Биология: Біліктілік тестілеу (ОЗП)
298 сұрақ · 4-бет, барлығы 6 бет
Биосферадағы азот айналымында нитрификация процесін жүзеге асыратын ағзалар.
Дұрыс жауап: Нитрификациялаушы бактериялар
АТФ молекуласының энергиясы негізінен қай байланыста жинақталған?
Дұрыс жауап: Фосфат топтары арасындағы байланыста
Экожүйеде энергияның бір трофикалық деңгейден келесісіне берілуінің негізгі себебі неде?
Дұрыс жауап: Энергияның бір бөлігі жылу түрінде жоғалады
Популяциядағы Харди-Вайнберг тепе-теңдігі бұзылатын негізгі факторы - ....... .
Дұрыс жауап: мутация және көші-қон
Биогеохимиялық циклдердегі редНҚ-ның (ДНҚ) тұрақтылығын қамтамасыз ететін байланыс - ..... .
Дұрыс жауап: фосфодиэфирлік
Биосферадағы көміртек айналымында негізгі реттеуші процесс - ..... .
Дұрыс жауап: фотосинтез
Экологиялық сукцессияның климакстық қауымдастығының ерекшелігі қандай?
Дұрыс жауап: Өзін-өзі ретттей алады
Адам эволюциясындағы биологиялық емес фактор:
Дұрыс жауап: әлеуметтік орта
Экологиялық пирамидалардың энергия пирамидасы ешқашан төңкерілмейтін себебі қандай?
Дұрыс жауап: Энергия қайтымсыз түрде жоғалады
Сүткоректілерде кездеседі
Дұрыс жауап: Көкет
Қазіргі кезде жануарлардың неше типін ажыратады?
Дұрыс жауап: 35
Кәдімгі бұғының сүйектенбеген мүйізінен алынатын дәрі қалай аталады?
Дұрыс жауап: Пантокрин
Панкреатин сөлінің басты ферменті қайсы?
Дұрыс жауап: Липаза
Хемотрофты организмдерге қайсысы жатады?
Дұрыс жауап: Күкіртті бактериялар
Таспа пішінді хроматофоры оралма тәрізді орналасқан балдыр қайсы?
Дұрыс жауап: Спирогира
Жарықтың әсерінен судың ыдырау процесі қалай аталады?
Дұрыс жауап: Фотолиз
Қысқарған өркенге қайсысы жатады?
Дұрыс жауап: Гүл
Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұратын жануар қайсы?
Дұрыс жауап: Балық
Криптозой эонына қайсысы жатады?
Дұрыс жауап: Архей
Қимыл-қозғалыстың азаюы қалай аталады?
Дұрыс жауап: Гиподинамия
Төменгі сатыдағы өсімдік қайсы?
Дұрыс жауап: Хлорелла
Жапырақтың суды буландыру процесі қалай аталады?
Дұрыс жауап: Транспирация
Жыныссыз көбеюдің негізі қандай үдеріс?
Дұрыс жауап: Митоз
Хромосоманың алғашқы кермесі қалай аталады?
Дұрыс жауап: Центромера
Рефлекстік доғаның бірінші буыны қайсы?
Дұрыс жауап: Жүйке ұштары (рецептор)
Терінің дерма қабатын түзетін ұлпа қайсы?
Дұрыс жауап: Дәнекер
Қаны ұйымайтын адамның қанында болмайтын нәруыз қайсы?
Дұрыс жауап: Фибриноген
Жапырақ шығармайтын көпжылдық жерасты өркен қайсы?
Дұрыс жауап: Тамырсабақ
Үш түбірлі тіс қайсы?
Дұрыс жауап: Үстіңгі жақ сүйектегі үлкен азу тістер
Адамның арқа омыртқаларының саны қанша?
Дұрыс жауап: 12
Адамның мойын омыртқаларының саны қанша?
Дұрыс жауап: 7
Г. Мендель өз зерттеулерінде қандай әдісті қолданды?
Дұрыс жауап: Гибридологиялық
Күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен теріде түзілетін витамин қайсы?
Дұрыс жауап: D
Сіңір нәруызы қайсы?
Дұрыс жауап: Коллаген
Асқазанда пепсин ферментін белсендіретін қышқыл қайсы?
Дұрыс жауап: Тұз қышқылы
Күрделігүл тұқымдасына тән ортақ белгілер қайсы?
Дұрыс жауап: Жемісі айдарлы тұқымша, гүлшоғыры себет, тостағанша болмайды, аналығы біреу
Мақта өсімдігінде бактерия әсерінен туындайтын ауру қайсы?
Дұрыс жауап: Гоммоз
Тірек-қимыл жүйесіне қайсысы жатады?
Дұрыс жауап: Бұлшықет
«Популяция» терминін ғылымға алғаш енгізген ғалым кім?
Дұрыс жауап: В.Иогансен
Ежелгі замандардан бері сақталып келе жатқан балықтың көне өкілі қайсы?
Дұрыс жауап: Латимерия
Шоғал дегеніміз не?
Дұрыс жауап: Уылдырық шашатын жер
Хлорофилл құрамына кіретін элемент қайсы?
Дұрыс жауап: Магний
Пияздың ұрығы қандай болады?
Дұрыс жауап: Үш қырлы, бұжырлы ұсақ
Қарағайлы ормандағы төсемікте өсетін қыналардың түстері қандай?
Дұрыс жауап: Сұр,қызыл
Аталық бездерде түзілетін жасуша қайсы?
Дұрыс жауап: Сперматозоидтар
Қолайлы жағдайда бактерия жасушасы шамамен қанша минут сайын бөлінеді?
Дұрыс жауап: 20 минут сайын
Дихотомиялық кілттерді алғаш ұсынған ғалым кім?
Дұрыс жауап: Ж. Б. Ламарк
Екі жасқа келген баланың сүт тістерінің саны қанша?
Дұрыс жауап: 20
Абиотикалық факторларға қайсысы жатады?
Дұрыс жауап: Жарық, температура, ылғал
Криптозой эоны қай дәуірлерді қамтиды?
Дұрыс жауап: Архей