Физика: Біліктілік тестілеу (ОЗП)
220 сұрақ · 2-бет, барлығы 5 бет
Жылулық қозғалыс деп нені айтады?
Дұрыс жауап: Молекулалар мен атомдардың ретсіз (хаостық) қозғалысын
Броундық қозғалыс деп нені айтады?
Дұрыс жауап: Сұйықтың немесе газдың ішіндегі бөгде бөлшектердің ретсіз бейберекет қозғалысын
Температураның физикалық мағынасы нені сипаттайды?
Дұрыс жауап: Молекулалардың жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын және газ қысымын
Диффузия деп нені айтады?
Дұрыс жауап: Бір заттың бөлшектерінің екінші заттың бөлшектерінің арасына өтіп, өзара араласып таралуын
Диффузия жылдамдығының артуының негізгі себебі неде?
Дұрыс жауап: Температура артқан сайын молекулалардың қозғалыс жылдамдығының артуы
Абсолют температуралық шкала (Кельвин шкаласы) нені негізге алады?
Дұрыс жауап: Температура төмендеген сайын газ көлемінің азайып, абсолют нөлге ұмтылуы туралы ғылыми гипотезаны
Дененің механикалық энергиясы нөлге тең болған жағдайда ол неге айналады?
Дұрыс жауап: Энергияның басқа бір түріне, яғни ішкі энергияға айналады
Ішкі энергия деп нені айтады?
Дұрыс жауап: Затты құрайтын барлық бөлшектердің кинетикалық энергиялары мен олардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергияларының қосындысын
Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері қандай?
Дұрыс жауап: Жұмыс істеу және жылу алмасу (жылу берілу) арқылы
Термодинамика нені зерттейді?
Дұрыс жауап: Табиғаты әртүрлі құбылыстардағы энергияның түрленуінің жалпы заңдылықтарын
Жылу алмасудың жылуөткізгіштік пен конвекция арқылы жүруін сипаттаңыз.
Дұрыс жауап: Жылуөткізгіштік – дене бөлшектерінің өзара әрекеттесуі арқылы энергияның қызған бөліктен салқын бөлікке берілуі; конвекция – сұйықтар мен газдардың ағымы арқылы энергияның берілуі
Қайнау деп нені айтады?
Дұрыс жауап: Сұйықтың бетінде ғана емес, ішкі көлемінде де бу көпіршіктері түрінде қарқынды бу түзілу процесін
Меншікті булану жылуы деп нені айтады?
Дұрыс жауап: Тұрақты қайнау температурасында заттың бір өлшем массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін
Термодинамиканың бірінші заңы тұрғысынан жүйенің ішкі энергиясының өзгеру жолдары қалай түсіндіріледі?
Дұрыс жауап: Жүйенің ішкі энергиясы сыртқы күштердің немесе жүйенің өзі атқарған жұмысы арқылы және жылу беру не жылу алу арқылы өзгереді
Термодинамиканың екінші заңы (Клаузиус постулаты) нені тұжырымдайды?
Дұрыс жауап: Жалғыз ғана нәтижесі энергияны салқын денеден жылырақ денеге өткізетін процестің өздігінен жүзеге асуы мүмкін емес
Біртекті электр өрісі деп нені айтады?
Дұрыс жауап: Кернеулік векторлары барлық нүктелерде бірдей электр өрісін
Кулон заңы қандай шартта және нені сипаттайды?
Дұрыс жауап: Вакуумда орналасқан қозғалмайтын нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу күші зарядтардың көбейтіндісіне тура, арақашықтық квадратына кері пропорционал екенін сипаттайды
Конденсатордың электр сыйымдылығы деп нені айтады?
Дұрыс жауап: Конденсатор зарядының оның астарлары арасындағы кернеуге (потенциалдар айырымына) қатынасымен анықталатын физикалық шаманы
Гаусс теоремасы нені тұжырымдайды?
Дұрыс жауап: Вакуумда кез келген тұйық беттен өтетін электр өрісі кернеулік векторының ағыны сол бет ішіндегі толық зарядқа пропорционал
Зарядтың сақталу заңы нені тұжырымдайды?
Дұрыс жауап: Тұйық жүйеде зарядтар ешқайдан алынбайды және ешқайда жойылмайды, зарядтардың алгебралық қосындысы өзгеріссіз қалады
Электростатикалық индукция (әсер арқылы электрлену) дегеніміз не?
Дұрыс жауап: Өткізгіш электр өрісіне түскенде оның бір жағында оң, екінші жағында шамасы тең теріс зарядтардың пайда болуы
Электр тогы деп нені айтады?
Дұрыс жауап: Өткізгіш ортада электр өрісінің әсерінен еркін зарядтардың реттелген қозғалысын
Индукциялық ток қашан пайда болады?
Дұрыс жауап: Магнит пен контурдың бір-біріне қатысты қозғалысы кезінде
Гравитациялық өрістің кернеулігі (g) деп нені айтады?
Дұрыс жауап: Өрістің берілген нүктесінде орналасқан бірлік массалы денеге гравитациялық өріс қандай күшпен әсер ететінін көрсететін физикалық шама
Плазма деп нені айтады?
Дұрыс жауап: Оң және теріс зарядтарының мөлшері өзара тең болып, электрлік жағынан бейтарап зат күйін
Электр өрісі деп нені айтады?
Дұрыс жауап: Зарядталған денелердің айналасында электрлік өзара әсерлерді тасымалдайтын күшті өрісті
Магнит индукция векторы деп нені айтады?
Дұрыс жауап: Магнит өрісі тарапынан ұзындығы 1 м бойымен бірлік ток өтіп жатқан өткізгішке әсер ететін күшке тең физикалық шама
Айнымалы ток деп нені айтады?
Дұрыс жауап: Өткізгіштегі зарядталған бөлшектердің периодты түрде өзгеріп отыратын сыртқы электр қозғаушы күш әсерінен болатын еріксіз тербелістері
Радиобайланыс каналындағы жиіліктің рөлі қандай?
Дұрыс жауап: Радиотолқындардың нақты тұтынушылар арасында байланыс үшін қолданылатын және ерекшеленген жиілігін анықтайды
Жарықтың корпускулалық-толқындық табиғаты бойынша корпускулалық сипат қандай құбылыстарда айқын көрінеді?
Дұрыс жауап: Фотоэффект және комтон эффектісі кезінде
Инфрақызыл сәулелердің қасиеттері қандай физикалық құбылыстармен сипатталады?
Дұрыс жауап: Заттың жылулық қозғалысын күшейтуімен
Жарық спектрін зерттегенде қолданылатын негізгі құрал қандай?
Дұрыс жауап: Спектрометр
Фотоэффект заңына сәйкес, жарық түсіргенде металл бетінде электрондар шығуы қандай шартқа байланысты?
Дұрыс жауап: Жарық жиілігіне
Жарық қысымы деп нені айтады?
Дұрыс жауап: Жарық сәулесінің затқа түскен кезде әрекет ететін механикалық күшін
Электрмагниттік толқындардың шкаласында рентген сәулелері қай жиілік диапазонына жатады?
Дұрыс жауап: 10¹⁶ – 10²⁰ Гц
Томография әдісінің негізгі физикалық принципі неде?
Дұрыс жауап: Электромагниттік сәулелердің денеден өтуі мен сіңуін өлшеу
Комтон эффектісі қандай табиғаттағы сәулемен байланысты?
Дұрыс жауап: Рентген сәулесімен
Фотоэффектіні қолдану қай салаларда маңызды?
Дұрыс жауап: Электроника, фотометрия, суретке түсіру
Жарықтың химиялық әсері дегеніміз не?
Дұрыс жауап: Жарық түскенде заттарда химиялық реакциялар туындауы
Табиғи радиоактивтілік кезінде бірдей атомдардан тұратын радиоактивті заттың ядросы уақыт өте келе қандай заңға бағынады?
Дұрыс жауап: Экспоненциалды ыдырау заңына
Атом ядросының нуклондық моделіне сәйкес ядроның құрамына не кіреді?
Дұрыс жауап: Протондар мен нейтрондардан (нуклондар)
Ядродық нуклондардың байланыс энергиясы неге тең?
Дұрыс жауап: Ядроны құраушы нуклондарды бір-бірімен байланыстыратын энергия
Ядролық бөліну кезінде қандай құбылыс байқалады?
Дұрыс жауап: Ауыр ядро екіге бөлініп, энергия бөлінеді
Тізбекті ядролық реакцияларда критикалық масса нені білдіреді?
Дұрыс жауап: Ядролық реакция өздігінен үдемелі түрде жүру үшін қажет минималды масса
Радиациядан қорғануда негізгі қағидалардың бірі не?
Дұрыс жауап: Уақытты қысқарту, арақашықтықты арттыру, экрандау
Ядролық реакторда негізгі энергия шығару процесі қандай ядролық реакцияға негізделеді?
Дұрыс жауап: Уран немесе плутонийдің бөліну реакциясы
Нанотехнологиялардың негізгі жетістіктерінің бірі қандай?
Дұрыс жауап: Наноөлшемді материалдар мен құрылымдарды жасау және қолдану
Қараңғы энергияның рөлі әлемнің үдемелі кеңеюіне қалай әсер етеді?
Дұрыс жауап: Ғарыш кеңістігінің үдемелі кеңеюін туғызады
Үлкен жарылыстар теориясына сәйкес әлемнің алғашқы кезеңінде қандай құбылыс болды?
Дұрыс жауап: Өте жоғары температура мен тығыздықтағы кеңею
Айнымалы конденсатордың сыйымдылығын 75 пФ-ға өзгерткенде тербеліс контурында еркін тербелістердің жиілігі 10 МГц-тен 5 МГц-ке дейін азайды. Контурдың бастапқы сыйымдылығы қандай?
Дұрыс жауап: 25 пФ