Бастауыш сыныптар: Біліктілік тестілеу (ОЗП)
180 сұрақ · 1-бет, барлығы 4 бет
Жинақ туралы
«Біліктілік тестілеу (ОЗП)» бөліміндегі «Бастауыш сыныптар» жинағында дұрыс жауаптары бар 180 сұрақ бар. Тапсырма түрлері: бір жауабын таңдау — 160, сөйлемдегі бос орындарды толтыру — 9, сәйкестендіру — 7, жауапты өзі енгізу — 3, бірнеше дұрыс жауабы бар — 1.
Педагогтердің біліктілік тестілеуі пәндік білімді, білім туралы заңнаманы және педагогикалық шеберлікті тексереді. Дұрыс жауаптары бар сұрақтар тестілеуге дейін өзін-өзі тексеруге пайдалы.
Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.
Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.
«Эпитет» деп нені айтамыз?
Дұрыс жауап: бір нәрсенің айрықша сипатын анықтау үшін оны көркейтетін, айқындайтын бейнелі көркемсөз
«Кейіптеу» деп нені айтамыз?
Дұрыс жауап: табиғат құбылыстарын адам кейпіне келтіріп суреттеу
«Аяз бен Қыдыр» шығарманың жанрлық ерекшелігін көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: айтыс
Екі ыдысқа шырын құйылған. Екінші ыдыстағы шырынның мөлшері біріншідегіге қарағанда 2 есе артық. Әр ыдыстан 10 литрден шырын құйып алғанда, екінші ыдыста біріншіге қарағанда 3 есе артық шырын қалды. Алғашқыда бірінші ыды…
Дұрыс жауап: 20 л
«Өзімнің» сөзін сөз құрамына талдаңыз:
Дұрыс жауап: түбір сөз, тәуелдік жалғауы, ілік септігі
Қосымшасы дұрыс жалғанған сөз:
Дұрыс жауап: ансамбльге
«...Бірде Абайлардікіне екі бөгде қонақ келіп қонды: бірі-қартаң, екіншісі жас қонақ. Жасын Абай таниды. Ол былтыр жайлауға келіп, осы үйде үш күндей жатып, «Қозы Көрпеш – Баян сұлуды» жырлап берген «Байкөкше» деген жырш…
Дұрыс жауап: Барлас
Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған ұстаз, ақын, ғалым адамды атаңыз:
Дұрыс жауап: Ахмет Байтұрсынұлы
Болымсыз етістік жазылған қатарды көрсет:
Дұрыс жауап: бара алмады
92:4∙5 өрнегіндегі бөлінгіштен екі есе кем санды көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: 46
Есепте: 4 сағ 18 мин • 950 – 182 сағ 24 мин : 12
Дұрыс жауап: 4069 сағ 50 мин
Параллель түзулер дегеніміз:
Дұрыс жауап: ешқашан қиылыспайтын түзулер
«Қарт әке-шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін. Өзімнен туған балаларды оқытуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардың бо…
Дұрыс жауап: «Малды пайдаға жарату», Ы. Алтынсарин
Дауыссыз дыбыстары тек ұяң болып тұрған сөздер қатарын көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: Ғазиз, жазба
Жіптің ұзындығы 8 дм. Оның төрттен бір бөлігі кесіп алынды. Неше сантиметр жіп қалды?
Дұрыс жауап: 60 см
504 : 9 өрнегінің мәні:
Дұрыс жауап: 56
«Барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық шығармашылығының ерекше бір саласын құрайды» деп М. Әуезов сипаттаған жанр:
Дұрыс жауап: аңыз
Дұрыс тасымалданбаған қатарды анықтаңыз:
Дұрыс жауап: тау-ық, таң-ертең
«Күлкіге, әзіл-сықаққа құрылған шығарма» қалай аталатынын белгілеңіз:
Дұрыс жауап: Сатира
«Әнет баба өсиеті» мәтіні қай жанрға жатады?
Дұрыс жауап: шешендік сөз
Барлық нүктелері центрден бірдей қашықтықта орналасқан, сызықпен шектелген жазық фигура:
Дұрыс жауап: дөңгелек
Бүркіт Ысқақовтың «Жас техник» өлеңін оқытуда Абай Құнанбаевтың төмендегі өлеңдерінің қайсысымен байланыстыруға болатынын атаңыз:
Дұрыс жауап: Ғылым таппай мақтанба
«Том Сойердің басынан кешкендері» шығармасының авторы:
Дұрыс жауап: Марк Твен
Халық дәстүрінде адамға құрмет көрсетудің жолдары көп. Соның бірі – әйел адамдардың қайынаға, қайны, қайынсіңлісінің атын атамай, өзінше лайықты ат беруі. Мұндай ұлттық дәстүр қалай аталады?
Дұрыс жауап: ат тергеу
Сөйлемде толықтауыш қызметін атқарып тұрған үстеуі бар сөйлемді көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: Кешегіні айттың ба?
«Ой пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы» қалай аталатындығын көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: мәтелдер
М. Әлімбайдың «Он саусақ» өлеңіндегі негізгі ойды көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: еңбекқорлық
Пиктограмма деп нені айтамыз?
Дұрыс жауап: «Затты белгілеу үшін қолданылатын сурет немесе таңба»
Арман ауласына аралығы 5 м болатын бір қатарға 8 ағаш отырғызды. Бірінші ағаш пен сегізінші ағаштың аралығы неше метр болады?
Дұрыс жауап: 35 м
«х пен 286-ның айырмасы 342 мен 4 -тің көбейтіндісіне тең» деген теңдеудің шешімін көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: 1654
«Шығармада кейіпкердің сыртқы түрінің, кескін-келбетінің суреттелуі» қалай аталатынын көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: портрет
Берілген сөйлемнен барыс септігіндегі сөзді табыңыз. «Бір түлкі жүзімге тойып, баудан шығып келе жатады.»
Дұрыс жауап: жүзімге
« < » (кем) таңбасы қойылатын қатар:
Дұрыс жауап: 85031 : 23 * 85054 : 23
16000 + 500 + х = 20000 теңдеуінің мәнін анықтаңыз:
Дұрыс жауап: 3500
Бөлінгіш 849, бөліндінің мәні 21, қалдық 9. Бөлгішті тапбыңыз:
Дұрыс жауап: 40
Маусым айында қызанақтың бағасы 300 теңге болды. Шілде айында оның бағасы 40%-ға төмендеді. Шілде айында 5 кг қызанақ сатып алу үшін қанша ақша төлеу қажет?
Дұрыс жауап: 900 тг
Берілген мәтіндегі қате жазылған сөз: «Түркістан – қасиетті қала. Ондағы тайғазан – көне ескерткіш. Ол жеті түрлі металдан жасалған. Салмағы екі тонна.»
Дұрыс жауап: тайғазан
Көркем әдебиетте суреттелген табиғат көрінісі қалай аталады?
Дұрыс жауап: пейзаж
«Табиғат» сөзіне шығыс септігінің жалғауы жалғанған сөзі бар сөйлем:
Дұрыс жауап: Адамды табиғаттан бөліп қарауға болмайды.
«Ақын, аудармашы, драматург. «Құлагер» поэмасын жазған.» деген жолдар кімге қатысты айтылған?
Дұрыс жауап: І. Жансүгіров
Оқу орталығында балалардың 69-ы шахмат үйірмесіне, одан 3 есе кем бала ағылшын тілі үйірмесіне қатысты. Ал шахмат пен ағылшын тілі үйірмелеріне қанша бала қатысса, сонша бала көркем сөз үйірмесіне қатысты. Барлығы неше б…
Дұрыс жауап: 184
Миллиондар класының 56 бірлігі және мыңдар класының 431 бірлігі болатын санды анықтаңыз:
Дұрыс жауап: 56431000
Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз:
Дұрыс жауап: Япыр-ай, меніңше, Қанат, сенікі дұрыс емес.
«Терең ойға құрылған көлемі шағын нақыл сөздер» қалай аталады?
Дұрыс жауап: қанатты сөздер
Қосымшасы дұрыс жалғанған сөз:
Дұрыс жауап: ансамблін
Түбір сөзден тұратын сөзді табыңыз:
Дұрыс жауап: кілем
Қосымша жалғанған кезде жазылуы өзгерген түбір сөзді анықтаңыз:
Дұрыс жауап: халқы
«Желбау» сөзінің мағынасына сәйкес келетін қатарды көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асып қоятын ою-өрнекті, шашақты құр
«Белгілі буын өлшемі бар, ырғаққа, ұйқасқа құрылған көркем сөз» деген анықтамаға сәйкес келетін жауапты белгілеңіз:
Дұрыс жауап: өлең
Дыбысталуы бірдей, білдіретін мағыналары әр басқа сөздер:
Дұрыс жауап: омоним