Ustazdyq

Физика: Тоқсандық бақылау

355 сұрақ · 4-бет, барлығы 8 бет

  1. Адам денесіне жоғарғы жиілікті радиотолқындардың әсері қандай өзгерістерге әкеледі?

    Дұрыс жауап: Су молекулаларының бағдарын өзгертеді

  2. Тербелмелі контурда жоғарғы жиілікті өшпейтін тербелістерді алу үшін қажетті аспаптар:

    Дұрыс жауап: Транзистор, кері байланыс катушкасы

  3. Тербелмелі контур ауада ұзындығы 300 м толқын шығарады. Индуктивтігі 2,5 мкГн контурдың сыйымдылығы қандай? Контурдың актив кедергісі ескерілмейді.

    Дұрыс жауап: 0,01 мкФ

  4. Егер автомобиль 60 км/сағ жылдамдықпен қоғалып бара жатса, оның қозғалысы қандай денемен салыстырылатынын белгілеңдер

    Дұрыс жауап: Жермен

  5. Жолдың көлденең бөлігін автомобиль 20 м/с жылдамдықпен 600 с бойы жүріп, одан кейін тік бағытта 10 м/с жылдамдықпен 1200 с бойы жүрді. Автомобильдің барлық жолдағы орташа жылдамдығын есептеңдер.

    Дұрыс жауап: 13,3 м/с

  6. Дене қозғалысы x=2+10t(м)x=2+10t(м) теңдеуімен сипатталады. Дененің жылдамдығын анықтаңдар

    Дұрыс жауап: 10 м/с

  7. «Физикалық шаманың өлшемі» ұғымына сәйкес келетін сөзді белгілеңдер.

    Дұрыс жауап: килограмм

  8. Шаршы пішініндегі кафель плитканың қабырғасы 15 см. Ауданы 5м25м^2 қабырғаны кафельмен қаптау үшін қанша плитка қажет болатынын есептеңдер.

    Дұрыс жауап: 223

  9. Векторлық физикалық шаманы көрсетіңдер.

    Дұрыс жауап: орын ауыстыру

  10. Бірінші велосипедші 12 с ішінде 6 м/с жылдамдықпен қозғалды. Ал екінші велосипедші осы жолды 9 с ішінде жүріп өтсе, екінші велосипедшінің жылдамдығын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 8 м/с

  11. Материялық нүкте радиусы 1 м шеңбер бойымен толық бір айналым жасаған кездегі орын ауыстыруын есептеңдер (π=3,14\pi=3,14)

    Дұрыс жауап: 6,28 м

  12. Жыл мезгілдерінің ауысуы бұл...

    Дұрыс жауап: заңдылық

  13. Ұзындығы 240 м поезд бірқалыпты қозғала отырып, 2 минут ішінде ұзындығы 360 м көпірден өтті. Поездың жылдамдығын есептеңдер.

    Дұрыс жауап: 5 м/с

  14. Жазықтығы әлем өсіне перпендикуляр болатын аспан сферасының бетіндегі шеңбер

    Дұрыс жауап: аспан экваторы

  15. Жергілікті талтүсте саяхатшы Гринвич уақыты бойынша 14 сағат 13 минут екендігін байқады. Бақылау орынының географиялық бойлығын анықтаңдар

    Дұрыс жауап: 2 сағат 13 минут батыс бойлық

  16. Жазғы күн тоқырау кезіндегі бақыланатын құбылысты көрсетіңдер

    Дұрыс жауап: солтүстік жарты шарда ең ұзақ күн

  17. Дененің уақыт өтуіне қарай, санақ денесіне қатысты орнын өзгертуі

    Дұрыс жауап: механикалық қозғалыс

  18. Массасы 60 кг адам қайықтың тұмсығынан артқы жағына қарай жылжыды. Егер қайықтың ұзындығы 3 м, массасы 120 кг болса, қайықтың қандай қашықтыққа орын ауыстырғанын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 1 м

  19. Айнымалы ток тізбегіне қосылған, тербеліс периоды 0,1 с болатын, индуктивтілігі 0,5 Гн катушканың индуктивтілік кедергісі неге тең?

    Дұрыс жауап: 31,4 Ом

  20. Шамасы 150 Н күштің әсерінен дене x=100+5t+0,5t2x=100+5t+0,5t^{2}координатасымен өзгеретіндей түзусызықты қозғалады. Дененің массасын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 150 кг

  21. Қатаңдық коэффициенті 100 кН/м трос массасы 2 т автомобильді 0,5м/с20,5м/с^{2} үдеумен сүйреу кезіндегі абсолют ұзаруын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 1 см

  22. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама

    Дұрыс жауап: күш

  23. Тарту күші 400 Н болатын арқанмен массасы 50 кг шананы горизонталь бағытта сүйрейді. Үйкеліс күші 100 Н болса, шананың үдеуі қандай?

    Дұрыс жауап: 6м/с2м/с^{2}

  24. Массасы 15 т автобус жылдамдығы vx=0,7tv_{x}=0,7tзаңымен өзгеретіндей қозғалады. Егер қозғалыстың үйкеліс коэффициенті 0,03 болса, тарту күшін табыңдар. (g=10м/с2g=10м/с^{2})

    Дұрыс жауап: 15 кН

  25. Массасы 15 кг снаряд атыс кезінде 600 м/с жылдамдық алады. Егер қару ұңғысының ұзындығы 1,8 м болса, оқ-дәрілердің снарядқа түсіретін орташа күшін табыңдар. Ұңғыдағы снарядтың қозғалысын теңүдемелі деп есептеңдер.

    Дұрыс жауап: 1,5 МН

  26. Массасы 1 т автомобиль 2 м/с2м/с^{2} үдеумен қозғалған кездегі тарту күшін есептеңіз.

    Дұрыс жауап: 3 кН

  27. Егер айдың массасы 7,33⋅1022кг7,33\cdot10^{22}кг, радиусы 1700 км болса, Айдағы еркін түсу үдеуін есептеңдер. (G=6,67⋅10−11H⋅м2/кг2G=6,67\cdot 10^{-11}H\cdotм^{2}/кг^{2})

    Дұрыс жауап: 1,68 м/с2м/с^{2}

  28. Шамасы 15 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан автобус, апаттық тежелу басталған соң қанша уақыт өткенде тоқтайтынын анықтаңдар. Үйкеліс коэффициенті 0,3 тең. (g=10м/с2g=10м/с^{2})

    Дұрыс жауап: 5 с

  29. Бала ұзындығы 13 м, биіктігі 5 м мұз қатқан еңістік бойымен қозғалады. Баланың үдеуін анықтаңдар. Үйкеліс ескерілмейді. Еркін түсу үдеуінің мәнін (g=10м/с2g=10м/с^{2}) деп есептеңіз.

    Дұрыс жауап: 3,85м/с23,85м/с^{2}

  30. Инерттіліктің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы көрсетіңдер

    Дұрыс жауап: масса

  31. Ұшақ радиусы 100 м «өлі тұзақ» жасай ұшып, 288 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Егер ұшқыштың массасы 80 кг болса, ол тұзақтың ең жоғары нүктесінде ұшақ орындығына қандай күш түсіретінін есептеңдер.

    Дұрыс жауап: 4,3 кН

  32. Егер массасы 6 кг дененің қозғалыс жылдамдығы vx=5+4tv_x=5+4t заңымен өзгерсе, оған әсер ететін күшті табыңдар.

    Дұрыс жауап: 24 Н

  33. Массасы 65 кг спортсмен биіктігі 10 м мұнарадан суға 13 м/с жылдамдықпен секірген кездегі кедергі күшті табыңдар. (g=10м/с2g=10м/с^{2})

    Дұрыс жауап: 100,8 Н

  34. Салмағы 270 Н болуы үшін алюминийдің қандай көлемі қажет екенін анықтаңдар (ρ=2700кг/м3,g=10Н/кг\rho=2700кг/м^{3}, g=10Н/кг).

    Дұрыс жауап: 10дм310 дм^{3}

  35. Көлденең бағытта әсер еткен 12 Н күштің әсерінен дене x=x0+t2x=x_{0}+t^{2}заңымен қозғалады. Егер үйкеліс коэффициенті 0,1 болса, дененің массасын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 4 кг

  36. Ұшқыш, радиусы 360 м «өлі тұзақтың» жоғары нүктесінде өзін салмақсыз сезіну үшін қандай жылдамдықпен ұшуы керек екенін табыңдар. (g=10м/с2g=10м/с^{2})

    Дұрыс жауап: 60 м/с

  37. Денелердің Жерге тартылу күші

    Дұрыс жауап: ауырлық күші

  38. Массасы 400 г тыныштықтағы дене 8 Н күштің әсерінен 36 км/сағ жылдамдық алды. Дененің жүріп өткен жолын есептеңдер.

    Дұрыс жауап: 2,5 м

  39. Салмағы 600 Н адам лифтіде жоғары қарай 2 м/с2м/с^{2}үдеумен көтеріледі. Оның лифт еденіне түсіретін қысым күші қандай? (g=10 м/с2м/с^{2})

    Дұрыс жауап: 720 Н

  40. Массасы 3 т автомобиль қисықтық радиусы 50 м ойыс көпір арқылы 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Автомобиль көпірді қандай күшпен қысатынын есептеңдер. (g=10м/с2g=10м/с^{2})

    Дұрыс жауап: 24 кН

  41. Екі бала динамометрді екі жаққа қарай 80 Н күшпен тартуда. Динамомтер нені көрсететінін анықтаңдар.

    Дұрыс жауап: 80 Н

  42. Көлемі 25 л бензиннің салмағын есептеңдер. Бензиннің тығыздығы 710кг/м3710кг/м^{3}. Еркін түсу үдеуі g=10Н/кгg=10Н/кг.

    Дұрыс жауап: 177,5 Н

  43. Массасы 2 кг ағаш кесегін ағаш үстелдің бетімен көлденең бағытта, қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен тартады. Үйкеліс коэффициенті 0,3. Серіппенің ұзаруын табыңдар. (g=10Н/кгg=10Н/кг)

    Дұрыс жауап: 6 см

  44. Массасы 2 кг денеге 10Н күш әсер етеді. Дененің үдеуі қандай?

    Дұрыс жауап: 5м/с2м/с^{2}

  45. Көлемі 120м3120 м^{3} бөлме температурасы 15∘15^{\circ}-та ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 %. Бөлме ауасындағы су буының массасын табыңдар. 15∘15^{\circ}-та қаныққан будың қысымы 1,71 кПа.

    Дұрыс жауап: 0,92 кг

  46. Егер газдың температурасы−13∘-13 ^{\circ} және қысымы 500 кПа кездегі көлемі 30 л болса, оның зат мөлшерін табыңдар ( R=8,31Дж/моль⋅KR = 8,31 Дж / моль \cdot K )

    Дұрыс жауап: 6,9 моль

  47. Жылу машинасы бір циклда қыздырғыштан 10 Дж жылу алып, салқындатқышқа 6 Дж жылу береді. Жылу машинасының ПӘК-ін табыңдар.

    Дұрыс жауап: 40%

  48. Қысымы 1,3⋅1051,3 \cdot 10^{5} Па , орташа квадраттық жылдамдығы 1,4⋅103м/с1,4 \cdot 10^{3} м/с оттегінің тығыздығын анықтаңдар.

    Дұрыс жауап: 0,2 кг/м3кг/м^{3}

  49. Егер ауаның 1 куб метрінде 3,2 г су бар болса, ауа температурасы 12∘12^{\circ} кездегі оның салыстырмалы ылғалдылығын табыңдар. 12∘12^{\circ} кездегі қаныққан будың тығыздығы ρk=10,7гм3\rho_{k} = 10,7 \frac{г}{м^{3}}

    Дұрыс жауап: 30 %

  50. Көлемі 5м35 м^{3} молекулалардың 200 кПа қысымдағы массасы 6 кг болса, оның қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығы қандай болатынын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 707 м/с