Ustazdyq

Физика: ГАШ

37 сұрақ

Жинақ туралы

«ГАШ» бөліміндегі «Физика» жинағында дұрыс жауаптары бар 37 сұрақ бар.

ГАШ — мектептерді мемлекеттік аттестаттау: 4 және 9-сынып оқушыларын негізгі пәндер бойынша тестілеу. Бөлімде тапсырмалардың қалай құрылатынын алдын ала көру үшін жауаптары бар сұрақтар жиналған.

Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.

Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.

  1. Орфографиялық принциптердің бірін көрсет

    Дұрыс жауап: Фонетикалық

  2. Балалар балапанды аяп, ұясына апарып қойды. Сөйлем түрін анықта.

    Дұрыс жауап: Сабақтас құрмалас

  3. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Күн бұлттанғандықтан, төңірек күңгірт тартты.

  4. Салаласқа енген жай сөйлемдердің аралығына қандай жағдайда үтір қойылмайды?

    Дұрыс жауап: Жай сөйлемдер аралығында және жалғаулығы келгенде

  5. Адамды екі нәрсе қартайтпайды бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз. Тиісті тыныс белгісін қойыңыз:

    Дұрыс жауап: Қос нүкте

  6. Түскен жарықтың әсерінен металл бетінен электрондардың ыршып шығу құбылысы

    Дұрыс жауап: фотоэффект

  7. Серіппеге ілінген массасы 0,5 кг жүк 10 с аралығында 30 тербеліс жасайтын болса, серіппенің қатаңдығын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 177,47 Н/м

  8. Үш протоннан және екі нейтроннан тұратын атом ядросының байланыс энрегиясы 26,3 МэВ. Меншікті байланыс энергиясын анықтаңдар.

    Дұрыс жауап: 5,26 МэВ/нуклон

  9. Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құрал

    Дұрыс жауап: фотоэлемент

  10. Массасы 100 г жүк қатаңдығы 160 Н/м серіппеде тербеліс жасаған кездегі оның амплитудасы 15 см болды. Тербелістің толық энергиясын және ең үлкен жылдамдығын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 1,8 Дж; 6 м/с

  11. Физикалық жүйенің жұмыс істеу қабілетінің сандық өлшемі болатын скалярлық шама

    Дұрыс жауап: энергия

  12. Дене имульсінің халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігі:

    Дұрыс жауап: кг/м·с

  13. Сыртқы күштер әсер етпейтін денелер жүйесі:

    Дұрыс жауап: тұйық жүйе

  14. Спортсменді материялық нүкте деп есептеуге болатын жағдайды көрсетіңдер

    Дұрыс жауап: Алаңның ортасынан қарсы тараптың қақпасына жүгірген кезде

  15. Тікұшақ көлденең бағытта түзу бойымын 30 км ұшқаннан кейін, 90° бұрышпен бұрылып, тағы 40 км ұшты. Тікұшақтың жүрген жолы мен орын ауыстыруын табыңдар

    Дұрыс жауап: 70 км; 50 км

  16. Сыртқы периодты күштің әрекетінен туындайтын тербеліс

    Дұрыс жауап: еріксіз тербеліс

  17. Ядролық реактордың негізгі бөлігін құрайтын элементі

    Дұрыс жауап: белсенді аумақ

  18. Дене массасының оның жылдамдығына көбейтіндісімен анықталатын физикалық шама

    Дұрыс жауап: дене импульсі

  19. Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісіне тең физикалық шама

    Дұрыс жауап: күш импульсі

  20. Қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары

    Дұрыс жауап: жаңғырық

  21. Дене 27 м биіктіктен еркін түседі. Осы биіктікті әр бөлігін бірдей уақытта жүріп өтетеіндей үш бөлікке бөліңдер.

    Дұрыс жауап: 3 м; 9 м; 15 м

  22. Егер тербелмелі контурдағы конденсатордың сыйымдылығын 2 есе арттырып, ал, катушканың индуктивтілігін 8 есе азайтса, бұл контур жұмыс істейтін толқын ұзындығы қалай өзгеретіндігін анықтаңдар.

    Дұрыс жауап: 2 есе азаяды

  23. Массасы 180 кг тыныштықтағы қайықтың үстінде массасы 60 кг адам қайықтың тұмсығынан артқы жағына қарай 3 м жылжитын болса, қайық қандай қашықтыққа жылжитынын есептеңдер. Судың кедергі күші ескерілмейді.

    Дұрыс жауап: 50 см

  24. Меркурий ғаламшарының көкжиектік параллаксы 14,4" болса оның Жерге дейінгі қашықтығын табыңдар. Жердің радиусы 6400 км деп есептеңдер

    Дұрыс жауап: 92 млн.км

  25. Массасы 0,6 кг балта ағашқа 2 м/с жылдамдықпен соқтығысса және соқтығысу уақыты 0,01 с-қа созылған болса, онда соққы күшін табыңдар.

    Дұрыс жауап: 120 Н

  26. Массасы 60 кг адам 10 м/с жылдамдықпен қозғала отырып, массасы 80 кг жылдамдығы 15 м/с арбаға секіріп мінді. Денелер жүйесінің жылдамдығын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 12,9 м/с

  27. Радонның жартылай ыдырау периоды 3,82 тәулік. Егер оның бастапқы атомдарының саны 10⁵ болса, 7,64 тәуліктен кейін ыдыраған атомдар санын есептеңдер.

    Дұрыс жауап: 0,75 · 10⁵

  28. Дене имульсінің халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігі:

    Дұрыс жауап: кг ⋅ м/с

  29. Күш имульсінің халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігі:

    Дұрыс жауап: Н ⋅ с

  30. Толқынның бірдей тербеліс жасайтын, ең жақын орналасқан екі бөлшегінің арақашықтығы:

    Дұрыс жауап: толқын ұзындығы

  31. Шамасы 150 Н күштің әсерінен дене x = 100 + 5t + 0,5t² координатасымен өзгеретіндей түзусызықты қозғалады. Дененің массасын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 150 кг

  32. Массасы 4 кг дененің қозғалысы кезінде ол 800 Дж кинетикалық энергияға ие болса, оның қандай жылдамдықпен қозғалғанын есептеңдер.

    Дұрыс жауап: 20 м/с

  33. Жарық сәулесі сыну көрсеткіші n₁ = 1 ауадан сыну көрсеткіші n₂ = 1,5 шыныға өткен кезде оның жылдамдығы қалай өзгеретінін табыңдар. ( c = 3 ⋅ 10⁸ м/с )

    Дұрыс жауап: 1,5 есе азаяды

  34. Массасы 40 кг дене тыныштық қалпынан 8 с аралығында еркін түседі. Ауырлық күшінің жұмысын табыңдар (g=10 м/с² ).

    Дұрыс жауап: 128 кДж

  35. Қатаңдығы 400 Н/м серіппелі маятникке ілінген жүктің массасын өзгертпей, қатаңдығы 100 Н/м серіппемен алмастырылса, тербеліс периоды қалай өзгеретінін анықтаңдар.

    Дұрыс жауап: 2 есе артады

  36. Кейбір биіктіктен еркін құлған дене, соңғы 200 м биіктіктен 4 с-та түскен болса, оның бастапқы биіктігін табыңдар. Еркін түсу үдеуі 10 м/с²

    Дұрыс жауап: 245 м

  37. Шамасы 15 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан автобус, апаттық тежелу басталған соң қанша уақыт өткенде тоқтайтынын анықтаңдар. Үйкеліс коэффициенті 0,3 тең. ( g = 10 м/с² )

    Дұрыс жауап: 5 с