Дүниежүзі тарихы: Біліктілік тестілеу (ОЗП)
204 сұрақ · 1-бет, барлығы 5 бет
Жинақ туралы
«Біліктілік тестілеу (ОЗП)» бөліміндегі «Дүниежүзі тарихы» жинағында дұрыс жауаптары бар 204 сұрақ бар. Тапсырма түрлері: бір жауабын таңдау — 201, бірнеше дұрыс жауабы бар — 3.
Педагогтердің біліктілік тестілеуі пәндік білімді, білім туралы заңнаманы және педагогикалық шеберлікті тексереді. Дұрыс жауаптары бар сұрақтар тестілеуге дейін өзін-өзі тексеруге пайдалы.
Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.
Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.
Всеволод Юрьевич Большое Гнездо (1176-1212) тұсында орыс жерінің саяси дамуына әсерін тигізген кінәздік:
Дұрыс жауап: Владимир-Суздаль
XIX ғ. II ж. Қытайды шетелдіктерге тәуелді, жартылай отар елге айналдырған келісім:
Дұрыс жауап: Тяньцзинь
843 жылы Франк империясын бөлісу жөнінде келісім жасалған қала:
Дұрыс жауап: Верден
Экономика ұғымы пайда болды:
Дұрыс жауап: Ежелгі Грекияда
Экономикалық жүйенің түрлері:
Дұрыс жауап: дәстүрлі, нарықтық, жоспарлы
Ислам әлеміне қарсы крест жорығын бастаған Рим папасы:
Дұрыс жауап: II Урбан
Крест жорықтарын ұйымдастырудағы католик шіркеуінің көздеген мақсаттарының бірі:
Дұрыс жауап: Бытыраңқы Еуропадағы саяси билікті өз қолына алу
Бірінші крест жорығының нәтижесінде құрылған мемлекеттердің бірі:
Дұрыс жауап: Эдесса графтығы
Үнді сандарын пайдаланып, алгебраның негізін салды:
Дұрыс жауап: арабтар
Жердің күнді айналатындығы туралы болжам айтқан ортаазиялық ғалым:
Дұрыс жауап: әл-Бируни
1973 ж. желтоқсанда Таяу Шығыстағы шиеленісті бейбіт жолмен реттеу мақсатымен ашылған конференция:
Дұрыс жауап: Женева
1229 жылы құрылтайда ұлы хан болып сайланған Шыңғысханның ұрпағы:
Дұрыс жауап: Үгедей
1530 ж. қабылданған "Аугсбургтік дін ұстану" деген құжат бойынша:
Дұрыс жауап: шіркеудің бастығы жергілікті кінәз деп есептелінді
Англиядағы 1653-1659 жж. мемлекетті басқару түрі:
Дұрыс жауап: протекторат
Ф. Д. Рузвельттің бастамасымен1941 жылы 11 наурызда қабылданған заң:
Дұрыс жауап: "Ленд-лиз"
1925 жылы Куба лаңкестік диктаторлық режим орнатқан президент:
Дұрыс жауап: Херардо Мачадо-и-Моралес
XIX ғ. француз жазушысы В. Гюгоның діни қағидаларға наразылық, демократиялық көңіл-күйдің көрінісі болған шығармасы:
Дұрыс жауап: «Париждік Әулие Ана шіркеуі»
1589-1830 жж. Француз тағында отырған әулет:
Дұрыс жауап: Бурбон
Будда ұсынған философиялық сипаты бар ереже (-лер):
Дұрыс жауап: барлығы өзгереді, ешқандай тұрақты нәрсе жоқ
Әскери міндеткерлік немесе жалдану арқылы әскери қызметке қабылданған адам:
Дұрыс жауап: рекрут
680 жылы Византияның солтүстік-шығысында құрылған алғашқы славян мемлекеті:
Дұрыс жауап: Болгария
«Саяси экономия мен салық салу бастаулары» атты еңбектің авторы:
Дұрыс жауап: Д. Рикардо
Үнді сандарын пайдаланып, алгебраның негізін салды:
Дұрыс жауап: арабтар
1095 жылы II Урбан папа дінбасылар мен халықтың алдында сөйлеген сөзінде:
Дұрыс жауап: Иса табыты жатқан Иерусалимді мұсылмандардан азат етуге шақырды
Адамдар арасындағы материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, алмастыру мен тұтыну:
Дұрыс жауап: экономикалық қатынастар
1095 жылы Клермон қаласында (Франдия) шіркеу жиынында мыңдаған дінбасылар мен халықтың алдында сөз сөйлеген Рим папасы:
Дұрыс жауап: II Урбан
1858 ж. Ресей мен Қытай арасындағы Айгүн келісімшартының нәтижесінде:
Дұрыс жауап: Пекинде тұрақты орыс өкілдігі ашылды
Кресшілердің Жерорта теңізі жағалауында құрған мемлекет:
Дұрыс жауап: Иерусалим корольдігі
ХХ ғасырдың 20 жылдарында Төрт держава келісіміне қол қойған:
Дұрыс жауап: Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Италия
Қытайда қағаз пайда болды:
Дұрыс жауап: Б.з.б. ІІ ғасырда
Орта ғасырларда феодалдары «менің бағыныштымның бағыныштысы маған бағынышты емес» деген қағиданы ұстанған ел:
Дұрыс жауап: Франция
Осман империясында жүргізілген Танзимат реформасының мерзімі:
Дұрыс жауап: 1859-1879 жылдар
Антикалық философияның гүлденуі (б.з.д. V-IV ғғ.) кезеңіне жататын атақты философ:
Дұрыс жауап: Платон
Ежелгі замандағы Қытай философиясының сипатты белгілерінің бірі:
Дұрыс жауап: идеализмнің материализмнен басымдығы
Батыс елдерінде саяси теорияның бихевиористік тұғырнамасы пайда болды:
Дұрыс жауап: XX ғ. алғашқы онжылдығында
ҒТП-ның кемшіліктерін анықтаңыз: І. Адамның күнделікті мәселелерін оңтайландыруы ІІ. Қырып-жою құралдарының жаңа түрлерінің пайда болуы ІІІ. Адамның табиғат күштері алдында дәрменсіз бола бастауы IV. Адам қызметін машина…
Дұрыс жауап: ІІІ, І
Ежелгі үнді философиясында йога мектебінің негізін салған кемеңгер:
Дұрыс жауап: Патанджали
Францияда "Адам және азамат құқықтарының декларациясы" қабылданды:
Дұрыс жауап: 1789 жылы
Англиядағы 1653-1659 жж. мемлекетті басқару түрі:
Дұрыс жауап: протекторат
Ұлы Новгород кінәздігі жерінде орналасқан қала:
Дұрыс жауап: Псков
1929-1933 жж. экономикалық дағдарыс кезінде АҚШ-ты күйзелістен алып шыға алмаған ел басшысы:
Дұрыс жауап: Г. Гувер
1771 жылы Англияда алғашқы жіп иіру фабрикасын ашқан өнертапқыш:
Дұрыс жауап: Ричард Аркрайт
Әскери міндеткерлік немесе жалдану арқылы әскери қызметке қабылданған адам:
Дұрыс жауап: рекрут
Халықаралық үкіметтік емес құқық қорғау (табиғатты қорғау) ұйымы:
Дұрыс жауап: Гринпис
Қай жылы Хауард Картер басқарған археологтар тобы Патшалар алқабынан бұрын ашылмаған Тутанхамон перғауынның табытханасын ашты?
Дұрыс жауап: 1922 ж.
Гомердің ең танымал шығармалары қайсы?
Дұрыс жауап: «Илиада», «Одиссея»
Шамамен б.з.д. қай жылы Ніл аңғарында әлемнің ең көне мемлекеттерінің бірі — Египет мемлекеті пайда болды?
Дұрыс жауап: б.з.д. 3000 ж.
Египеттегі ең көне Гиза қаласында Хеопс (Хуфу) перғауынға арналған Ұлы пирамида шамамен қай жылы салынған?
Дұрыс жауап: б.з.д. 2600 ж
Император Константин Рим империясының астанасын Византий қаласына көшіруінің басты себебі қандай болды?
Дұрыс жауап: Шығыс аймақтардың экономикалық жағынан жақсы дамуы және қолайлы географиялық орны
Спарталықтар жергілікті ахей тайпаларын қандай әлеуметтік топқа айналдырды?
Дұрыс жауап: Илоттар