Математика: ГАШ
77 сұрақ · 1-бет, барлығы 2 бет
Жинақ туралы
«ГАШ» бөліміндегі «Математика» жинағында дұрыс жауаптары бар 77 сұрақ бар.
ГАШ — мектептерді мемлекеттік аттестаттау: 4 және 9-сынып оқушыларын негізгі пәндер бойынша тестілеу. Бөлімде тапсырмалардың қалай құрылатынын алдын ала көру үшін жауаптары бар сұрақтар жиналған.
Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.
Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.
Ұзындығы 15 см және ені 8 см болатын тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз.
Дұрыс жауап: 120 см²
4 сағат 15 минутта неше минут бар?
Дұрыс жауап: 255 минут
Өрнектің мәнін табыңыз: 20 + (48 - 23) × 3
Дұрыс жауап: 95
120 санының 1/5 бөлігі неге тең?
Дұрыс жауап: 24
Теңдеуді шешіңіз: x - 35 = 85
Дұрыс жауап: x = 120
Теңдеуді шеш (1345+315):х=5
Дұрыс жауап: 332
Мәні 24000-ге тең болатын өрнекті тап.
Дұрыс жауап: 3000 ∙8
3т жүк 1т 200кг-нан қаншаға артық?
Дұрыс жауап: 1т 800кг
Қай өрнектің мәні 7-ге тең?
Дұрыс жауап: (2+9)-4
Санды қосқанда сол санның өзі шығатын қосылғышты белгіле
Дұрыс жауап: 0
х-тің мәнін тап: 270+ (х:2)=450
Дұрыс жауап: х=360
Үшбұрыштың бір қабырғасы 20 см, келесісі 35 см, үшінші қабырғасы 15 см. Үшбұрыштың периметрін тап.
Дұрыс жауап: 70
Квадраттың қасиетін тап:
Дұрыс жауап: барлық қабырғалары тең
Аталған өрнектің мәнін тап 75км 756м - 29км 570м.
Дұрыс жауап: 46км 186м
Берілген өрнектің тура мәнін таңда. 1488:24∙100-945: (3500:100)
Дұрыс жауап: 6173
Төмендегі әрбір қос теңсіздікті шешіп, дұрыс жауапты таңдаңыз. -2 ≤ 2x - 4 ≤ 6
Дұрыс жауап: 1≤х≤ 5
Берілген өрнекті есептеңіз: 3х6+10:2–5
Дұрыс жауап: 18
Оқушы 11 теңгеден 5 дәптер, 55 теңгеге 1 қалам сатып алды. Есеп шешімі 11∙5+55 өрнегі арқылы жазылса, есепке мынадай сұрақ қоюға болады.
Дұрыс жауап: Барлығы қанша теңге болды?
Ұзындығы 15 см қарындаш шамнан жарты метр қашықтықта тік тұр, оның қабырғадағы көлеңкесі 75 см. Шаммен қабырғаның арақашықтығын тап
Дұрыс жауап: 2,5 м
Өрнектің мәнін тап. 3/8 + 4/8 =
Дұрыс жауап: 7/8
989705 санын 7 он мыңдыққа азайт.
Дұрыс жауап: 919705
810030 санын разрядтық қосылғыштардың қосындысына жікте.
Дұрыс жауап: 810030= 800000+10000+30
Өрнектің мәнін тап: 600∙11-600∙10
Дұрыс жауап: 600
Ең үлкен төрт таңбалы санды көрсет.
Дұрыс жауап: 9997
Өрнектің мәнін тап: 2т 300кг – 1т 240кг
Дұрыс жауап: 1т 60кг
Сандардың айырмасын тап: 385075 және 59039
Дұрыс жауап: 326036
5 км 2 км 300 м-ден каншалықты ұзын, анықта.
Дұрыс жауап: 2 км 700 м
Ең кіші мәнге ие өрнекті белгіле.
Дұрыс жауап: 3872:32
Қосылғыштардың орнын ауыстырғанда қосынды...
Дұрыс жауап: өзгермейді
Жұмысшылар екі пойызбен құрылыс салуға аттанды. Бір пойызда әр вагонда 50 адамнан 850 адам, екінші пойызда әр вагонда 60-тан 840 адам кетті. Жұмысшыларды жіберу үшін қанша вагон қажет болды?
Дұрыс жауап: 850:50+840:60
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы неше градусқа тең?
Дұрыс жауап: 180 градус
Қала мен ауылдың арасын велосипедші 3 сағатта 20 км/саг жылдамдықпен жүріп өтті. Қала мен ауылдың ара кашықтығы канша км?
Дұрыс жауап: 60 км
Мәні 900-ге тең болатын көбейтіндіні тап.
Дұрыс жауап: 18 ∙50
Қандай фигураларда диагональдары бір-бірін екіге бөледі?
Дұрыс жауап: төртбұрыш, тікбұрыш
Ретімен алынған бұрыштарының қатынасы 4:2:5:7 қатынасындай болатын төртбұрышқа сырттай шеңбер сызылған. Осы төртбұрыштың үшінші бұрышын анықтаңыз.
Дұрыс жауап: 40º
Қай фигураның екі симметрия осі бар? а) Тең бүйірлі үшбұрыш; б) Төртбұрыш; в) Шеңбер; г) Трапеция.
Дұрыс жауап: Шеңбер
Бөлінгіш 240 000. Бөлгіш 4. Бөліндінің мәнін тап.
Дұрыс жауап: 60 000
8/8 бөлшегі ...
Дұрыс жауап: Бұрыс бөлшек
Өрнектің мәнін тап: 7 т 142 кг – 2 т 37 кг
Дұрыс жауап: 5 т 105 кг
Ательеде 150 көйлек тікті. Балалар көйлегі барлық тігілгеннің 1/5 бөлігін құрады. Қалғаны ересектердікі. Ересектерге арнап тігілген көйлектер санын тап.
Дұрыс жауап: 150 – 150 : 5=120
Бір қатардан 18 кг. Екіншісінен 54 кг сәбіз жиналды. Барлық сәбізді 8кг-нан себетке салды. Қанша себет қажет болды?
Дұрыс жауап: 9
Мектепте 250 оқушы оқиды. Егер оқушылардың 1/5 бөлігі қыз болса, қанша қыз оқиды?
Дұрыс жауап: 50
Есептің дұрыс жауабын тап Екі көліктің арақашықтығы 60 км. Бірінші машина 60 км/сағ, екінші машина 40 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Осы жүріспен екінші машина бірінші машинаны қанша уақытта қуып жетеді?
Дұрыс жауап: 3 сағат
“a - 3” өрнегіндегі “a” нені білдіреді?
Дұрыс жауап: а саны
989705 санын 7 он мыңдыққа азайт.
Дұрыс жауап: 919705
Берілген теңдеудің түбірі неге тең? (х-380) •50 = 2000
Дұрыс жауап: 420
Берілген өрнектің мәнін есепте (41∙134+11978): (1211-899)
Дұрыс жауап: 56
4 ≤ x < 8 теңсіздігін қанағаттандыратын барлық бүтін сандарды табыңыз.
Дұрыс жауап: 4, 5, 6, 7
450дм басқа өлшем бірлігімен көрсетілгенін белгіле.
Дұрыс жауап: 45 м
7239093 санында неше мың бірлік бар?
Дұрыс жауап: 7239