Математика, 4-сынып: ББЖМ
261 сұрақ · 2-бет, барлығы 6 бет
130 мың 5 ондық 5 бірліктен құрастырылған санды белгіле.
Дұрыс жауап: 130055
Тоғайда 240 қайың, одан 93-і кем қарағай бар. Теректер қарағайдан 2 есе артық. Бұл тоғайда барлығы қанша ағаш бар?
Дұрыс жауап: 681
50463 пен 89 сандарының бөліндісін тап.
Дұрыс жауап: 567
Саяхатшыларға арналып 3 автобус әзірленді. Бірінші автобуста 25 орын бар. Бұл екінші автобустағы орын санынан 5-уі кем. Үшінші автобустағы орын саны екінші автобусқа қарағанда 3-еуі артық. Үш автобуста барлығы қанша орын…
Дұрыс жауап: 88
Ұзындығы 15см, ені 12 см, биіктігі 3 см болатын параллелепипедтің көлемін анықтаңыз:
Дұрыс жауап: 540 см3
Екі бет түптеуші 180 кітапты түптеді. Біріншісі күніне 5 кітаптан барлығы 75 кітап түптеді. Егер екі жұмысшы бірдей уақыт жұмыс істеген болса, екінші жұмысшы күніне неше кітап түптеген?
Дұрыс жауап: 7 кітап
Әжесі пісірген бәліштің бөлігін балалар, ал бөлігін ересектер жеді. Бәліштің желінген бөлігін анықта.
Дұрыс жауап:
Адам жаяу 3 сағатта 12 км жүрді. Жылдамдығын тап.
Дұрыс жауап: 4 км/сағ
Ара қашықтығы 315 км болатын екі қаладан бір мезгілде қарама-қарсы мотоциклші мен велосипедші шықты. Олар 3 сағаттан соң кездесті. Велосипедшінң жылдамдығы 18 км/сағ. Мотоциклшінің жылдамдығын тап.
Дұрыс жауап: 87 км/сағ
6 сағатта теплоход 180км қашықтықты өтті, ал машина 4 сағатта 360 км өтті. Теплоходтың жылдамдығы машина жылдамдығынан неше есе кем?
Дұрыс жауап: 3 есе
Тіктөртбұрыштың ұзындығы мен ені 15 см. Ені ұзындығынан екі есе қысқа болса, ені мен ұзындығын тап.
Дұрыс жауап: 5 см және 10 см
Уақыт пен қашықтық белгілі болса , қозғалыс жылдамдығын табу керек.
Дұрыс жауап: қашықтықты уақытқа бөлу керек
Бес мыңдық және 5 бірлік сандарының арасындағы айырманы көрсет.
Дұрыс жауап: 4995
Қалдықпен бөлінетін өрнекті тап.
Дұрыс жауап: 6724:5
1500 санын 50 есе кеміт , нәтижесін 30-ға арттыр. Шыққан санды тап.
Дұрыс жауап: 60
Есепті шығар. Тон 200000 тг тұрады. Бір айдан кейін тон 10% аразандады. Арзандатылған тонның бағасын анықта.
Дұрыс жауап: 180000 тг
Мөлшердің мағынасы өсу ретімен орналасқан қатарды көрсет.
Дұрыс жауап: 60с, 1мин 20с, 90 с
Перпендикуляр болып табылатын сызықтар анықтамасын тап.
Дұрыс жауап: Бұл басқа сызыққа, қисыққа немесе бетке қатысты 90º бұрышын құрайтын бұрыш.
Квадрат метрмен өрнекте. 4 га; 5 га 62 а; 12 а
Дұрыс жауап: 40000 м², 56200 м², 1200 м²
Айсбергтің су бетіндегі биіктігі 30 метр , бұл оның жалпы биіктігінің 1/5 бөлігі болса, айсбергтің жалпы биіктігін тап.
Дұрыс жауап: 150 метр
Есепті шығар. Тон 200000 тг тұрады. Бір айдан кейін тон 10% аразандады. Арзандатылған тонның бағасын анықта.
Дұрыс жауап: 180000 тг
Қорапшаның ұзындығы 12см, ені 7 см және биіктігі 5см. Көлемін тап.
Дұрыс жауап: 420см3
50463 пен 89 сандарының бөліндісін тап.50463 пен 89 сандарының бөліндісін тап.
Дұрыс жауап: 567
Өрнектерді салыстыр. Мына > белгіні орналастыр.
Дұрыс жауап: 90-(34+18) * 90-(63+18)
Берілген сан шығу үшін санға нешені қосу керек?
Дұрыс жауап: 0
6048 санын 9 есе кеміт:
Дұрыс жауап: 672
1 алма ағаш – 68 кг 2 алма ағаш – 44 кг Әр жәшікке 14 кг салынады. Дұрыс өрнекті табыңыз:
Дұрыс жауап: (68+44):14=8 ж
Бірінші кластың 5 бірлігі, екінші кластың 4 бірлігі, үшінші кластың 6 бірлігі болатын сан:
Дұрыс жауап: 6004005
123456789 санында неше ондық миллион бар?
Дұрыс жауап: 12 ондық миллион
5470062 санында неше он мыңдық бар?
Дұрыс жауап: 547
Ең кіші төрт таңбалы саннан ең үлкен екі таңбалы санды азайтыңыз.
Дұрыс жауап: 901
Тоғайда 240 қайың бар. Қарағай одан 93-ке кем. Терек қарағайдан 2 есе артық. Барлығы неше ағаш?
Дұрыс жауап: 681
Оқушы d бет оқыды — бұл кітаптың 1/3 бөлігі. Кітаптың толық бет саны:
Дұрыс жауап: 3d
Айжан бір сан ойлады. Егер одан 10-ды азайтса, 40 шығады. Ол қандай сан?
Дұрыс жауап: 50
Турист 46 км/сағ жылдамдықпен 32 сағат жүрді, қалған жолды 56 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Барлығы 2424 км. Барлық жүрген уақыты:
Дұрыс жауап: 49 сағ
50, 20, 70 сандарының ішінен дұрыс теңдік:
Дұрыс жауап: 70−20=50
50463 пен 89 сандарының бөліндісі:
Дұрыс жауап: 567
«>» белгісі қойылатын өрнекті табыңыз:
Дұрыс жауап: 69 бірлік > 6 ондық 8 бірлік
Пойыз А стансасынан шығып, 10 сағ 38 мин жүрді. В стансасына 22:00-де келді. Пойыз нешеде шықты?
Дұрыс жауап: 11 сағ 22 мин
9 ондықтан 9-ды азайт.
Дұрыс жауап: 81
Тік төртбұрышты алаңның ұзындығы 84 м, ені 20 м. Оның 1/4 бөлігі – бақша. Бақшаның ауданын тап.
Дұрыс жауап: 1680 м²
Екі орамада 140 м жіп бар. Бір орама 430 тг, екіншісі 160 тг арзан. Әр орамада неше метр жіп бар?
Дұрыс жауап: 86 м және 54 м
Арман бір сан ойлап, оны 2-ге бөлді. Нәтижесіне 300 қосқанда 350 шықты. Ол қандай сан ойлады?
Дұрыс жауап: 100
Ондықтары 5-ке тең болатын, кему ретімен орналаксқан екі таңбалы сандар қатарын тап.
Дұрыс жауап: 58, 57, 56, 55.
Сәуле 11 жаста, ал оның анасы 47 жаста. Неше жылдан кейін анасының жасы Сәуледен 3 есе үлкен болады?
Дұрыс жауап: 7 жыл
«>» белгісі қойылатын өрнек:
Дұрыс жауап: 90-(34+18) > 90-(63+18)
Арақашықтығы 120 км болатын екі автобекеттен бір уақытта екі көлік бірінен - бірі қарама - қарсы бағытта жолға шықты. Біріншісі 55 км/сағ жылдамдықпен, ал екіншісі 49 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 6 сағаттан кейін олардың а…
Дұрыс жауап: 504 км
Әріпті өрнекті анықтаңыз:
Дұрыс жауап: 396 + а – 124 • 2
385000 : 1000 мәні:
Дұрыс жауап: 385
Бес мыңдық пен 5 бірліктің айырмасы:
Дұрыс жауап: 4995