Ustazdyq

Математика, 9-сынып: ББЖМ

150 сұрақ · 1-бет, барлығы 3 бет

Жинақ туралы

«ББЖМ» бөліміндегі «Математика, 9-сынып» жинағында дұрыс жауаптары бар 150 сұрақ бар.

ББЖМ (орысша МОДО) — білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі, ол 4 және 9-сыныптарда өткізіледі. Сұрақтар сыныптар бойынша бөлінген: 4-сыныпта оқу сауаттылығы, математика және жаратылыстану, 9-сыныпта физика, химия, биология және география қосылады. Оқу тапсырмаларына мәтін тіркелген.

Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.

Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.

  1. Оқушы бірінші тоқсанда 12 пән бойынша алған бағаларының орташа мәні 3,5-ке тең. Орташа мәні 4-ке тең болу үшін оқушы қанша пәннен бағасын көтеруі керек?

    Дұрыс жауап: 6 пән

  2. 0 және 1 цифрынан қанша төрт таңбалы сан құруға болады?

    Дұрыс жауап: 8

  3. Қорапта 10 қызыл, 8 көк, 8 жасыл және 4 сары қарындаш бар. Олардың арасында міндетті түрде бір түсті 4 қарындаш болуы үшін, ең кем дегенде қораптан қанша қарындаш алу қажет?

    Дұрыс жауап: 13 қарындаш

  4. Темір жол станциясы арқылы үш әскери пойызы өтті. Біріншісінде 462, екіншісінде 546, ал үшіншісінде 630 жауынгер болды. Егер әр вагонда жауынгерлердің саны бірдей болғандығы және осы сан барлық мүмкін сандардың үлкені бо…

    Дұрыс жауап: 11; 13; 15

  5. Санжар стадионға футбол басталар уақытта барғысы келеді.Егер ол үйінен 5 км /сағ жылдамдықпен жаяу барса, онда ол 1 сағат кешігеді. Егер велосипедпен 10 км/сағ жылдамдықпен барса, онда ол 30 мин ерте барады. Футбол баста…

    Дұрыс жауап: 2 сағат

  6. Үш тізбектес сандардың қосындысы әрқашан қай санға бөлінеді?

    Дұрыс жауап: тек қана 3

  7. 31,25608; 42,01589;45,23566; 26,24568 сандарын жүздік үлеске дейін дөңгелектеңіз.

    Дұрыс жауап: 31,26; 42,02;45,24; 26,25

  8. 9 «А» сыныбындағы 3 үздік оқушы мен 9 «Б» сыныбындағы 4 үздік оқушының арасынан шет елге баратын 2 оқушыны таңдау керек (әр сыныптан 1 оқушы). Қанша тәсілмен орындауға болады?

    Дұрыс жауап: 12

  9. Алматы станциясынан бір күнде шыққан үш пойыздың біреуі 3 күнде, екіншісі 6 күнде, үшіншісі 5 күнде қайтып оралады. Алматы станциясында неше күн сайын пойыздардың үшеуі де кездесіп отырады?

    Дұрыс жауап: 30 күн

  10. Топтағы 20 оқушыны екіден партаға отырғызу керек және оларды отырғызу реті маңызды.

    Дұрыс жауап: 190

  11. Үшбұрыштың биіктіктерінің қиылысу нүктесі... деп аталады.

    Дұрыс жауап: ортоцентр

  12. Геометриялық прогрессия құрайтын төрт санның шеткі мүшелерінің қосындысы (-49)-ға, ал ортаңғы мүшелерінің қосындысы 14-ке тең болса, осы сандарды табыңыз.

    Дұрыс жауап: 1) 7, -14, 28, -56; 2) -56, 28, -14, 7

  13. Тік бұрышты үшбұрыштың бір катеті 8 см ал оған қарсы жатқан бұрыштың синусы 0,8-ге тең. Гипотенузасы және екінші катетін табыңыз.

    Дұрыс жауап: 10 см; 6 см

  14. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 7,5 м, ал бүйір қабырғасы 2 м. Табанының ұзындығын табыңыз.

    Дұрыс жауап: 3,5 м

  15. Егер 5025 санын 2525 санына бөлсе, нәтиже қандай болады?

    Дұрыс жауап: 225

  16. 52521997 саны қандай цифрмен аяқталатынын табыңыз.

    Дұрыс жауап: 2

  17. Қонақтардың 16-сы қымыз, 19-ы шұбат, 14-і айран ішті. 7 қонақ қымызды да, шұбат та ішті, 4 қонақ қымыз да, айран да ішті, 6 кісі шұбат та, айран да ішті. Ал 2 қонақ қымыз да, шұбат та, айран да ішті. Әрбір қонақ аталған…

    Дұрыс жауап: 8

  18. «Зерде орта мектебінің» 7-ші сынып оқушысы Шерханның II-тоқсандағы математика пәнінен алған бағалары мынадай: 5,5,3,5,2,4,3,3,5 Шерханның математика пәні бойынша орта бағасын анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: 3,89

  19. Қабырғалары 5см,5 см,6 см болатын теңбүйірлі үшбұрыштың табан қабырғасына түсірілген биіктігін табыңыз.

    Дұрыс жауап: 4 см

  20. Көршіміз Талғат ағадан телефон нөмірін сұрадым. Ол маған «4-ші және 5-ші цифрі бір санның квадраты, 6-шы және 7-шісі бір санның кубы. Алғашқы үш цифр бір санның төртінші дәрежесі»-деді. Талғат ағаның нөмірі қандай?

    Дұрыс жауап: 2563627

  21. 0,58(3) периодты бөлшегі үшін қысқартылмайтын қарапайым бөлшекті табыңыз. Алымы мен бөлімінің айырмасын жазыңыз.

    Дұрыс жауап: 5

  22. 3 10 саны қандай цифрмен аяқталады?

    Дұрыс жауап: 9

  23. Семинарға қатысушылардың саны 200. Олардың 20-сы ағылшын тілін де, неміс тілін де білмейді. 150 адам ағылшын тілін, 120 адам неміс тілін біледі. Неше адам екі тілді де біледі?

    Дұрыс жауап: 90

  24. 1, 2, 3 цифрлары арқылы жазылатын және цифрлары қайталанбайтын барлық үштаңбалы сандардың қосындысы неге тең?

    Дұрыс жауап: 1332

  25. Бір құбыр бассейнді 5 сағатта, ал екіншісі одан 2 есе артық уақытта толтырады. Егер құбырлар бір мезгілде жұмыс істесе, онда бассейн неше сағаттан кейін суға толады?

    Дұрыс жауап: 3 сағ 20 мин

  26. Асқар көшеден бір газет парағын тауып алды. Оның бір жағында 27-ші бет , ал екінші жағында 10-шы бет жазулы тұрды. Сонда газет неше беттен тұрған?

    Дұрыс жауап: 36

  27. Екі санның арифметикалық ортасы 18-ге, ал айырымы 14-ке тең. Осы сандарды табыңыз.

    Дұрыс жауап: 11 және 25

  28. БЕСБАРМАҚ сөзінің сандық белгісін табыңыз:

    Дұрыс жауап: 215283789

  29. Электрон сағат 19 сағат 57 минут 31 секундты (19:57:31) көрсетіп тұр. Ең кем дегенде неше секундтан кейін осы сағат бетіндегі барлық цифрлар өзгеретінін анықтаңыз:

    Дұрыс жауап: 149

  30. Балабақшада 30 бала айнала қол ұстасып тұр. Әрбір қыздың оң жағында ұл тұр. Ұлдардың тең жартысының оң жағында ұл, ал қалған жартысының оң жағында қыз тұр. Ойынға қатысып тұрған қыздар саны қанша?

    Дұрыс жауап: 10

  31. Фарида кітапты ашқанда оң және сол жақ беттері екі беттің нөмірленген сандарының қосындысы 23-тен үлкен 27-ден кіші сан болатынын байқады. Ал олардың көбейтіндісі нешеге тең болады?

    Дұрыс жауап: 156

  32. Мұрат пен Дәуреннің жастарының қосындысы 80-ге тең. Мұраттың жасы қазіргі Дәуреннің жасындай болған кезде, Дәурен Мұраттан екі есе кіші болған болса, қазір Дәурен неше жаста?

    Дұрыс жауап: 32

  33. Нұргүлге 16 пәннен жылдық бағалар қойылды. Оның орташа ұпайы 4,25 болды. Орташа ұпайы 4,5 болу үшін ол неше пәннен бағасын 1 ұпайға көтеру керек?

    Дұрыс жауап: 4

  34. Бақылау жұмысын жазған 27 оқушы «4» және «5» деген бағалар алды. «5» және «4» алған балалардың саны 5:4 қатынасындай. «4» алғандар «5» алғандардан қаншамасы кем?

    Дұрыс жауап: 3

  35. Мына тізбек қандайда бір заңдылықпен құрылған? Сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес 8, 13, 18, 23, ?

    Дұрыс жауап: 28

  36. Спортшы алғашқы минутында 400 м жүгіріп өтті, ал келесі минуттарында алдыңғыдан 5 м кем жүгіріп отырды. Ол 1 сағатта қанша жол жүгіріп өтті?

    Дұрыс жауап: 15150

  37. Тізбектес екі натурал санның көбейтіндісі 182-ге тең. Осы сандардың қосындысын табыңыз.

    Дұрыс жауап: 27

  38. 1, 2, 3, 5, 6, 7 цифрларынан неше бес таңбалы сандар құрастыруға болады?

    Дұрыс жауап: 7776

  39. 2012 жылы ақпан айында 29 күн болды. Мұндай құбылыс төрт жылда бір рет болатыны белгілі. 2001 мен 2065 жылдар аралығында осындай қанша жыл болды?

    Дұрыс жауап: 16

  40. A+3=B−4=C+5=DA + 3 = B - 4 = C + 5 = D болса, онда A,B,C,DA, B, C, D натурал сандарының қайсысы ең кіші?

    Дұрыс жауап: C

  41. Цилиндр тәріздес ыдысқа көлемі 8643см3\frac{864}{\sqrt{3}} см^{3} болатын су құйылды. Сонда судың биіктігі 48 см болды. Одан кейін ыдысқа шар салынды. Шар суға батқаннан кейін сұйықтық 2 см-ге көтерілді (π=3\pi = 3). Ш…

    Дұрыс жауап: 36 см*2

  42. Оқушылар саябаққа 96 ағаш отырғызды. Әр қатарға 12 түп ағаштан бар екенін ескерсек, 49-шы ағаш нешінші қатарға тиісті?

    Дұрыс жауап: 5

  43. Бақылау жұмысын жазған 21 оқушы «4» және «5» деген бағалар алды. «5» және «4» алған балалардың саны 2:1 қатынасындай. «5» алғандар «4» алғандардан қаншасы артық?

    Дұрыс жауап: 7

  44. Теңдеуді шешіңіз: 5,7:(3x+5)=1,9:4

    Дұрыс жауап: 73\frac{7}{3}

  45. Олжас d теңгеге 9 шоколад алды. 17 шоколад қанша теңге тұрады?

    Дұрыс жауап: Тапсырмаға сурет

  46. Сырты толығымен жасыл түске боялған шаршыны 27 өзара тең шаршыларға бөліп тастады. Тек бір жағы боялған шаршылар саны қанша?

    Дұрыс жауап: 6

  47. Топтағы 20 оқушының бесеуі сабаққа дайындалмаған. Кейдейсоқ сабақ айтуға шыққан екі оқушының сабаққа дайындалмаған болуының ықтималдығын табыңыз.

    Дұрыс жауап: 119\frac{1}{19}

  48. Бір аптада дүкеннен 19 адам теледидар сатып алды, 13 адам мұздатқыш сатып алды. Олардың 8-і мұздатқыш та, теледидар да сатып алды. Неше адам теледидар ғана алды? Неше адам мұздатқыш қана сатып алды?

    Дұрыс жауап: 11; 5

  49. Бір ауданда жаңадан 100 тұрғын үй тұрғызылды. Бұл үйлерді нөмірлеуге арналған кестелерді жасау барысында 5 цифры неше рет қолданылады?

    Дұрыс жауап: 20 рет

  50. 63 саны қандайда бір төрт санның қосындысы ретінде жіктелген. Ол төрт сан мынандай:бірінші белгісіз санға 2-ні қосып, екіншісі сол белгісіз саннан 2-ні азайтып, үшіншісі сол белгісіз санды 2-ге көбейтіп, төртіншісі сол б…

    Дұрыс жауап: 14