Ustazdyq

Дүниежүзі тарихы: Тоқсандық бақылау

497 сұрақ · 1-бет, барлығы 10 бет

Жинақ туралы

«Тоқсандық бақылау» бөліміндегі «Дүниежүзі тарихы» жинағында дұрыс жауаптары бар 497 сұрақ бар.

Тоқсандық бақылау тесттері оқушының тоқсан материалын қаншалықты меңгергенін тексереді: көбіне бір дұрыс жауабы бар сұрақтар кездеседі. Мектеп пәндері бойынша жинақтарды бақылау жұмысына дейін қайталау үшін және өз тапсырмаларыңызды дайындау үшін пайдалануға ыңғайлы.

Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.

Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.

  1. Ежелгі Үндістанда басыбайлы құлдыққа жол ашты

    Дұрыс жауап: Мүліктік жіктелудің пайда болуы

  2. Буддизм осы мемлекетте пайда болды

    Дұрыс жауап: Үндістан

  3. Аккад жерінде тарихта бірінші болып тұрақты әскер құрған патша

    Дұрыс жауап: Саргон

  4. Қытайдағы «қызыл қастылар» көтерілісі кезінде билік еткен династия

    Дұрыс жауап: Хань династиясы

  5. «Егер адам байлыққа, атаққа және сый - құрметке ұмтылмаса, қайырымдылық жасап, қоғам алдындағы өзінің борышын атқарса онда бақытқа жетеді» -деп санаған ежелгі грек философиялық мектебінің өкілдері

    Дұрыс жауап: Стоиктер

  6. 1095 жылы Клермон соборында алғаш рет крест жорығын жариялаған Рим папасы

    Дұрыс жауап: Урбан ІІ

  7. Постиндустриалды өркениетте басым болған еңбек түрі

    Дұрыс жауап: Интеллектуалдық еңбек

  8. «Өркениет» ұғымын ғылымға енгізген француз ағартушылары

    Дұрыс жауап: Ф. Вольтер, Ш. Монтескье

  9. К. Ясперстің айтуынша мифтен қол үзіп, логосқа рухани бетбұрыс жасаған және өз тарихын жалғастырып отырған «өзекті халыққа» жататындар

    Дұрыс жауап: Қытай, Үнді, Грек

  10. «Таңдамалы» тақуалық өмір салтын ұстануы қажет, жеке дүниесі, отбасы, баспанасы болмауы керек, ет жеп, шарап ішпеуі тиіс, азық болатын шөпті жұлмауы керек» деп санаған иран жеріндегі діни ілім

    Дұрыс жауап: Манихейлік

  11. «Өркениет» ұғымын танудағы негізгі бағыттардың бірі – «сатылы бағыт» теориясын қарастырушылар

    Дұрыс жауап: К. Маркс, Ф. Энгельс

  12. Аграрлық өркениетте пайдаланатын ауылшаруашылық құралдарға жатпайды

    Дұрыс жауап: Станок

  13. Ежелгі Қытайда тұңғыш рет орталықтанған мемлекетті қалыптастырды

    Дұрыс жауап: Ин Чжэн

  14. «Махабхарата» және « Рамаяна» дастандары дүниеге келген ел

    Дұрыс жауап: Үнді

  15. Постиндустриалды өркениеттің ерекшелігі

    Дұрыс жауап: Қалдықсыз, экологиялық "жасыл технологияға" көшу

  16. Үшінші крест жорығын басқарған император

    Дұрыс жауап: І Фридрих Барбаросса

  17. Халықаралық сауда, қызмет көрсету салаларын реттейтін халықаралық ұйым

    Дұрыс жауап: Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)

  18. Месопотамия жерінде «құдайға барар қақпа» деп аталған қала

    Дұрыс жауап: Вавилон

  19. Еуропалықтар осы ғасырдан бастап өздері қағаз жасай бастады

    Дұрыс жауап: ХІІІ ғ.

  20. Ежелгі Египеттегі билеушілер лауазымы

    Дұрыс жауап: Перғауын

  21. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономикасы алдыға шыққан ел:

    Дұрыс жауап: АҚШ

  22. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) құрылды:

    Дұрыс жауап: 1945 жылы

  23. Үндістан мен Пәкістан тәуелсіздік алды:

    Дұрыс жауап: 1947 жылы

  24. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы апартеидті жою конвенциясын қабылдады:

    Дұрыс жауап: 1973 жылы

  25. АҚШ Филиппинге тәуелсіздік берді:

    Дұрыс жауап: 1946 жылы

  26. АҚШ-тың КСРО-ның ғарыштағы жетістіктеріне жауабы:

    Дұрыс жауап: Айға адам қондырды

  27. 1956 жылы Франция тәуелсіздік берген Солтүстік Африка елдері:

    Дұрыс жауап: Марокко мен Тунис

  28. 1979 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған конвенция:

    Дұрыс жауап: Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлеріне тыйым салу туралы конвенция

  29. 1959 жылы қабылданған Антарктика туралы шарттың негізгі мақсаты:

    Дұрыс жауап: Антарктикада әскери іс-әрекеттерге тыйым салу

  30. Солтүстікатлантикалық келісім ұйымы (НАТО) құрылды:

    Дұрыс жауап: 1949 жылы

  31. КСРО мен коммунизмге қарсы күрес үшін «ағылшын тілінде сөйлейтін халықтар қауымдастығын» құруды ұсынды:

    Дұрыс жауап: У. Черчилль

  32. 1985 жылы Люксембургтің Шенген қаласында жасалған келісім:

    Дұрыс жауап: Шекаралық және визалық бақылауды жеңілдету туралы келісім

  33. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды:

    Дұрыс жауап: 1948 жылы

  34. 1945 жылы ұлт-азаттық қозғалыстар жеңіске жеткен елдер:

    Дұрыс жауап: Ливан, Сирия, Камбоджа, Лаос, Вьетнам

  35. КСРО өзінің алғашқы атом бомбасын сынақтан өткізді:

    Дұрыс жауап: 1949 жылы

  36. Қырғи-қабақ соғыс кезінде АҚШ пен КСРО арасындағы басты бәсекелестік саласы:

    Дұрыс жауап: Ғарыш пен зымыран жасау

  37. Саяси одақтарды құрылу мерзімен сәйкестендіріңіз: 1. АМҰ (Америка мемлекеттер ұйымы) 2. СЕАТО (Оңтүстік Шығыс Азия келісімшарт ұйымы) 3. СЕНТО (Орталық келісімшарт ұйымы) 4. ВШҰ (Варшава шарты ұйымы) І. 1951 жылы ІІ.1948…

    Дұрыс жауап: 1-II,2-I,3-IV,4-III

  38. 1973 жылы ЕЭҚ құрамына қосылған елдер:

    Дұрыс жауап: Ұлыбритания, Ирландия, Дания

  39. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері:

    Дұрыс жауап: АҚШ, КСРО, Ұлыбритания, Қытай, Франция

  40. Үндістан мен Пәкістан арасындағы әлі күнге дейін шешілмеген жер мәселесі:

    Дұрыс жауап: Кашмир

  41. Ежелгі дәуірде дәнді ұнтақтау үшін пайдаланған құрал

    Дұрыс жауап: Дәнүккіш

  42. Адамдар өмірінде үлкен өзгерістер басталған дәуір

    Дұрыс жауап: Неолит

  43. Оңтүстік жəне солтүстік патшалықтар біріккен кезде патша киген қосарлы ақ жəне қызыл түсті тəждің атауы:

    Дұрыс жауап: Пшент

  44. Фетишизм дегеніміз

    Дұрыс жауап: Әр түрлі заттарға табыну

  45. Табиғаттың дайын өнімдерін тұтыну шаруашылығының атауы:

    Дұрыс жауап: Иемденуші шаруашылық

  46. Мысырлықтар "тірі өліктер" деп атаған топ:

    Дұрыс жауап: Тұтқындар

  47. Алғашқы қауымдық өнер пайда болған дәуір

    Дұрыс жауап: Кейінгі палеолит

  48. Күйдірілген балшықтан жасалынған бұйымдар

    Дұрыс жауап: Керамика

  49. 1879 жылы археолог Саутуола ежелгі суретшілер салған бизон суреттерін тапқан жер, үңгір

    Дұрыс жауап: Альтамира

  50. Мысыр жеріндегі ең үлкен əрі ұзын өзен:

    Дұрыс жауап: Ніл