Қазақ тілі: Біліктілік тестілеу (ОЗП)
337 сұрақ · 2-бет, барлығы 7 бет
Дербес дауыстылар қатарына жатпайтын дыбыстар
Дұрыс жауап: и,у
Деректі зат есім.
Дұрыс жауап: Жолдас.
Ауыспалы келер шақ қатысқан сөйлем.
Дұрыс жауап: Біз айтқанды орындаймыз.
Күрделі зат есімдер қатары
Дұрыс жауап: Ақтөбе, сауыт – сайман
Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан себеп-салдар салалас құрмаласты табыңыз:
Дұрыс жауап: Олар уәделі жерге кешігіп жетті, өйткені көлік таппай қатты қиналыпты.
Негізгі есімдерге тіркесіп, тіркескен сөзіне көлемдік мағына үстеп, оның мекенін, айналасын дәлелдеп көрсететін есімдер.
Дұрыс жауап: Көмекші есім.
«Шиыршық атты» тұрақты тіркесінің мағынасын анықтаңыз:
Дұрыс жауап: қатуланды
Бірігу арқылы жасалған күрделі етістік
Дұрыс жауап: Сөйтіп, апар
Кемінде екі не одан көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобын белгілеңіз:
Дұрыс жауап: үйірлі мүше
Мінезі де, түрі де – бәрі өзім. Сызықшаның қойылу себебі
Дұрыс жауап: жалпылауыш сөздің алдынан қойылған
Көп нүктенің орнына қойылатын тиісті қыстырма сөз Егіннің өсуі ... ғажап екен.
Дұрыс жауап: Расында
Қаратпа сөзге байланысты қойылған тыныс белгісінің дұрысы
Дұрыс жауап: – Шүкір, хан ием!
Құрмалас сөйлемнің түрі Тыста мұның қолын артына байлап, бір семіз шабдар атқа мінгізді де,артына Төлепберді қарғып мініп алды.
Дұрыс жауап: аралас құрмалас
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда,негізгі өзгеріс неге қатысты болады
Дұрыс жауап: төл сөздің тұрлаулы мүшелеріне
«Шешендікті арнайы оқыту арқылы қалыптастыруға болады» деген қағиданы дәйектеген ойшыл
Дұрыс жауап: Квинтилиан
«Қайықта» сөзінің буыны
Дұрыс жауап: ашық буын, бітеу буын, ашық буын
Жіктеу есімдігі
Дұрыс жауап: біреу
Сөз ішінде немесе сөз аралығындағы көрші дыбыстардың бір-біріне ықпалы.
Дұрыс жауап: Дыбыс үндестігі.
Бейнелеуіш сөздер қатарын анықтаңыз.
Дұрыс жауап: Жылт-жылт, кілт.
Өздік етістің жұрнақтары анықтаңыз.
Дұрыс жауап: -н, -ын, -ін.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
Дұрыс жауап: Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты.
Қатыстық сын есімдерді анықтаңыз.
Дұрыс жауап: Әлді, көтеріңкі.
Жанама толықтауыш
Дұрыс жауап: Алтын алма, білім ал
Сөйлемнен үстеуді табыңыз. Көксерек тамаққа өлгенше ашқарақ болды.
Дұрыс жауап: Өлгенше.
Көсемшені табыңыз.
Дұрыс жауап: Кеткелі.
Күшейткіш демеулік шылау.
Дұрыс жауап: -ақ, -ай, -ау.
Жіктеу есімдігі:
Дұрыс жауап: сен
Сөз аралығындағы ілгерінді ықпал
Дұрыс жауап: Машина гүрілі жақындай берді.
Мінезі де, түрі де – бәрі өзім. Сызықшаның қойылу себебі
Дұрыс жауап: айқындауыш сөзден кейін қойылған
Жіктеу есімдігі
Дұрыс жауап: саған
Үйірлі мүшені табыңыз.
Дұрыс жауап: Досы көпті жау алмайды
Буын үндестігіне бағынбай тұрған күрделі сөзді табыңыз.
Дұрыс жауап: ақсүйек
Архаизм болатын сөздерді көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: түмен,дағара,асадал
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған үстеуді табыңыз.
Дұрыс жауап: қырын, ысырапсыз, шикілей
Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
Дұрыс жауап: Бұл істің шындығын не көзбен көрген айтар, не құлағымен естіген айтар.
Қарсы мағыналас мақалды көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Сиыр мүйізді өгізде күш болмайды, өгіз мүйізді сиырда сүт болмайды.
Семантикалық процестердің негізінде есімдікке ауысқан сөздерді көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: бір, біреу
Күшейткіш демеулік шылау.
Дұрыс жауап: Әрі.
Тұрақты тіркестердің ғылыми атауы
Дұрыс жауап: фразеологизм
Есімше тұлғалы бұрынғы өткен шақ
Дұрыс жауап: Күн ұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған
Болжалды сан есім
Дұрыс жауап: жетпіс - сексен
Екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған, бір ғана мағынаны білдіретін тіркес түрі
Дұрыс жауап: тұрақты тіркес
Реттік сан есім.
Дұрыс жауап: Тоғызыншы.
Шылауы бар сөз
Дұрыс жауап: барамысың
Өлеңде бір немесе бірнеше жолдан тұратын, бір ойды немесе сезімді білдіретін бөлімше.
Дұрыс жауап: Тармақ
«Шешеннің парызы- шындықты айту» даналық сөздің авторы
Дұрыс жауап: Платон
Ортақ етісті сөйлем
Дұрыс жауап: Біз колхозда қора сыластық, егін жинастық.
Бірыңғай толықтауыштар қатысқан сөйлем
Дұрыс жауап: Ол әндер ерлікті де, елдікті де, сұлулықты да сыйдырған.
Мақсатты келер шақта тұрған етістік
Дұрыс жауап: Олардан бұрын кірмек
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда,негізгі өзгеріс неге қатысты болады
Дұрыс жауап: төл сөздің тұрлаулы мүшелеріне