Қазақ әдебиеті: Біліктілік тестілеу (ОЗП)
175 сұрақ · 2-бет, барлығы 4 бет
Ш.Уәлихановтың ең алғашқы еңбегін көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: «Қырғыздар туралы жазбалар»
Оқиғаны баяндап айтуға құрылған, қара сөзбен жазылған шағын көркем көркем шығарма түрін белгілеңіз:
Дұрыс жауап: әңгіме
«Дүниеде не өлмейді?» сұрағын қойған:
Дұрыс жауап: Әз Жәнібек
М. Қабанбайдың жақындарын бағалап, қадірлеуді үндейтін, бауырға деген мейірімділік сезімді оятатын туындысын көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: «Бауыр»
«Қыз Жібек» жырындағы «Ай мүйізді қошқардың, бөрі тартар қоңынан» – деген жолдардағы көркемдегіш құралды анықтаңыз:
Дұрыс жауап: символ
«Егіннің бастары» мысал өлеңінде бидайдың сипаты арқылы қандай теріс мінез сынға алынғанын көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: тәкаппарлық
«Алып Ер Тұңға» жырының негізгі идеясы болатын қатарды белгілеңіз:
Дұрыс жауап: Түркі жұртын ішкі ынтымаққа, бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арттыру
Қасым Аманжоловтың аудармасы:
Дұрыс жауап: А.Пушкин «Полтава»
Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңіндегі бунақ, буын саны:
Дұрыс жауап: 3 бунақ, 11 буын
Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңінің жанры:
Дұрыс жауап: көңіл күй лирикасы
«Хикаят – ұлы әңгімеден өресі қысқа, өрісі тарлау» деп анықтама берген ғалымды көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: А. Байтұрсынұлы
«Сұлтанмахмұт туралы балладаның» авторы:
Дұрыс жауап: Қасым Аманжолов
Баққожа Мұқайдың Мемлекеттік сыйлыққа ие болған шығармасы:
Дұрыс жауап: «Өмірзая» романы
Әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне. Анықтамаға сәйкес нұсқа:
Дұрыс жауап: метафора
Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романының оқиғасын қамтитын жылдар:
Дұрыс жауап: 1980 жылдар
Затты немесе құбылысты ерекше ұлғайтып суреттеу:
Дұрыс жауап: гипербола
Қорқыт ата «Байбөрі баласы – Бамсы Байрақ» жырында Байбөрі Бектің ұлына берген есімі:
Дұрыс жауап: Бозайғырлы Бамсы-Байрақ
«Қонақтар» әңгімесінде автор дәріптеген ұлттық құндылықты көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: қара шаңыраққа ие болу
Аспанды бұлт құрсайды - Күн жауарға ұқсайды. Көлдерде қулар шулайды - Көкшіліден ол айуан Соққы жегенге ұқсайды. Берілген толғаудан көріктеуіш құралды табыңыз:
Дұрыс жауап: психологиялық паралеллизм
Жыр жолдарындағы көріктеу құралдарын табыңыз: Екі арыстан жауға шапса, Оқ қылқандай шаншылса, Қан жусандай егілсе, Аққан судай төгілсе, Бетегелі Сарыарқаның бойында Соғысып өлген өкінбес!
Дұрыс жауап: метафора, теңеу
Эпифораға мысал бола алатын қатарды көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: Даналардың айтқаны келер болды, Қияметтің қияпаты төгер болды. Ақымақтар айғаймен жеңер болды.
Қазақ әдебиетінде ғылыми-фантастикалық жанр қашан қалыптасқанын белгілеңіз:
Дұрыс жауап: XX ғасырдың алпысыншы жылдары
Смағұл Елубайдың «Жалған дүние» романында Едіге айтатын «кер заман», «ұстасқан заман», «тістескен заман», «тозақ тірлік» сөздеріне тән көркемдік құрал:
Дұрыс жауап: эпитет
Астарлы меңзеу арқылы берілетін көркемдегіш сөз:
Дұрыс жауап: аллегория
Жүніс Сахиевтың «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің шешімін көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: Қоршаған ортаны қорғау
«Қап, дәл тойы күні қылжия қалғанын көрмеймісің. Қасиетсіз неме. Той үстінде кімге барып атүсті өлімді хабарлайсың.Жатсын енді менен басқа мұны әзір сезе қойған ешкім жоқ, – деген әйелдің сумақай жүйрік ойы бір сәтте шеш…
Дұрыс жауап: оқиғаның шешімі
Ш.Құдайбердиевтің атақты поэмасы
Дұрыс жауап: «Қалқаман-Мамыр»
Ыбырай Алтынсарин ашқан тұңғыш мектептің орны
Дұрыс жауап: Торғай
Күн ұлымын, қолдаушым – Күнім менің, Күннің нұры – бойыма сіңіргенім. Тұғыр бердің сен маған: «Елді ойла!» – деп, Сол тұғырдан шығады үнім менің. Үзінді алған шығарманың атауы, авторы.
Дұрыс жауап: Әкім Ысқақ. «Күн ұлымын».
Эпитеттің анықтамасы.
Дұрыс жауап: Заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын айқындайтын, анықтайтын сөз.
Зигфрид Ахметұлы Мұхтар Мағауиннің қай шығармасының кейіпкері.
Дұрыс жауап: «Бір атаның балалары».
Мұқағалиға алтын қаламын сыйға тартқан жазушы
Дұрыс жауап: Ғ.Мүсірепов
Өлең ішіндегі аяқталған бір ойды білдіретін топталған бөлшек
Дұрыс жауап: Шумақ
Дулат Исабековтің «Әпке» шығармасының жанры.
Дұрыс жауап: Пьеса.
Қынама бешпент қынадым, Әзілмен сізді сынадым. Сынамаққа біз сөзді, Әзіл қылып айтып ем. Үзінді қай жырдан алынған
Дұрыс жауап: «Қыз Жібек»
«Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың. Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың» деген мақалмен қорытатын Ыбырайдың әңгімесі
Дұрыс жауап: «Әке мен бала»
18-19 буынды өлең жазып,қазақ өлең құрылысына жаңалық енгізген ақын
Дұрыс жауап: Т.Айбергенов
«Қан мен тер» трилогиясының авторы
Дұрыс жауап: Ә.Нұрпейісов
Махамбет күйі
Дұрыс жауап: «Жұмыр қылыш»
Шешендік арнау
Дұрыс жауап: Үлкен алдында иіліп сөйле, Кіші алдында сызылып сөйле.
Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңіндегі «Дем алысы – үскірік, аяз бен қар, кәрі құдаң - қыс келіп әлек салды» деген жолдардағы қолданылып тұрған айшықтау құралы.
Дұрыс жауап: Метафора.
«Уақыт қайтарымы» өлеңінің авторы.
Дұрыс жауап: Жүніс Сахиев.
Ғ.Мұстафиннің «Ер Шойын» атты тұңғыш жинағы басылған жыл
Дұрыс жауап: 1929 жыл
Қ.Аманжоловтың Низамиден аударған шығармасы
Дұрыс жауап: «Ләйлі мен Мәжнүн»
Абай Құнанбайұлының «Сағаттың шықылдағы емес ермек» өлеңі лириканың қай түріне жатады?
Дұрыс жауап: Философиялық лирика.
Бегабат Ұзақовтың «Жантаза» әңгімесіндегі Жантаза қай батырдың прототипі?
Дұрыс жауап: Жанқожа батыр.
Төлеген Айбергеновтің болашақ өмірінің мақсаты мен арманын көрсететін өлеңі.
Дұрыс жауап: «Бір тойым бар».
«Балықшылар – бір тайпа ел, шетінен сіңірі шыққан кедей, қарға адым жерге аударылып қона алмайды...». Үзінді қай шығармадан алынған?
Дұрыс жауап: «Қан мен тер».
Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері- Ақтоты» трагедиясы жазылған жыл
Дұрыс жауап: 1945 жыл.
Қалқаман Сариннің алғашқы жыр жинағы.
Дұрыс жауап: «Арманымның бейнесі».