Биология: Біліктілік тестілеу (ОЗП)
298 сұрақ · 2-бет, барлығы 6 бет
Денесі топырақтың үстіңгі қабатында дамитын саңырауқұлақ
Дұрыс жауап: Ақ жерқұлақ
Панкреатин сөлінің басты ферменті:
Дұрыс жауап: липаза
Денесінен жарық шығаратын қарапайым:
Дұрыс жауап: түншырақ
Гүлдің гүлсерігі:
Дұрыс жауап: күлтесі мен тостағаншасы
Кәдімгі бұғының сүйектенбеген мүйізінен жасалатын дәрі
Дұрыс жауап: Пантокрин
Хемотрофты организмдер:
Дұрыс жауап: күкіртті бактериялар
Қарын мен ішектің қауіпті ауруы:
Дұрыс жауап: холера
Иммунология ғылымының негізін салушы:
Дұрыс жауап: И.И.Мечников
Палеозой заманының кезеңдері:
Дұрыс жауап: Ордовик
Қатты ластағыш зат
Дұрыс жауап: Күл
Ақбөкеннің лағы:
Дұрыс жауап: құралай
Ерекше органикалық қышқыл бөліп шығаратын тамыр:
Дұрыс жауап: емізік
Тамыр оймақшасының қызметі:
Дұрыс жауап: нәзік жасушаларды қорғайды
Мүктерді зерттейтін ғылым саласы:
Дұрыс жауап: бриология
Қамыс пен қоға тұқымдарының таралу жолы:
Дұрыс жауап: сумен
Жасуша қабықшасын түзуге қатысатың элемент:
Дұрыс жауап: фосфор
Сорус дегеніміз:
Дұрыс жауап: спорангийлер жиынтығы
Фотосинтез барысында жапырақта түзіледі:
Дұрыс жауап: глюкоза
Бақа денесінде тек қана жыныссыз көбейетін қарапайымды
Дұрыс жауап: Опалина
Сұңғыла өсімдігінің тамыры:
Дұрыс жауап: емізік тамыр
Жабысқақ сабақты өсімдік:
Дұрыс жауап: айтұқым
Қанның ұюына қатысады:
Дұрыс жауап: фибрин
Нәруыз молекуласының табиғи құрылымының бұзылуы:
Дұрыс жауап: денатурация
Терідегі меланин пигментінің қызметі:
Дұрыс жауап: ультракүлгін сәулелерден қорғайды
Нұрлы қабықшаның дәл ортасында орналасады:
Дұрыс жауап: көз қарашығы
Асқазан сөлінің негізгі ферменті:
Дұрыс жауап: пепсин
Көп сүйекті жинақталған жемісті өсімдік:
Дұрыс жауап: таңқурай
Адам жұлынының ұзындығы:
Дұрыс жауап: 42-45 см
Қазақстанда қант қызылшасы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған алғашқы ғалым:
Дұрыс жауап: К. Мыңбаев
Зәрдің сарғыш түсті болуына әсер ететін пигмент:
Дұрыс жауап: урохром
Даражарнақты класына жататын тұқымдас:
Дұрыс жауап: астық
Шымтезек мүгінің басқа мүктерден айырмашылығы:
Дұрыс жауап: ризоиды болмайды
Симпатикалық жүйке жүйесінің қызметі:
Дұрыс жауап: қан тамырларын тарылтады
Мақта өсімдігінде бактерия әсерінен туындайтын ауру:
Дұрыс жауап: гоммоз
Қозғалмайтын сүйектер:
Дұрыс жауап: бассүйек
Бактериялардың жасуша қабырғасын құрайды:
Дұрыс жауап: муреин
Экожүйелердің біртіндеп, уақыт бойынша ретті ауысымы:
Дұрыс жауап: сукцессия
Гаплоидты хромосомалары жиынтығы бар гаметаларды түзетін бөліну түрі:
Дұрыс жауап: мейоз
Бөліп шығару қызметі осмостық қысым арқылы іске асатын қарапайымды
Дұрыс жауап: Опалина
Сүйектердің қозғалмалы байланысатын жері:
Дұрыс жауап: буын
Рибосоманың атқаратын негізгі қызметі:
Дұрыс жауап: нәруыз молекуласын синтездеу
К. Линнейдің еңбегі:
Дұрыс жауап: «Табиғат жүйесі»
Зиготадағы хромосома саны:
Дұрыс жауап: 46
Модификациялық өзгергіштік зерттеледі:
Дұрыс жауап: статистикалық әдіспен
Бауыр мүктер класының өкілі:
Дұрыс жауап: маршанция
Дихотомиялық кілттерді ең алғаш ұсынған ғалым:
Дұрыс жауап: Ж. Б. Ламарк
Жұмыртқа жасушасының дамуы:
Дұрыс жауап: овогенез
Ч. Дарвин анықтаған тіршілік үшін күрестің түрлері:
Дұрыс жауап: 3
«Өсімдік еті» деген атпен бағалы тағамдардың қатарына қосылады
Дұрыс жауап: Қырықжапырақ
Ұрықта қалыптасып, өркеннің барлық мүшелері түзілетін бүршік:
Дұрыс жауап: өсу бүршігі