Физика: Тоқсандық бақылау
355 сұрақ · 3-бет, барлығы 8 бет
Денелердің Жерге тартылу күші
Дұрыс жауап: ауырлық күші
Идеал жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициенті 40 %. Газ қыздырғыштан 5 кДж жылу алады. Салқындатқышқа берілген жылу мөлшерін табыңдар.
Дұрыс жауап: 3000 Дж
Газдың көлемі 20 л. Егер газдың өзінің 80 кПа қысымын өзгертпей 496 Дж жұмыс атқарған болса, көлемі қандай болатынын табыңдар.
Дұрыс жауап: 26,2 л
Егер газға 20 кДж жылу мөлшерін беріп, оған сырттан 30 кДж жұмыс атқарылған болса, газдың ішкі энергиясы қалай өзгеретінін табыңдар.
Дұрыс жауап: 50 кДж
Кернеулігі электр өрісіндегі тозаңға әсер ететін күш болса, тозаңдағы электрондар санын анықтаңдар. ()
Дұрыс жауап: 10000
Екі бірдей нүктелік заряд бір-бірінен 4 см қашықтықта 9 мН күшпен әсерлеседі. Әр зарядтың шамасын табыңдар. ()
Дұрыс жауап:
Өрістің кейбір нүктесінде 3 нКл зарядқа 0,6 мкН күш әсер етеді. Осы нүктедегі өріс кернеулігін есептеңдер.
Дұрыс жауап: 200 Н/Кл
Сыйымдылығы 10 мкФ конденсаторды зарядтау кезінде ол 800 нДж энергия алған болса, конденсаторға берілген зарядты табыңдар.
Дұрыс жауап: 4 мкКл
Газды қысымын өзгертпей қыздырған кезде 270 Дж жұмыс атқарылды. Егер газ ұлғайған кездегі оның көлемі 3 литрге өзгерген болса, газдың қысымын табыңдар.
Дұрыс жауап: 90 кПа
Радиусы 30 см металл шарға 6 нКл заряд берілді. Шардың бетіндегі электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар. ()
Дұрыс жауап: 600 Н/Кл
Әрқайсысының шамасы 6 нКл екі заряд, бір-бірімен 4 мН күшпен әсерлесетін болса, олардың арақашықтығын табыңдар. ()
Дұрыс жауап: 9 мм
Газ өзінің қысымын өзгертпей, 400 Дж жұмыс атқарды. Егер газдың көлемі 0,3м 3 -тен 0,6м 3 -ке өзгерген болса, газдың қысымын табыңдар.
Дұрыс жауап: 1,33 кПа
Заряды - 2 нКл су тамшысы, заряды 3 нКл су тамшысымен біріккен кезде пайда болған зарядты табыңдар.
Дұрыс жауап: 1 нКл
Егер зарядтан 5 см қашықтықта пайда болатын электр өрісінің кернеулігі 0,15*10 6 Н/Кл болса, зарядтың шамасын табыңдар. ()
Дұрыс жауап: 41,7 нКл
Сыйымдылықтары 3 нФ және 2 нФ конденсаторлар бір-бірімен тізбектей жалғанған кездегі жалпы сыйымдылықты табыңдар.
Дұрыс жауап: 1,2 нФ
Идеал бу машинасының пайдалы әрекет коэффициенті 60 %. Қыздырғыштың температурасы 227С болса, салқындатқыштың температурасын табыңдар.
Дұрыс жауап: 200 К
Термодинамиканың бірнші заңы үшін дұрыс нұсқаны көрсетіңіз
Дұрыс жауап: жылулық процестер үшін энергияның сақталу заңы
Шамалары 4 нКл және 2 нКл зарядтарды бір-бірімен түйістіріп, одан кейін бастапқы орынына алып барған кездегі әр зарядтың шамасын табыңдар.
Дұрыс жауап: 3 нКл
Термодинамиканың екінші заңы үшін Клаузис тұжырымдамасын белгілеңдер
Дұрыс жауап: жылу температурасы жоғары денеден температурасы төмен денеге беріледі
Кернеулігі 200 Н/Кл электр өрісіне 100 нКл зарядты енгізді. Осы зарядқа әсер ететін күшті есептеңдер.
Дұрыс жауап: 20 мкН
Сыйымдылықтары 3 нФ және 4 нФ конденсаторлар бір-бірімен тізбектей жалғанған кездегі жалпы сыйымдылықты табыңдар.
Дұрыс жауап: 1,7 нФ
Жылу машинасы бір циклда қыздырғыштан 10 Дж жылу алып, салқындатқышқа 6 Дж жылу береді. Жылу машинасының ПӘК-ін табыңдар.
Дұрыс жауап: 40%
Денелердің зарядталғанын анықтайтын құрал
Дұрыс жауап: электроскоп
Конденсатордың заряды 0,4 мКл, ал астарларындағы кернеу 500 В. Конденсатордың энергиясын анықтаңдар.
Дұрыс жауап: 0,1 Дж
Радий атомы ядросынан массасы 6,67*10 -27 кг альфа бөлшек 2*10 7 м/с жылдамдықпен ұшып шыққан болса, оның энергиясын табыңдар.
Дұрыс жауап: 1,33*10 -12 Дж
Cымның диаметрін өлшеу үшін оқушы ұзындығы 6 см сызғышқа 30 орам орады. Сымның диаметрін табыңдар.
Дұрыс жауап: 0,2 см
Автомобиль 0,5 сағат ішінде 9 км жол жүрді. Ол осындай жылдамдықпен қозғала отырып, 2 сағат ішінде қандай жол жүретінін табыңдар.
Дұрыс жауап: 36 км
Материялық нүкте радиусы 2 м шеңбер бойымен толық бір айналым жасаған кездегі орын ауыстыруын есептеңдер ()
Дұрыс жауап: 0
Ұзындығы 240 м поезд бірқалыпты қозғалып, көпірге жетеді. Поезд локомативі көпірге жетіп, оның соңғы вагоны көпірден шығып кетуіне 2 минут уақыт жұмсады. Егер көпірдің ұзындығы 360 м болса, поезд жылдамдығын есептеңдер.
Дұрыс жауап: 5 м/с
Оқушы қатарлау әдісі арқылы бір шариктің диаметрін есептеу үшін 9 шарикті алып, сызғыш бойына тізген кезде олардың ұзындығы 5,4 см болды. Бір шариктің диаметрі қанша екенін есептеңдер
Дұрыс жауап: 0,6 см
Доп 3 м биіктіктен төмен қарай лақтырылып, қайтадан 1 м биіктікке жоғары көтерілген кезде қағып алынған болса, оның орын ауыстыруын анықтаңдар.
Дұрыс жауап: 2 м
Бір мезгілде механикалық және жылулық болып табылатын құбылысты анықтаңдар.
Дұрыс жауап: ежелгі адамның үйкеліс арқылы отты жағуы
Физикалық құбылысты көрсетіңдер
Дұрыс жауап: Күн сәулесінің айнадан шағылуы
Механикалық құбылыстарды анықтаңдар: 1. су тамшысының құлауы 2. мұздың еруі 3. ұшақтың ұшуы 4. қардың еруі
Дұрыс жауап: 1; 3
Шаңғышының қозғалысы теңдеуімен сипатталады. Оның 10 с кейінгі координатасын анықтаңдар
Дұрыс жауап: 30 м
Электромагниттік толқын таралғанда өзгеріске ұшырайтын сипаттамалары:
Дұрыс жауап: Магнит индукциясы, электр кернеулігі
Соленоид арқылы 2 А ток жүргенде пайда болатын магнит ағыны 0,5 Вб. Соленоидтің индуктивтілігін анықтаңдар.
Дұрыс жауап: 0,25 Гн
Электромагниттік толқын шығаратын электр сыйымдылығы 5 мкФ, кедергісі 10 Ом, контур қандай жиіліктегі тербелістерді тұдырады?
Дұрыс жауап: 3 кГц
Тербелмелі контурда токтың амплитудалық мәні 0,35 А тербеліс периоды 0,0005 с заряд тербелісінің амплитудасы неге тең?
Дұрыс жауап: 44 мкКл
Электрсыйымдылығы 0,5 мкФ конденсатор айнымалы ток тізбегіне қосылған. Сыйымдылық кедергісі 40 Ом. Тербеліс периодын анықтаңдар.
Дұрыс жауап: 0,1 мс
Модуляция дегеніміз ...
Дұрыс жауап: толқындардың жиілігін өзгерту
Соленоид арқылы 2 А ток жүргенде пайда болатын магнит ағыны 0,5 Вб. Оның магнит өрісінің энергиясын анықтаңыздар
Дұрыс жауап: 1,5 Дж
Магнит өрісінде айналып тұрған рамкадағы бұрылу бұрышында ЭҚК-ң лездік мәні 154 В. ЭҚК амплитудалық және әсерлік мәнін анықтаңдар.
Дұрыс жауап: 220 В, 157 В
Электр тізбегінде зарядтың тербелісі теңдеуне бағынады. Тербеліс жиілігі және периоды неге тең?
Дұрыс жауап: 100 Гц; 0,01 с
Радиобайланысты іске асыру үшін қандай аспаптар қажет?
Дұрыс жауап: конденсатор, диод, антенна, транзистор, катушка, микрофон
Катушканың орам саны 3000. Онда магнит ағыны өзгерісі нәтижесінде пайда болағн индукция электр қозғаушы күші 300 В-қа тең. Катушка арқылы t=0,01 с ішінде өтетін магнит ағынының өзгерісін анықтаңыздар.
Дұрыс жауап: 0,01 Вб
Дыбыс тарайтын орталарды көрсететін қатарды көрсетіңдер:
Дұрыс жауап: газ, сұйық, қатты дене
Тербелмелі контур индуктивтілігі 0,25 Гн катушкадан және электрсыйымдылығы 4 мкФ конденсатордан тұрады. Катушкада ток 2 А мәніне жетсе конденсатордағы максимал заряд қандай болғаны?
Дұрыс жауап: 2 мКл
Көздері гармониялық тербеліс жасайтын дыбыстарды көрсетіңдер:
Дұрыс жауап: ән-күй, қоңырау сыңғыры
Өздік индукция ЭҚК-ң орташа мәні 10 В болу үшін, индуктивтілігі 1 Гн электромагнит орамындағы токтың өзгеру жылдамдығы қандай болу керек?
Дұрыс жауап: 10 А/с