Физика: Нөлдік срез
171 сұрақ · 1-бет, барлығы 4 бет
Жинақ туралы
«Нөлдік срез» бөліміндегі «Физика» жинағында дұрыс жауаптары бар 171 сұрақ бар.
Нөлдік срезді оқу жылының басында өткізеді: оқушылардың жазғы демалыстан кейін нені есте сақтағанын көру үшін. Пәндер бойынша сұрақтар мен жауаптар мұғалімге әдеттегі тапсырмалармен алдын ала танысып, сыныпты дайындауға көмектеседі.
Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.
Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.
Егер сыртқы кедергі 50 Ом болғанда тізбектегі ток 0,2 А, ал сыртқы кедергі 110 Ом болғанда тізбектегі ток күші 0,1 А болса, ток көзінің ішкі кедергісін есептеңдер.
Дұрыс жауап: 10 Ом
Егер сыртқы кедергі 50 Ом болғанда тізбектегі ток 0,2 А, ал сыртқы кедергі 110 Ом болғанда тізбектегі ток күші 0,1 А болса, қысқа тұйықталу ток күшін анықтаңдар.
Дұрыс жауап: 1,2 А
Өзара жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйе:
Дұрыс жауап: конденсатор
Уақыт бойынша өзгермейтін электр тогы:
Дұрыс жауап: тұрақты ток
Сыйымдылықтары 6 мкФ және 4 мкФ екі конденсатор өзара тізбектей жалғанған. Жүйенің жалпы сыйымдылығын есептеңдер.
Дұрыс жауап: 10 мкФ
Белсенді бөлігінің ұзындығы 1 см өткізгіш индукциясы 0,2 Тл магнит өрісінің векторына 60° бұрыш жасай орналасқан. Өткізгіште 1 В электр қозғаушы күш пайда (ЭҚК) болуы үшін өткізгішті қандай жылдамдықпен қозғалту керек ек…
Дұрыс жауап: 5,8 м/с
Индуктивтілігі 3,5 Гн реле орамында 105 В өздік индукция электр қозғаушы (ЭҚК) күші пайда болса, ток күшінің өзгеру жылдамдығын есептеңдер
Дұрыс жауап: 30 А/с
Атомдар мен молекулалардың бейберекет қозғалысы қалай аталады?
Дұрыс жауап: Жылулық қозғалыс
Сұйықтың немесе газдың ішінде бөгде бөлшектердің бейберекет қозғалысы қалай аталады?
Дұрыс жауап: Броундық қозғалыс
Бір заттың бөлшектерінің екінші заттың бөлшектерінің араларына өтіп, бір-бірімен өзара араласып таралуын қалай атайды?
Дұрыс жауап: Диффузия
Диффузия қатты денелерде өте тез жүруі үшін не істеуге болады?
Дұрыс жауап: Ысытуға
Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулааралық кеңістігіне еніп кетуі ...
Дұрыс жауап: диффузия
Диффузия тезірек жүруі үшін не істеуге болады?
Дұрыс жауап: Температураны ұлғайту
Қандай денеде диффузия баяу жүреді?
Дұрыс жауап: Қатты
Денелерді тесу барысында денелердің қызуының себебі неде?
Дұрыс жауап: Механикалық энергияның ішкі энергияға айналуы
Диффузияның жылдамдығы қандай параметрлерге тәуелді? І. Заттың агрегаттық күйіне ІІ. Заттың температурасына ІІІ. Заттың түсіне
Дұрыс жауап: І мен ІІ
Дененің ішкі энергиясын неше түрлі тәсілмен өзгертуге болады?
Дұрыс жауап: 2
Вакуумда электр тогын тасымалдауға мүмкіндік беретін құбылыс:
Дұрыс жауап: термоэлектрондық эмиссия
Шөлді аймақта неліктен күндіз ыстық, түнде салқын екендігін табыңдар
Дұрыс жауап: құмның меншікті жылу сыйымдылығы төмен болғандықтан
Кернеулігі 200 Н/Кл электр өрісіне 100 нКл зарядты енгізді. Осы зарядқа әсер ететін күшті есептеңдер.
Дұрыс жауап: 20 мкН
Таңертеңгі уақытта бойының ұзындығы 180 см адамның көлеңкесінің ұзындығы 4,5 м. Ал, ағаштың көлеңкесінің ұзындығы 30 м. Ағаштың биіктігін табыңдар.
Дұрыс жауап: 12 м
Кедергілері 540 Ом, 270 Ом және 135 Ом үш резистордан тұратын тізбек өзара параллель жалғанған болса, олардың жалпы кедергісін есептеңдер.
Дұрыс жауап: 77 Ом
Кедергісі 100 Ом өткізгішітің қиындысын теңдей бес бөлікке бөліп, алынған бөліктерді параллель жалғады. Осы жалғанған тізбектің жалпы кедергісін есептеңдер.
Дұрыс жауап: 4 Ом
Электродтарда заттардың бөліну құбылысы
Дұрыс жауап: электролиз
Параллель токтардың өзара әрекеттесуін зерттеген ғалым
Дұрыс жауап: А. Ампер
Тығылып отырған жерден бақылау жасауға мүмкіндік беретін оптикалық аспап
Дұрыс жауап: перископ
Сыйымдылықтары 3 нФ және 2 нФ конденсаторлар бір-бірімен тізбектей жалғанған кездегі жалпы сыйымдылықты табыңдар.
Дұрыс жауап: 1,2 нФ
Өткізгіштерді тізбектей жалғаған кезде тұрақты болатын физикалық шама
Дұрыс жауап: ток күші
Механикалық жұмыс атқару арқылы ішкі энергияны өзгертудің мысалын көрсетіңдер
Дұрыс жауап: балғамен темірді соғу
5 м/с жылдамдықпен қозғалатын массасы 3 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең?
Дұрыс жауап: 37,5 Дж
Тұңғыш рет үлкейткіш оптикалық түтікті ойлап жасаған?
Дұрыс жауап: Галилей
Жылу машинасы бір циклда қыздырғыштан 10 Дж жылу алып, салқындатқышқа 6 Дж жылу береді. Жылу машинасының ПӘК-ін табыңдар.
Дұрыс жауап: 40%
Екі параллель өткізгіш арқылы қарама-қарсы бағытта ток өткізсе, олар қалай әсерлесетінін көрсетіңдер.
Дұрыс жауап: тебіледі
Жүгі бар вагоншаның салмағы 3 кН. Егер үйкеліс күші жүгі бар вагоншаның 0,005 бөлігін құраса, вагоншаны бірқалыпты жылжыту үшін қандай күш қажет болатынын табыңыз.
Дұрыс жауап: 15 Н
Егер нәрсе ойыс айнаның центрі мен фокусы арасында орналасса қандай кескін алынатынын табыңдар.
Дұрыс жауап: нақты, кері, үлкейтілген
Идеал жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициенті 40%. Газ қыздырғыштан 5 кДж жылу алады. Салқындатқышқа берілген жылу мөлшерін табыңдар.
Дұрыс жауап: 3000 Дж
Ампер күшінің бағытын анықтайтын ережені анықтаңыз:
Дұрыс жауап: сол қол ережесі
Күннен Жерге энергия қандай тәсілмен берілетінін көрсетіңдер
Дұрыс жауап: Сәуле шығару
Жылжымайтын блок күштен қанша есе ұтыс беретінін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: ұтыс бермейді
Денелердің зарядталғанын анықтайтын құрал
Дұрыс жауап: электроскоп
Электрлампасының спиралі арқылы әр 5 минут сайын 600 Кл электр мөлшері өтетін болса, лампадағы ток күшін табыңдар
Дұрыс жауап: 2 А
Нәрседен жинағыш линзаға дейінгі қашықтық 40 см. Линзаның фокус аралығы 30 см. Линзадан кескінге дейінгі қашықтықты табыңдар.
Дұрыс жауап: 120 см
Егер нәрсе ойыс айнаның центрінде орналасса қандай кескін алынатынын табыңдар.
Дұрыс жауап: нақты, кері, өлшемдері бірдей
Конденсатордың заряды 0,4 мКл, ал астарларындағы кернеу 500 В. Конденсатордың энергиясын анықтаңдар.
Дұрыс жауап: 0,1 Дж
Термодинамиканың бірнші заңы үшін дұрыс нұсқаны көрсетіңіз
Дұрыс жауап: жылулық процестер үшін энергияның сақталу заңы
Өткізгіштерді тізбектей жалғаған кезде тұрақты болатын физикалық шама
Дұрыс жауап: ток күші
Егер нәрсе ойыс айнаның фокусы мен айна арасында орналасса қандай кескін алынатынын табыңдар.
Дұрыс жауап: тура, ұлғайтылған, жалған
Нәрседен линзаға дейінгі қашықтық 80 см. Нәрсенің шын кескінінен линзаға дейінгі қашықтық 30 см. Линзаның оптикалық күшін табыңдар.
Дұрыс жауап: 4,6 дптр
Газдың көлемі 20 л. Егер газдың өзінің 80 кПа қысымын өзгертпей 496 Дж жұмыс атқарған болса, көлемі қандай болатынын табыңдар.
Дұрыс жауап: 26,2 л
Асфальтті тегістейтін домалатқыш оған 300 кПа қысым түсіреді. Домалатқыш тірегінің ауданы 0,12 м². Домалатқыштың массасы қандай? (g = 10 H/кг)
Дұрыс жауап: 3,6 т