Қазақ әдебиеті: Біліктілік тестілеу (ОЗП)
175 сұрақ · 4-бет, барлығы 4 бет
Нақыл сөзді жалғастырыңыз. Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, ...
Дұрыс жауап: Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса
«Шариғат» - ислам дінінің қағидаларын мүлтіксіз орындау болса, «тариқат» дегеніміз не?
Дұрыс жауап: Дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту
«Шариғат» - ислам дінінің қағидаларын мүлтіксіз орындау болса, «мағрифат» дегеніміз не?
Дұрыс жауап: Негізінен дін жолын танып білу
Тарихтағы ірі тұлғалардың бірі – сақ патшайымының есімі.
Дұрыс жауап: Томирис.
Шешендік арнау
Дұрыс жауап: Үлкен алдында иіліп сөйле, Кіші алдында сызылып сөйле.
Тарихтағы ірі тұлғалардың бірі – сақ патшайымының есімі:
Дұрыс жауап: Томирис
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаның шын есімі?
Дұрыс жауап: Қожаберген
Мұқағали Мақатаевтың «Тоқта ботам, атаң келеді артыңда» өлеңі жастарды неге шақырады?
Дұрыс жауап: Бос күлкіге әуес болмай, ақылмен дос болуға
Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» атты поэмасының басты кейіпкері:
Дұрыс жауап: Абдолла Жұмағалиев
Әртүрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суреттеу:
Дұрыс жауап: гипербола
Ғ.Мұстафиннің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны:
Дұрыс жауап: Жазушы
18-19 буынды өлең жазып, өлең құрылысына жаңалық енгізген ақын:
Дұрыс жауап: Т. Айбергенов
Шешендік арнау:
Дұрыс жауап: Үлкен алдында иіліп сөйле, Кіші алдында сызылып сөйле.
Өлеңнің әрбір жолы:
Дұрыс жауап: Тармақ
Смағұл Елубайдың "Жалған дүние" романы жарық көрді:
Дұрыс жауап: 2000 жыл
"Жусан иісі" повесіндегі балаларға әріп танытқан мұғалімді көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: Иманжанов
Берілген үзіндідегі көркемдегіш құралды табыңыз: Сол Алатаудай үйілген қарды алақанымен ысыра салыпты.
Дұрыс жауап: гипербола
Ботасы өлген аруананың тарамыс болған терісіне жан беріп, суалып біткен желінін сүтке толтырған өнер қасиеті, күй құдіреті қай шығармада баяндалатынын табыңыз:
Дұрыс жауап: Т. Ахтанов «Күй аңызы»
Бегабат Ұзақовтың «Жантаза» әңгімесіндегі Жантаза қай батырдың прототипі?
Дұрыс жауап: Жанқожа батыр
Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің негізгі идеясы.
Дұрыс жауап: Барлық жауап дұрыс
Театр өнерінің үлгісі байқалатын ауыз әдебиеті түрі.
Дұрыс жауап: Айтыс
Балғабек Қыдырбекұлының «Теміржолшы» әңгімесінің басты кейіпкері.
Дұрыс жауап: Әліш Үмбетов
Қасым Аманжоловтың 1939-1940 жылдары жарық көрген туындылары:
Дұрыс жауап: «Дауыл», «Нар тәуекел»
«Қоғалы көлдер, қом сулар» деген жыр жолдарындағы тіркестің қандай мағынада жұмсалғанын табыңыз:
Дұрыс жауап: жайылған, мол, адам мен малға пайдалы сулар
Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасындағы Ләйләнің бейнесін көрсеткен нұсқаны табыңыз:
Дұрыс жауап: тек бір адамның емес, бүкіл адамзаттың ар-ұжданын сынайтын бейне