Ustazdyq

Қазақ әдебиеті: ГАШ

58 сұрақ · 1-бет, барлығы 2 бет

Жинақ туралы

«ГАШ» бөліміндегі «Қазақ әдебиеті» жинағында дұрыс жауаптары бар 58 сұрақ бар.

ГАШ — мектептерді мемлекеттік аттестаттау: 4 және 9-сынып оқушыларын негізгі пәндер бойынша тестілеу. Бөлімде тапсырмалардың қалай құрылатынын алдын ала көру үшін жауаптары бар сұрақтар жиналған.

Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.

Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.

  1. Өмір шындығының тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы көркемдік көрінісі –

    Дұрыс жауап: Тарихи шындық

  2. «Ердің бақыты – әйел» шешендік сөзінің кейіпкерлерін анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: Төле би, Данагүл, Алакөз, бай

  3. «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан билер қатарын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

  4. Айтыс жанрының мазмұнын ашатын анықтаманы көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: ақындардың белгілі бір тақырыптарға табан астында өлең құрап, сөз сайыстыруы

  5. «Ашуыма көп тисең, Ордаңды талқан қылып шабармын»-деген жолдарды Махамбет кімге айтқан?

    Дұрыс жауап: Баймағамбет

  6. Әбдірахман не себепті түрмеге отырды?

    Дұрыс жауап: Айнабайдың өтірік жаласынан

  7. «Бәйтерек» поэмасы қандай ұйқасқа құрылған?

    Дұрыс жауап: Қара өлең ұйқасы

  8. Алаштың әлімұлы, байұлы, жетіру дейтін үш тайпасының басын қосып, төрелік ететін «Төбе би» сайлайық деп ұсыныс айтқан биді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Тұрманбет би

  9. «Тар кезең» романында Халық кеңесінің Төбе биі етіп кімді сайлайды?

    Дұрыс жауап: Сырым би

  10. Теңіздей толқыған ел әрең басылып, тыныштық біраздан соң барып орнады. Үзіндідегі көріктеу құралын анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: Теңеу

  11. «...Арадан шыққан жау қиын, Таусылмайтын дау қиын. Шанышқылаған сөз қиын, Дәл осындай жағдайда, Пана болмас өз үйің» деп айтылған шешендік сөздер қай шығармадан берілгенін табыңыз.

    Дұрыс жауап: «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?»

  12. «...Атаңды білмес құл едің, Ататегіңді сұраса, Арқар ұранды жат едің, Қай жерінде төре едің?! Жұлдызың туды оңыңнан, Жан біткен ерді соңыңнан...» деген жолдар кездесетін толғау атауын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: «Ай, Абылай, Абылай»

  13. «Ағысы шапшаң, суы жыл бойы тартылмайды»,-деп Шоқан қай өзенді сипаттаған?

    Дұрыс жауап: Шелек

  14. «Түрлі-түрлі халық болады, Күндіз-түні жарық болады... Дүниенің жүзіне өре мен темірден жол тартылады... Адам ақысыз жұмыс істемейді, Дүниені түрлеп кестелейді», - деп толғауларында болжаған белгілі биді белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Мөңке би

  15. «Қиған қамыс құлақтан, Бір тұтамы қалыпты» деген жолдардан көркемдеуіш құрал түрін анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: литота

  16. Қазақ ауыз әдебиетінің жанры, ғибраттылық мәні, өнегелі ой-тұжырымы бар, айрықша тапқырлық танытатын нақыл сөз.

    Дұрыс жауап: Шешендік сөз

  17. «Кенесары – Наурызбай» қандай жырға жатады?

    Дұрыс жауап: Тарихи жыр

  18. «Ердің бақыты – әйел» шешендік сөзінде Данагүлдің көрсеткен әдептілігін табыңыз.

    Дұрыс жауап: Ерлердің жолын кесіп өтпеді

  19. «Кенесары-Наурызбай» дастанын 1912 жылы Қазанда жеке кітап етіп бастырған кім?

    Дұрыс жауап: Ж.Шайхисламұлы

  20. «Өтемістен туған он едік, Онымыз атқа мінгенде, Жер қайысқан қол едік...» Үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынған?

    Дұрыс жауап: «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны»

  21. «Тар кезең» романының 6-тарауында қандай оқиға сипатталатынын анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: Нұралы ханның дәрменсіздігі. Құпия хаттар

  22. «Тар кезең» романында кездесетін мақал-мәтелді белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Киіз кімдікі болса, білек те соныкі.

  23. Өлең шумағында айшықтаудың қай түрі қолданылғанын анықтаңыз. Жете алмай жерұйыққа Асанқайғы, Желдіріп желмаясын жер тауысқан

    Дұрыс жауап: Аллитерация

  24. «Бәйтерек» поэмасында түс көру мотиві неше рет кездесетінін анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: Екі рет

  25. Ұлпанды қара жорғасына мінгізіп аттандырған кім?

    Дұрыс жауап: Артықбай батыр

  26. Несіпбек Айтұлының 1974 жылы жарық көрген алғашқы жыр жинағы қалай аталады?

    Дұрыс жауап: «Қозыкөш»

  27. «Тар кезең» тарихи романы қай жылы жарыққа шықты?

    Дұрыс жауап: 2012 жылы

  28. Әнет баба айтқан үш арсызды көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: ұйқы – арсыз, тамақ – арсыз, күлкі – арсыз.

  29. «...Тоғызыншы тілек тілеңіз: Төреңіз тақтан таймасқа, Тоқсандағы қарт бабаң Топқа жаяу бармасқа...» үзіндісіндегі көркемдеуіш құрал түрін анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: аллитерация

  30. Махамбет жырларын «Ереуіл толғаулары» деп бағалаған жазушы

    Дұрыс жауап: Сәбит Мұқанов

  31. Б.Майлиннің алғашқы тырнақалды туындысы –

    Дұрыс жауап: «Шұғаның белгісі»

  32. «Өлең, мен сені аялап өтем...» өлеңіндегі құндылықтар –

    Дұрыс жауап: Жағымсыз ойдан жиркену, адамгершілікке тәрбиелеу

  33. «Тар кезең» романы неше тараудан тұратынын анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: 7

  34. «Бәйтерек» поэмасын жыраулық поэзияның жалғасы деп атауға негіз болатын нұсқаны белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Елді басқарушының бейнесі

  35. Әнет баба айтқан үш ғайыпты белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: ажал, қонақ, несібе

  36. «Тар кезең» романының оқиға шешімін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: «Халық кеңесінің» шешімімен тақтан тайдырылған Нұралы хан

  37. «Тар кезең» романының идеясын анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: Қазақ елінің еркіндік, азаттық жолындағы күресі

  38. Алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата суреттейтін айшықтаудың түрін табыңыз.

    Дұрыс жауап: градация

  39. «Бәйтерек» поэмасы … бөліктен тұрады

    Дұрыс жауап: Он

  40. «Қырандай желді күнгі аспандаймын» деген жолдағы асты сызылған сөз көркемдегіш құралдың қай түрі екенін табыңыз.

    Дұрыс жауап: Теңеу

  41. Махамбеттің намысты оятып, елді қарулы күреске шақыратын өлеңі –

    Дұрыс жауап: «Мен, мен, мен едім»

  42. «Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген, Байеке, елің бар ма бүлдірмеген», - деп Баймағамбет төренің озбырлығын бетке айтатын ақын

    Дұрыс жауап: Махамбет

  43. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейтін мақал, нақылға айналып кеткен аталы сөздің авторын белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Майқы би

  44. Ғабит Мүсіреповтың драматургиядағы тырнақалды туындысы –

    Дұрыс жауап: «Қыз Жібек» либереттосы

  45. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы кейіпкерлерді белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Күнтуды, Айтолды, Өгдүлміш, Одғұрмыш

  46. Жүсіп Баласағұнға берілген ұлы атақты көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: «Ұлы Хас Хажыб»

  47. Теңеу сөзі бар қатарды белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Қызуы Оңтүстіктің өрге шауып, Солтүстік сіреседі сүрі қардай.

  48. Автор «ат жалына жармасу, қой бастаған серке» тіркестері арқылы Елбасының қандай қасиеттерін сипаттап тұрғанын анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: Көшбасшылық қасиетін

  49. Бұқар жыраудың «Асқар таудың өлгені» толғауының негізгі идеясын табыңыз.

    Дұрыс жауап: дүниедегі мәңгі жасайтын маңыздылықтар

  50. «...Тері терсек берген соң ит те алады, Пұлындай берекесіз арбашының» деп айтылған үзіндідегі көркемдегіш құралды анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: сарказм