Ustazdyq

Қазақ әдебиеті: ҰБТ

1 028 сұрақ · 1-бет, барлығы 21 бет

Жинақ туралы

«ҰБТ» бөліміндегі «Қазақ әдебиеті» жинағында дұрыс жауаптары бар 1028 сұрақ бар. Тапсырма түрлері: бір жауабын таңдау — 755, бірнеше дұрыс жауабы бар — 182, әр тармаққа жауап таңдау — 91.

ҰБТ-ны 11-сынып түлектері тапсырады: 240 минутта 120 тапсырма, үш міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және екі бейіндік пән. Сұрақтар пәндер бойынша бөлінген — қажетті пәнді ашып, дұрыс жауаптармен салыстырыңыз.

Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.

Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.

  1. «Айналайын Ақ Жайық» толғауының авторы

    Дұрыс жауап: Доспамбет жырау

  2. «Бесеудің хаты» тарихи драмасының авторы

    Дұрыс жауап: Шерхан Мұртаза

  3. Саятшының сөзімен қыран құстың алғырлығын суреттейтін халық әні

    Дұрыс жауап: «Көкжендет»

  4. Д.Бабатайұлының «Елге қорған ер туса» деген идеяны жұртқа жеткізу мақсатында туған жаңа үлгідегі дастаны

    Дұрыс жауап: «Еспенбет»

  5. Абай айтқан «Бес асыл істің» қатарына енбеген сөз

    Дұрыс жауап: Мейірім

  6. І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасында суреттелетін хан

    Дұрыс жауап: Кеңесары хан

  7. «Аяз би» ертегісінде кездесетін кейіпкерлер қатары

    Дұрыс жауап: Уәлі бай, Меңді қыз

  8. Мағжан Жұмабаевтың алғаш дәріс алған бастауы

    Дұрыс жауап: Қызылжардағы Хасан молдадан

  9. М.Әуезовтің алғашқы көркем әңгімесі

    Дұрыс жауап: «Қорғансыздың күні»

  10. М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде боздап келіп, елді тегіс еңіреткен кейіпкер

    Дұрыс жауап: Құрмаштың әжесі

  11. Тәкаппар ұлы дүние! Қазақ деген мен деймін. Мылтығыңды ұсынба, Қолыңды ұсын, кел деймін! Үзіндідегі фигураның түрі

    Дұрыс жауап: арнау

  12. «Тазының өлімі», «Бір атаның балалары» шығармаларының авторы

    Дұрыс жауап: М.Мағауин.

  13. «Теңіздей тебіренді Жейхун бүгін...» деп басталатын «Ақсақ Темір мен ақын» шығармасының авторы

    Дұрыс жауап: Қ.Бекхожин.

  14. «Тіршілікте құрыштай бол төзімді, Сан мәртебе алдаса да өзіңді» деп басталатын дидактикалық сарындағы өлең авторы

    Дұрыс жауап: Әбу Насыр Әл-Фараби

  15. Көркемдігі жағынан қазақ поэзиясының төрінен орын алатын XIX ғасырдағы ақындар айтысының үлгісі

    Дұрыс жауап: Біржан мен Сара айтысы

  16. XV ғасырда өмір сүрген өз заманының асқан ақылгөйі, «көшпенділер философы»

    Дұрыс жауап: Асан қайғы

  17. Абайдың Көкбайға: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзім алайын» деп көңілі толған тұңғыш өлеңі

    Дұрыс жауап: «Интернатта оқып жүр»

  18. Тахауи Ахтановтың соғысты мүлде басқа қырынан көрсеткен, взвод командирі Ержан, қатардағы жауынгерлер Зеленин, Көжек деген кейіпкерлері бар шығармасы

    Дұрыс жауап: «Қаһарлы күндер»

  19. Зорлығымды сұрасаң, Бекіре менен жайындай. Беріктігімді сұрасаң, Қарағай менен қайыңдай ,- деп Есім ханға өктем үн қатқан жырау

    Дұрыс жауап: Жиембет

  20. Төмендегі үзіндінің авторын анықтаңыз: Білімді сол кісіден ізденелік, «Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік. «Өмір зая болмастық өнер үйрет, Ақылыңды аяма бізге» делік...

    Дұрыс жауап: Ш.Құдайбердіұлы.

  21. М.Әуезовтің «Абай жолы» романында: «...Сол үшін де өз өмірімде, өле- өлгенше асыл сөзіңді сақтармын, ата тәрбиеңді ақтармын, ағажан!» - деп, Абайға уәде берген кейіпкер

    Дұрыс жауап: Дәрмен

  22. Гүрілдеп жалын атқан кеудем көрік, Сөз созам құлашымды еркін керіп. Үзіндідегі фигураның түрі

    Дұрыс жауап: инверсия

  23. Балқаштың қамысы енсіз, тоғайы жұтаң Арқа бетінде жолбарыс аз еді. Тұйық түбектегі жеңіл еңбек, мол олжалы сәтті аудан соң теңіз жағалап, әлденеше күн сонарлағанда көмескі, жалғыз-ақ жолға шықты. Кеш батып калған еді. Ш…

    Дұрыс жауап: Жылқы шұрқырағандай дыбыс естіген соң

  24. Жолбарысқа жем болған жануар

    Дұрыс жауап: Көк тай

  25. Шақан Шерінің жолбарыс терісінен киім киюінің себебі

    Дұрыс жауап: Оңайлықпен көзге шалынбау үшін

  26. Шақан Шерінің кешегі ізге қайта түсудегі мақсаты

    Дұрыс жауап: Жолбарысты анду

  27. Шақан Шері туралы аңыздардың елді таңғалдыратыны

    Дұрыс жауап: Жапан түзде жалғыз жортар жолбарысқа айналғаны.

  28. Мұхтар Әуезовтің проза жанрындағы тұңғыш шығармасы

    Дұрыс жауап: «Қорғансыздың күні»

  29. М. Әуезовтің «Абай» романының бірінші кітабы шыққан жыл

    Дұрыс жауап: 1942

  30. «Қашықтасың туған жер» өлеңінің негізгі идеясын анықтаңыз

    Дұрыс жауап: Туған жерге сағыныш

  31. Жәркен Бөдешұлы мәтінін криллицамен қазақ жазуына түсірген газет-журналдарды көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: «Айқап», «Қазақ»

  32. Сәйкестендіріңіздер:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1993 жылы«Интернат наны»
    1972 жылы«41-жылғы келіншек»
  33. Семинарияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы В. Попов ез естелігінде айтқан М.Әуезовтің ерекше қасиет(-тер)і

    Дұрыс жауап: Өз ортасынан өзгеше ақылды; Киімі сәнді, тап-таза; Он сегіз жасар сыпайы бала

  34. М.Мақатаевтың «Райымбек!Райымбек!» поэмасының кейіпкер(лер)і

    Дұрыс жауап: Қабай жырау; Райымбек; Tүке

  35. М.Дулатовтың өлеңдер жинағы (жинақтары)

    Дұрыс жауап: «Азамат»; «Терме»; «Оян, қазақ!»

  36. «Ер Төстік» ертегісінің кейіпкер(-лер)і

    Дұрыс жауап: Күңке, Бекторы; Балы хан, Темір хан; Кенжекей, Ерназар

  37. Ғ.Мүсіреповтің роман(-дар)ы

    Дұрыс жауап: «Ұлпан»; «Оянған өлке»; «Қазақ солдаты»

  38. Сәйкестендіріңіздер:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1958 жылы«Құрылысшы Дәку»
    1969 жылы«Мылтықсыз майдан»
  39. Билердің шешендік сөздерін сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Сырым батыр«Бала би мен Сырым»
    Қазыбек би«Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?»
  40. Берілген толғау үзінділері қай жыраудікі екенін анықтаңыз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Жиембет жырауЕңсегей бойлы Ер Есім, Есім, сені есірткен Есіл де менің кеңесім. Ес білгеннен, Есім хан, Қолыңа болдым сүйесін, Қолтығыңа болдым демесін.
    Шалкиіз жырауАлп, алп басқан, алп басқан Арабы торым өзіңсің, Жазылы, алтын, қол кескен Алдаспаным өзіңсің!
  41. «Күйші» поэмасының авторын көрсет.

    Дұрыс жауап: І.Жансүгіров

  42. Әдет-ғұрып жырының түрі Келін, келін, келіп тұр, Иіліп сәлем беріп тұр.

    Дұрыс жауап: Беташар

  43. О, даланың жолбарысы, Көкжалы Өзіңнен бе, Сөзіңнен бе, Əŭmeyip Сенен кепті дейді ханның ажалы , - деп Махамбетке жыр арнаған ақын

    Дұрыс жауап: О. Сүлейменов

  44. «Абай жолы» романының авторын көрсетіңіз

    Дұрыс жауап: М.Әуезов

  45. Мен – құстан туған құмаймын, Бір тұлпарға жұбаймын... Үзінді авторы мен өлең жолдарындағы көркемдік тәсіл

    Дұрыс жауап: Махамбет, метафора

  46. Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса, Сап-сары аяқтары ұзын маса... - Өлең тармақтарының авторы

    Дұрыс жауап: Ахмет Байтұрсынов

  47. Ш.Құдайбердіұлының еңбегі

    Дұрыс жауап: «Үш анық»

  48. Қ.Аманжоловтың ұрпағымен ашық сөйлесіп, өзінің мақсат-мүддесін жайып салған өлеңі

    Дұрыс жауап: «Өзім туралы»

  49. Жамбылдың «Өтеген батыр» дастанында жұртқа алалық сап айнытқан кейіпкер

    Дұрыс жауап: Байсары

  50. Кейіптеу түрінде жазылған Абай Құнанбайұлының өлеңі

    Дұрыс жауап: «Қыс»