандай?
Дұрыс жауап: 0,1 Дж
Өткізгіш арқылы тұрақты ток жібергенде оның айналасында магнит өрісі пайда болады. Ол қағаз бетіндегі ұсақ темір ұнтақтарының орналасуынан және магнит тілшенің бұрылуынан байқалады. Қандай жағдайда магнит өрісі жойылып к…
Дұрыс жауап: өткізгіштегі токты өшіріп тастаса
Мұз кесегі алақанда еріп кетті. Дұрыс ұйғарымды көрсет:
Дұрыс жауап: мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері өзгермеді
Ішінде картофель қайнап жатқан суы бар кастрюльге бір қасық тұз салады. Төмендегі жауаптар ішінен дұрысын таңда:
Дұрыс жауап: тұз картофель ішіне диффузия нәтижесінде енеді
Газ 300Дж жылу мөлшерін алғанда, ішкі энергиясы 200Дж артты. Газ істеген жұмыс неге тең?
Дұрыс жауап: 100Дж
Тұрақты магнитті жақындатсақ катушкада ток пайда болады. Бұл құбылыс қалай аталады?
Дұрыс жауап: электромагниттік индукция
Қаныққан бу деген не?
Дұрыс жауап: сұйықпен динамикалық тепе-теңдікте тұрған бу
Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгішке әрекет ететін күш:
Дұрыс жауап: Ампер күші
Әлемнің геоцентрлік жүйесіне жатпайтын тұжырым:
Дұрыс жауап: Ай Күнді айнала қозғалады
Векторлық физикалық шаманы көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: импульс
Дене горизонталь бағытта 15 м биіктіктен 20 м/с жылдамдықпен лақтырылды. Дененің ұшу алыстығы қандай?
Дұрыс жауап: 34 м
Трансформатордың бірінші орамындағы ток күші 15 кА оның ұшындағы кернеу 1.1 кВ, екінші орамдағы ток күші 1500 А болса ұштарындағы кернеу қандай және трансформация коэффиценті неге тең?
Дұрыс жауап: 11 кВ; 0,1
Көлемі 0,5 л газдың массасы 3 г, ал молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 500 м/с. Осы газ молекулалары ыдыс қабырғасына қандай қысым түсіреді?
Дұрыс жауап: 100 кПа
Егер жапқыш кернеу 1,5 В-қа тең болса, онда катодтан жұлып шығарылған фотоэлектрондардың ең үлкен кинетикалық энергиясы неге тең?
Дұрыс жауап: 1,5 эВ
Массасы 1 кг, жылдамдығы 3 м/с арбашаның кинетикалық энергиясы 2 есе артуы үшін атқарылатын жұмыс:
Дұрыс жауап: 4,5 Дж
Құлаған дененің кинетикалық энергиясы, траекторияның белгілі бір нүктесінде 9Дж, ал потенциалдық энергиясы үш есе аз. Дене Жер бетіне жеткенде толық механикалық энергиясы неге тең? (Ауаның кедергі күші ескерілмесін)
Дұрыс жауап: 12 Дж
Тізбек бөлігі параллель жалғанған 9 және 6 Ом резистордан және тізбектей жалғанған 12 Ом резистордан тұрады. Тізбек ұшына берілген кернеу 24В. Кедергісі 9 Ом резистордағы тоқ күші неге тең?
Дұрыс жауап: 0,62 А
ансформатор екінші реттік орамасына, идеал вольтметр қосқанда көрсетуі 10 В болды. Трансформатордың бірінші реттік орамасындағы кернеу амплитудасын анықта: (Трансформатордың бірінші орам саны 200, екіншідегі 50)
Дұрыс жауап: 40 В
Теннис добын вертикаль жоғары қарай 10 м/с жылдамдыкпен лақтырды. Доптың ең жоғары көтерілу биіктігін анықтаңыз:
Дұрыс жауап: 5 м
Ацетилен жанғанда бөлініп шыққан жылу мөлшері, 10 кг метан жанғандағы жылу мөлшеріне тең болуы үшін қажет ацетиленнің массасын анықтаңдар. Ацетиленнің меншікті жану жылуы 49 МДж/кг, метанның меншікті жану жылуы 55 МДж/кг…
Дұрыс жауап: 11,2 кг
Көлденең жазықтықта екі тік бағана орналасқан. Бірінші бағананың биіктігі 200 см, ал оның көлеңкесінің ұзындығы 1 м. Егер екінші бағананың көлеңкесінің ұзындығы 80 см болса, оның биіктігін есепетеңдер. Жарық көзін Күн де…
Дұрыс жауап: 160 см
Автомобиль қозғалыс уақытының үштен бір бөлігін сағатына 90 км, қалғанын сағатына 60 км жүріп өтті. Барлық жолдағы орташа жылдамдығы қандай?
Дұрыс жауап: 70 км/сағ
Абсолют температурасы 1,4 есе өскенде, газдың көлемі 40 мл-ге өсті. Газдың бастапқы көлемі қандай? 100 мл
Дұрыс жауап: 100 мл
Қыздырғыш пен суытқыштың абсолют температурасын 2 есе арттырса, идеал жылу машинасының ПӘК-і қалай өзгерді?
Дұрыс жауап: Өзгермейді