Ustazdyq

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, 4-сынып: ББЖМ

116 сұрақ · 1-бет, барлығы 3 бет

Жинақ туралы

«ББЖМ» бөліміндегі «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, 4-сынып» жинағында дұрыс жауаптары бар 116 сұрақ бар.

ББЖМ (орысша МОДО) — білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі, ол 4 және 9-сыныптарда өткізіледі. Сұрақтар сыныптар бойынша бөлінген: 4-сыныпта оқу сауаттылығы, математика және жаратылыстану, 9-сыныпта физика, химия, биология және география қосылады. Оқу тапсырмаларына мәтін тіркелген.

Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.

Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.

  1. Қазақстанда көлемі бойынша үлкен көлді тап

    Дұрыс жауап: Балқаш

  2. Қазылған жерлердегі үлкен ойыстар... деп аталады

    Дұрыс жауап: карьерлер

  3. Ұшы-қиыры жоқ су кеңістігі ... деп аталады.

    Дұрыс жауап: мұхит

  4. Көбелектер жұмыртқасын қайда жасырады? Дұрыс жауабын белгіле.

    Дұрыс жауап: Жапырақтың астыңғы бетіне

  5. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын қалай атайды, көрсет.

    Дұрыс жауап: Жел

  6. Ағзалардың арасындағы тіршілік (аумақ, қорек) үшін күресу, өзара талас қалай аталатындығын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: бәсекелестік

  7. Өсімдік әлеміне зиян келтіретін табиғи құбылысты атаңыз.

    Дұрыс жауап: бұршақ

  8. Фосфор алынатын фосфорит кені шоғырланған жерді анықтаңыз

    Дұрыс жауап: Қаратау

  9. Жер бетіндегі мұхит санын табыңыз.

    Дұрыс жауап: 4

  10. Жылу сүйгіш өсімдікті тап.

    Дұрыс жауап: Мақта

  11. Фотосинтез жүру үшін маңызды жағдайды көрсет

    Дұрыс жауап: Су, көмірқышқыл газ, күн сәулесі

  12. Жер қыртысындағы кеннің жалпы мөлшері қалай аталатындығын анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: қазбалар қоры

  13. Байқоңыр ғарышайлағы ...жылдан бері жұмыс істеп келеді

    Дұрыс жауап: 1957

  14. Жер қыртысынан қазып алынып, адам қажетіне жарататын табиғи ресурс түрлері... деп аталады.

    Дұрыс жауап: пайдалы қазбалар

  15. Ас ағзадан ... сағатта қорытылады.

    Дұрыс жауап: 7-9

  16. Кенсіз пайдалы қазбалар:

    Дұрыс жауап: фосфорит, әктас, ас тұз

  17. Қазақстандағы қайталанбас әсем шатқалдың атауын табыңыз.

    Дұрыс жауап: Шарын

  18. Биосфера деген сөздің анықтамасын тап.

    Дұрыс жауап: Тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы

  19. Жыл мезгілінің ауысуы себебін тап.

    Дұрыс жауап: Жер осінің көлбеулігінің әсерінен

  20. Табиғаттағы су айналымына қатысады:

    Дұрыс жауап: мұхит, теңіз, көл, өзен, жер асты сулары, мұздық, атмосфера суы

  21. Даму кезеңі үш сатыдан тұратын бунақденеліні көрсет

    Дұрыс жауап: Шегіртке

  22. Қоңыр балдырды басқаша қалай атайтынын белгіле.

    Дұрыс жауап: Ламинария

  23. Ең жарық орман

    Дұрыс жауап: Қарағай орманы

  24. Жауын-шашын түрлері:

    Дұрыс жауап: жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау, қылау

  25. Судағы ең алып жануардың бірі:

    Дұрыс жауап: кит

  26. Бүйрек арқылы тәулігіне шамамен сүзіліп, тазаратын қан мөлшерін белгіле.

    Дұрыс жауап: 1500 литр

  27. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғатынын белгіле.

    Дұрыс жауап: 1 минутта 60-80 рет

  28. Мұнайды өндірудің әдісін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Бұрғылау әдісі

  29. Атмосфера... білдіреді

    Дұрыс жауап: ауа қабығы

  30. Көбелек пен гүлдің арасындағы қарым-қатынас ...

    Дұрыс жауап: симбиоз

  31. Сарқылмайтын табиғат ресурстарын табыңыз.

    Дұрыс жауап: күн энергиясы, жел, ауа, су

  32. Ылғал сүйгіш өсімдікті белгіле

    Дұрыс жауап: Бақбақ

  33. Жан-жағынан су қоршап жатқан құрлық атауы.

    Дұрыс жауап: материк

  34. Архимед күші деп ... атаймыз

    Дұрыс жауап: кері итеруші күш

  35. Жер бедерінің түрлері берілген жолды таңда

    Дұрыс жауап: Тау, жазық, ойыс

  36. «Террикон» анықтамасын белгіле.

    Дұрыс жауап: Пайдалы қазбаларды өндіруден қалған бостау жыныстарының үйіндісі

  37. Тірі табиғатты қорғауға сенің қосар үлесің қандай болар еді?

    Дұрыс жауап: оқу құралдарын ұқыпты ұстау

  38. Ерітінді дегеніміз:

    Дұрыс жауап: біртектес қоспа

  39. Жасанды графит неден алынатынын табыңыз.

    Дұрыс жауап: көмірден

  40. Мына заттардан тәжірибе жасау барысында қандай нәтиже алатынын тап. Картоп, үккіш, стакандағы су, суқұйғы, сүзгі, йод.

    Дұрыс жауап: Картоптан крахмалды алу

  41. Өсімдіктің тіршілік циклі неден басталады?

    Дұрыс жауап: тұқым

  42. Фотосинтез деген бұл ___________________

    Дұрыс жауап: Өсімдіктердің жасыл мүшесінде глюкозаның түзілуі мен өттектің бөлінуі

  43. Жүйке жүйесін құрайды:

    Дұрыс жауап: ми, жұлын, жүйкелер

  44. Қорғасын мен мырыштың мол кені таралған облысты көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Шығыс Қазақстан

  45. Өсімдікке жасыл түс беретін нұсқаны белгіле.

    Дұрыс жауап: Хлорофилл

  46. Кішкентай балалардың тамырының соғуы минутына...

    Дұрыс жауап: 120 рет

  47. Зерттеу барысында жіберілген қатені жою үшін ... керек.

    Дұрыс жауап: экспериментті қайта жасау

  48. Температура әсерінен заттың қатты күйден сұйық күйге айналу үдерісі табыңыз.

    Дұрыс жауап: балқу

  49. Табиғаттағы ауаның қозғалысы.... деп аталады.

    Дұрыс жауап: жел

  50. Өскін дегеніміз:

    Дұрыс жауап: тұқымнан өнетін өсімдік бастамасы