Биология: Біліктілік тестілеу (ОЗП)
298 сұрақ · 3-бет, барлығы 6 бет
Қағаз өндірісінде пайдаланылатын жасыл балдыр:
Дұрыс жауап: хлорелла
«Өсімдік еті» деген атпен бағалы тағамдардың қатарына қайсысы жатады?
Дұрыс жауап: Саңырауқұлақ
Бақа дернәсілі қандай тыныс алу мүшесі арқылы тыныс алады?
Дұрыс жауап: Желбезек
Ұрықта қалыптасып, өркеннің барлық мүшелері түзілетін бүршік қалай аталады?
Дұрыс жауап: Төбе
Қосжарнақтыларға қайсысы жатады?
Дұрыс жауап: Күнбағыс
Бидай тұқымы қалай аталады?
Дұрыс жауап: Дән
Африка материгі қай биогеографиялық аймаққа жатады?
Дұрыс жауап: Эфиопиялық
Қағаз өндірісінде пайдаланылатын жасыл балдыр қайсы?
Дұрыс жауап: Кладофора
Жалаң қызыл мияны қандай мақсатта қолданады?
Дұрыс жауап: Өкпе ауруларын емдеуге
Алакөл қорығында қорғалатын жорғалаушы қайсы?
Дұрыс жауап: Жетісулық бақатіс
...... - тірі организмдер мен олардың тіршілік ортасының бірлігі.
Дұрыс жауап: Экожүйе
Экологиялық фактор неше топқа бөлінеді?
Дұрыс жауап: 3
Топырақ, климат, жер бедері, атмосфера газдары қай экологиялық факторға жатады?
Дұрыс жауап: Абиотикалық
Адам іс-әрекетінің табиғатқа әсері қай факторға жатады?
Дұрыс жауап: Антропогендік
Жыртқыштық биотикалық факторға қай мысал жатады?
Дұрыс жауап: Түлкі-қасқыр
Өсімдіктер жерге түсетін күн энергиясының неше пайызын ғана қолданады?
Дұрыс жауап: 1
Автотрофтар дегеніміз не?
Дұрыс жауап: Органикалық заттарды өздері түзетін организмдер.
Гетеротрофтар дегеніміз не?
Дұрыс жауап: Дайын органикалық заттарды энергия көзі ретінде пайдаланатын организмдер.
Лат. Succesio қандай мағына береді?
Дұрыс жауап: сабақтастық
Бірінші реттік сукцессиялар аумағында өсетін алғашқы өсімдік - ..... .
Дұрыс жауап: қына
Биоценоз деген не?
Дұрыс жауап: Белгілі бір аумақты мекендейтін әртүрлі түрлерден тұратын организмдер тобы.
Барыс, сілеусін, орақтұмсық, сабаншы, күзен, марал, қарақұйрық қай қорықта кездеседі?
Дұрыс жауап: Алматы
Ақмола облысында орналасқан қорық.
Дұрыс жауап: Қорғалжын
Қоқиқаздардың мекендейтін мекені - ..... .
Дұрыс жауап: Қорғалжын
Ең алғашқы ашылған қорық - ...... .
Дұрыс жауап: Ақсу-Жабағылы
Барыс, аю, борсық, үнді жайрасы, жұмақ құсы, ұлар қай қорықта кездеседі?
Дұрыс жауап: Ақсу-Жабағылы
Ең жас қорық - ..... .
Дұрыс жауап: Қаратау
Елімізде қанша ұлттық табиғи саябақ бар?
Дұрыс жауап: 14
Ең алғашқы саябақ қашан ашылды?
Дұрыс жауап: 1985 ж
Елімізде неше табиғи резерват бар?
Дұрыс жауап: 5
Мейоздың биологиялық маңызы неде?
Дұрыс жауап: Генетикалық әртүрлілікті арттырады.
Кімнің ұсынысы бойынша бірінші Халықаралық “Қызыл кітап” жарық көрді?
Дұрыс жауап: П.Скот
Қазақстанның Қызыл кітабы қай жылы шықты?
Дұрыс жауап: 1978 ж
2025 жылы Қызыл кітаптың нешінші басылымы шықты?
Дұрыс жауап: Бесінші
Жақын түрлер бір ...... біріктіреді.
Дұрыс жауап: туысқа
Шұбалшаңдардың ..... түрі белгілі.
Дұрыс жауап: 9 мың
Алғаш “жасуша” атауын ..... жылы Р.Гук қолданды.
Дұрыс жауап: 1665
Жасуша мембранасының жартылай өткізгіштік қасиеті қандай процесті қамтамасыз етеді?
Дұрыс жауап: Осмос пен диффузия
Митохондрияның негізгі қызметі:
Дұрыс жауап: АТФ түзу
ДНҚ молекуласындағы аденин нуклеотидіне комплементарлы нуклеотид ...... .
Дұрыс жауап: тимин
Шұбалшаң ...... типіне жатады.
Дұрыс жауап: буылтық құрттар
Ұлулардың түр құрамын ...... жетеді.
Дұрыс жауап: 130 мың
Жыл құстарына жататын құстар:
Дұрыс жауап: бәрі жатады
Генотип дегеніміз не?
Дұрыс жауап: Тұқым қуалайтын белгілер жиынтығы
Рефлекс доғасының дұрыс реттілігін көрсет.
Дұрыс жауап: Рецептор - сезгіш нейрон - орталық жүйке жүйесі - қозғалтқыш нейрон - жұмыс мүшесі
Кодон-антикодон сәйкестігі қай процесте жүзеге асады?
Дұрыс жауап: Трансляция
Ген экспрессиясының транскрипция кезеңінде РНҚ полимеразаның негізгі қызметі:
Дұрыс жауап: комплементарлы РНҚ тізбегін синтездеу
Дигибридті будандастыру нәтижесінде фенотиптік ажырау 9:3:3:1 болу себебі?
Дұрыс жауап: Гендердің тәуелсіз ажырауы
Мутацияның эволюциялық маңызы неде?
Дұрыс жауап: Табиғи сұрыпталуға бастапқы материал береді.
Гомологиялық хромосомалар арасындағы кроссинговер нәтижесінде не болады?
Дұрыс жауап: Генетикалық әртүрлілік артады.