Математика, 4-сынып: ББЖМ
261 сұрақ · 3-бет, барлығы 6 бет
Қалдықпен бөлінетін өрнек:
Дұрыс жауап: 6724:5
Төрт жүз бір мың үш жүз екі санының жазылуын көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: 401302
Мәні 238124-ке тең болатын көбейтіндіні тап.
Дұрыс жауап: 1009∙236
679070 : 763 мәні:
Дұрыс жауап: 890
228 бен 19 санының көбейтіндісін тап.
Дұрыс жауап: 4332
Тік төртбұрышқа тән қасиет:
Дұрыс жауап: Қарама-қарсы қабырғалары тең
Есепті шығар. Екі фермердің еккен картобы бірдей түсім берді. Екеуі бірге 960 тонна картоп жинады. Егер біреуі 12 га жерге, екіншісі 20 га картоп еккен болса, әрқайсысының өз жерінен жинаған түсімін тап.
Дұрыс жауап: 360 т; 600 т
Өрнектің мәнін тап: 810 және 9 сандары бөліндісінің мәнін 100-ге арттыр.
Дұрыс жауап: 190
Бірінші қатарға балалар 40 көшет, екіншісіне 30 көшет отырғызды. 1 қатарға балалар неше көшет көп отырғызды?
Дұрыс жауап: 10
Тіктөртбұрыштың ұзындығы мен ені 15 см. Ені ұзындығынан екі есе қысқа болса, ені мен ұзындығын тап.
Дұрыс жауап: 5 см және 10 см
1475 – x : 12 = 1000 – 725 теңдеуінің мәнін тап.
Дұрыс жауап: 14400
Сан түзуінде келесі сандар белгіленген: 495, 496, ... , 498, ... , 500. Жетпей тұрған сандарды тауып, оларды өсу ретімен жазыңыз.
Дұрыс жауап: 497; 499
Атасының бақшасы тіктөртбұрыш пішінді, ұзындығы – 12 м, ені – 8 м. Ата бақшаны қоршау үшін шарбақ қойғысы келеді. Оған қанша метр шарбақ қажет?
Дұрыс жауап: 40 м
Құймақ үшін 3/4 стакан сүт қажет. Айгүлде тек жарты стакан сүт бар. Оның сүті жете ме?
Дұрыс жауап: Жоқ, 1/4 стакан жетпейді
Мектепте қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Оқушылар мен ата-аналар өз тауарларын сатқан, нәтижесінде: • кітап сатуынан – 125 789 тг; • қолөнер бұйымдарынан – 99 899 тг; • тәтті-дәмділерден – 87 250 тг. Мектеп директ…
Дұрыс жауап: 312 938 тг
7 325, 4 782, 19 074 сандарының жазылуында 7 цифры қандай разрядта тұрғанын анықтаңыз.
Дұрыс жауап: 7 325: мыңдықтар; 4 782: жүздіктер; 19 074: ондықтар
Бақша 4 қатарға бөлінді, әр қатарға 15 түп қызанақ отырғызылды. Кейін қосымша тағы 10 түп жиналды. Барлық қызанақтың санын табу үшін өрнек құрастырыңыз.
Дұрыс жауап: 4·15 + 10
Ескі картаны тапқан жас зерттеуші Дәурен, қазынаға апаратын ескі картаны тапты. Жазбада қазына көлемі 270 дм³ болатын жәшікте жасырылған деп жазылған. Дәурен жәшіктің ұзындығын – 10 дм, енін – 9 дм деп өлшеді. Бірақ айна…
Дұрыс жауап: 3 дм
Кафеде 4 бірдей пицца мен салатқа 600 теңге төленді. Жалпы тапсырыс құны – 2600 теңге. Бір пиццаның бағасы қанша?
Дұрыс жауап: 500
Балада 2 қызыл текше және 1 көк текше бар. Оларды қатарға тізіп қоюдың неше түрлі тәсілі бар?
Дұрыс жауап: 3
Қоймада біраз қап ұн болды. Барлық қаптың 1/4 бөлігі — 12 қап. Қоймада барлығы қанша қап ұн болған?
Дұрыс жауап: 48
Астанадағы экологиялық орталықта әртүрлі мензуркалардағы судың мөлшерін өлшеді. Нәтижелерді бөлшектермен жазып алды: 3/4,3/5, 3/6, 3/7.... Бұл қатардағы келесі бөлшекті анықтаңыз.
Дұрыс жауап: 3/8
Поезд 4 сағатта 240 км жол жүрді. Ол қандай жылдамдықпен қозғалды?
Дұрыс жауап: 60
Бір қаладан бір уақытта екі көлік қарама-қарсы бағытта шықты. Бірінің жылдамдығы – 70 км/сағ, екіншісінікі – 90 км/сағ. Олар 4 сағаттан кейін бір-бірінен қанша км қашықтықта болады?
Дұрыс жауап: 640 км
Егер тіктөртбұрыштың ұзындығы 2 есе ұлғайса, ал ені бұрынғысынша қалса, онда оның периметрі де 2 есе ұлғаяды
Дұрыс жауап: Жалған
Натурал сандар қатарында 522 санының алдында тұрған үш санды табыңыз.
Дұрыс жауап: 519, 520, 521
Қай бөлшек 1-ден кіші?
Дұрыс жауап: 7/11
Бекзат интернет жылдамдығын күннің әр түрлі уақыттарында тексеріп, өлшеулер жасады: таңертең – 82 871 Кбит/с; күндіз – 25 015 Кбит/с; кешкісін – 49 992 Кбит/с. Оған қызықты болды: ең жоғары жылдамдық, ең төменгі жылд…
Дұрыс жауап: 57 856
Жандос өзінің кішкентай үйіне шырынның 150 бос қорабынан қоршау салды. Әр қораптың ұзындығы 4 см, ені 3 см және биіктігі 5 см. Жандос салған бүкіл қоршаудың көлемін табыңыз.
Дұрыс жауап: 9 000 см³
Алина бір сан ойлады. Егер ол санды 3 есе арттырып, үстіне 5 қоссақ, 29 шығады. Алина қандай сан ойлады?
Дұрыс жауап: 8
Стадионға жанкүйерлер келді. Бұл ауыл тұрғындарының 1/8 бөлігі екені белгілі. Егер стадионға 500 адам келсе, ауылда барлығы неше тұрғын бар?
Дұрыс жауап: 4000
2/3 және 3/5 бөлшектерінің қосындысы 1 санынан үлкен.
Дұрыс жауап: Шын
Данияр y – 3 = 5 өрнегін жазды. Мұндағы y мәні неге тең?
Дұрыс жауап: 8
Натурал сандар қатарында 500 000 саны қандай сандардың арасында тұр?
Дұрыс жауап: 499 999 және 500 001
Спортзалға ұзындығы 6 м, ені 5 м болатын тіктөртбұрыш пішінді жаңа кілем төселді. Кілемнің ауданы қаншаға тең?
Дұрыс жауап: 30 м*2
Тіктөртбұрыш пішінді автотұрақ орнының ені 9 см және периметрі 44 м екені белгілі. Автотұрақ орнының ауданы неше шаршы метр?
Дұрыс жауап: 117 м2
Отбасы көлікпен демалысқа барады. Бірінші күні олар 40 литр бензин, екінші күні – 35 л, үшінші күні – 30 л жұмсады. Олар шығынды жазып отырады. Олар алтыншы күні қанша литр бензин жұмсайды?
Дұрыс жауап: 15 л
Турист 3 қаланы: A, B және C қалаларын аралағысы келеді. Ол жолын А қаласынан бастап, әр қаланы бір рет қана аралап шығып, қайтадан А қаласына оралуы керек. Туристің қанша түрлі маршруты бар?
Дұрыс жауап: 2
Катер өзен ағысымен 18 км/сағ жылдамдықпен қозғалды, ал оған қарсы 12 км/сағ жылдамдықпен қайық жүзіп келеді. Олардың арасындағы қашықтық – 90 км. Егер олардың арасындағы қашықтық 90 км болса, олар қанша сағаттан кейін…
Дұрыс жауап: 3 сағ.
Төмендегі сандарды қосқанда қандай сан шығады: 400 000, 50 000, 2 000, 300 және 8.
Дұрыс жауап: 452 308
Кестеде көшеден өткен машиналардың саны көрсетілген: Күн Машиналар саны Дүйсенбі 45 Сейсенбі 50 Сәрсенбі 40 Бейсенбі 55 Жұма 50 Қай күні ең аз машина өткен?
Дұрыс жауап: Сәрсенбі
Натурал сандар қатарында 499 санының алдында және одан кейін қандай сандар тұр?
Дұрыс жауап: 498 және 500
Келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс?
Дұрыс жауап: 10 – 3 > 6
Қолданатын дәптер шаршы пішінді, оның қабырғасының ұзындығы – 20 см. Дәптер мұқабасының алдыңғы бетінің ауданын табыңыз.
Дұрыс жауап: 400 см2
Отбасы әрқайсысы 1200 теңгеден 5 кино билетін сатып алды. Бұдан кейін олар 2000 теңгеге попкорн алды. Сатып алудың жалпы құнын табу үшін өрнек құрастырыңыз.
Дұрыс жауап: 5·1200 + 2000
Ұшақ халықаралық рейс жасады, үш аялдамамен. Маршрут келесідей болды: Алматы – Дубай: 3 689 км; Дубай – Каир: 2 417 км; Каир – Стамбул: 1 213 км. Ұшақ жалпы қанша километр ұшты?
Дұрыс жауап: 7 319 км
Натурал сандар қатарында 249 санынан кейін үшінші орында қандай сан тұр?
Дұрыс жауап: 252
Төменнен әріпті өрнекті көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: a + 7
Әлішердің отбасы күшік сатып алып, аулада оған арнап қоршау жасауды ұйғарды. Әкесі алаңды өлшеді: қоршаудың ұзындығы 3 метр, ені 2 метр болады. Периметрі бойынша қоршауға қанша метр тор қажет екенін есептеу керек. Есепте…
Дұрыс жауап: (Ұзындығы + Ені) × 2
52103 санын кластарға бөліп, оны разрядтық қосылғыштар түрінде жазыңыз.
Дұрыс жауап: 50 000+2000 +100+0+3