Ustazdyq

Қазақ әдебиеті: Біліктілік тестілеу (ОЗП)

175 сұрақ · 3-бет, барлығы 4 бет

  1. Қасым Аманжоловтың поэмасы:

    Дұрыс жауап: «Жамбыл тойында»

  2. Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесіндегі оқиғаның шиеленісуін белгілеңіз:

    Дұрыс жауап: Мұқанның төбедей болып шөп үйілген шананы қораға атсыз сүйреп кіруі

  3. «Дала, сенің ұлыңмын!» өлеңіндегі Батыраш қай шығарманың кейіпкері?

    Дұрыс жауап: «Құлагер» поэмасы

  4. Баққожа Мұқай өмір сүрген жылдары.

    Дұрыс жауап: 1948 - 2008

  5. Смағұл Елубайдың «Жалған дүние» романында қандай бейне арқылы өмірдің өткіншілігі мен материалдық құндылықтың мағынасыздығы көрсетілген?

    Дұрыс жауап: ақ боз үй

  6. «Алғашқы ұстаз» шығармасынан берілген үзінді композициялық құрылымның қай компонентінен алынғанын анықтаңыз: «Төбе басында жай ғана ырғалған қос терек қазір де көз алдымда. Оның биік бұтағына шығып отырған жалаң аяқ, жал…

    Дұрыс жауап: эпилог

  7. «Атау-кере» повесінің негізгі кейіпкерлерін атаңыз.

    Дұрыс жауап: Таған, Ерік, Айна

  8. «Мен Алтайдын сұлу табиғатын, сарқылмас байлығын танытуды мақсат етемін. Сондықтан да мен жазушы болуды армандаймын. Адам арманын алдына мақсат етіп қойса, оған жетуге тиісті. Мен де мақсатыма жетемін деп сенемін» - деп…

    Дұрыс жауап: Оралхан Бөкей

  9. Шамалап, мөлшерлеп, бөлшеп, жорамалдап деген мағына беретін көне сөз.

    Дұрыс жауап: Мұғдар

  10. Мезі болды немесе ығыр болды деген мағына беретін көне сөз.

    Дұрыс жауап: Березеп

  11. Лұғат: «Сеңке» сөзінің мағынасы қандай?

    Дұрыс жауап: Кебегінен айырылып тартылған ақбидай ұны

  12. «Әбдіраштың Жарасқаны қазақ поэзиясында сирек кездесетін құбылыстардың бірі еді. Ол рухани алтын кезеңіміз - алпысыншы жылдардын екінші жартысында әдебиет табалдырығын батыл аттап, көп ұзамай-ақ өз орнын бірден белгілеп…

    Дұрыс жауап: Темірхан Медетбек

  13. Ақмола облысындағы Атбасар қаласында дүниеге (1915-1983) келген, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагер.

    Дұрыс жауап: Ілияс Есенберлин

  14. «Құз басындағы аңшының зары» еңбегінің авторлары:

    Дұрыс жауап: Ш.Айтматов, М.Шаханов

  15. 1925 жылы Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының басшысы болып тағайындалды ... .

    Дұрыс жауап: Сәкен Сейфуллин

  16. Он жыл бопты, жугірдім астанада, Шақырса да бармадым басқа қала. Алдамшы елес сықылды үміт қуып, Он жыл бойы зар болдым баспанаға. Ақын болдым, жырладым астанам деп. Бос жүгіріп жүрмедім, босқа нан жеп. Солдат болдым, са…

    Дұрыс жауап: Үмітін үзбей, арманына жетуге сенуі

  17. Смағұл Елубайдың «Жалған дүние» шығармасының жанры:

    Дұрыс жауап: Роман

  18. Аллегория:

    Дұрыс жауап: Қайсыбір ойды немесе ұғымды бейнелі түрде, қиял арқылы көрсету

  19. «Мелдектеу» дегеніміз:

    Дұрыс жауап: Қатты тойыну

  20. «Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңылауына келіп түсерлік дңрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету ушін түрлі әдістер іс…

    Дұрыс жауап: Ахмет Байтұрсынұлы

  21. Әдебиетте прототип деп нені айтады?

    Дұрыс жауап: Шығармадағы кейіпкердің нақты өмірдегі үлгісі

  22. Үзінді алынған шығарманың атауы. «Үш күндік жолдың соңғы күніне барын салған бала шәкірт астындағы жарау құла бестіні ағызып-ағызып алып, жалпақ жазықтың белінен беліне көтеріліп, қасындағылардан оза шауып, алып ұшып кел…

    Дұрыс жауап: «Абай жолы»

  23. Төлеген Айбергеновтің болашақ өмірінің мақсаты мен арманын көрсететін өлеңі.

    Дұрыс жауап: «Бір тойым бар»

  24. Абайдың «Балалық өлді, білдің бе? Жігіттікке келдің бе? Жігіттік өтті, көрдің бе? Кәрілікке көндің бе?» шумағында қолданылған риторикалық сұрақтардың мақсаты неде?

    Дұрыс жауап: Өмірдің өткінші кезеңдерін ойлануға шақыру үшін

  25. «Құпия кеңес», «Түбінде адам болатын бала», «Ағаттықтың азабы» сияқты тараулары бар кітап:

    Дұрыс жауап: «Менің атым Қожа»

  26. Асанқайғының Жуалыны көргенде айтқан сөзін тап.

    Дұрыс жауап: Жерің семіз, шөбің шүйгін, қарың мол, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер.

  27. Асанқайғының Қарсақбайды көргенде айтқан сөзін тап.

    Дұрыс жауап: Жерің семіз, шөбің шүйгін, қарың мол, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер.

  28. Әңгімеге тән ерекшелікті тап.

    Дұрыс жауап: Барлығы дұрыс

  29. Абай қарасөздерін қай жылдар аралығында жазды?

    Дұрыс жауап: 1890-1898

  30. Қарасөздерді Абай өзі қалай атаған?

    Дұрыс жауап: Ғақлия

  31. Абайдың қарасөздері туралы мына пкіріді кім айтқанын анықта: «Абайдың қарасөздері сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар – Абайдың өзі т…

    Дұрыс жауап: М.Әуезов

  32. «Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» кітабының авторы кім?

    Дұрыс жауап: С.Мұқанов

  33. Шортанбай шығармаларының тақырыбын анықта.

    Дұрыс жауап: Заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, талауға түскен жер, қоныс мәселесі, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілердің әділет сіздігі, қиянаты, т.б

  34. «ХХ ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы?

    Дұрыс жауап: Жамбыл Жабаев

  35. Суық хабар естіген халықтың қайғылы халі, бұйрыққа қарсы шыққан жастарды патша әскеріннің абақтыға қамауы, көнбегендерін аясыз жазалап, қарусыз халықтың азаттық жолында құрбан болуы суреттелетін ақын өлеңін белгіле.

    Дұрыс жауап: «Зілді бұйрық» («Июнь жарлығы»)

  36. «Қақаған қар аралас соғып боран, Ел үрей – көк найзалы жау торыған. Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым содан» - деп қай өлеңінде жырлайды?

    Дұрыс жауап: «Менің өмірім»

  37. «Бақбақ басы толған күн», «Жиһанкез Тити», «Пысық болдым, мәнеки» сынды романдардың авторы:

    Дұрыс жауап: Марат Қабанбай

  38. 1903- 1964 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген, алғашқы өлеңдер жинағы «Жалшы» деген атпен 1928 жарық көрген жазушы, ақын, аудармашын атаңыз.

    Дұрыс жауап: Қалмақан Әбдіқадыров

  39. «Диуани хикмет» кітабындағы өлеңдер қандай ұйқасқа құралған?

    Дұрыс жауап: а-а-а-ә

  40. Жүніс Сахиевтің «Дабыл» шығрамасының жанрын көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап: Фантастикалық әңгіме

  41. «Қорқыт» жырының басты кейіпкерлері:

    Дұрыс жауап: Қазанбек, Оразбек, Бамсы-Байрақ

  42. Ақын үзінді негізінде не айтқысы келгенін тап. Ханнан қырық туғанша, Қарадан бір-ақ тусайшы, Халықтың кегін қусайшы Артымыздан біздердің Ақырып теңдік сұрарға!

    Дұрыс жауап: Кек алу, теңдік сұрау

  43. Махамбеттің «Мұнар күн» өлеңі қандай сарында жазылғанын белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Элегиялық сарында

  44. 1864 жылы Ш.Уалихановтың генерал Н.Черняевтің әскерімен басып алуға қатысқан бекініс:

    Дұрыс жауап: Әулиеата

  45. Мақалды жалғастырыңыз: «Жау жоқ деме, ...»

    Дұрыс жауап: жар астында

  46. Мақалды жалғастырыңыз: «Тоқпағы мықты болса, ...»

    Дұрыс жауап: киіз қазық жерге кірер

  47. Ақылды, сабырлы кедей жігіттің әділдігі мен тапқырлығы арқылы елге би болып, халыққа қызмет етуі туралы ертегі.

    Дұрыс жауап: Аяз би

  48. – Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға, Разымын не көрсем де осы жолда. Шаршармын, адасармын, шалдығармын, Бірақ бір табармын деп, көңілім сонда. Өлеңнің авторы кім?

    Дұрыс жауап: Сұлтанмахмұт Торайғыров

  49. Адам деген не көрмейді түсінде, Жатыр екем бүгін қабір ішінде. Дағыстанның кең аңғары, күн ыстық, Көкірегімде орнаған бір тыныштық. Асау өзен арқырайды жарды ұрып, Жұрт тараған, жалғыз мені қалдырып. Мен жатырмын үнсіз т…

    Дұрыс жауап: Расул Ғамзатов

  50. Төмендегі шығармалардың қайсысы Т. Ахтановқа тиесілі?

    Дұрыс жауап: «Күтпеген кездесу»