Физика: Тоқсандық бақылау
355 сұрақ · 2-бет, барлығы 8 бет
Дене 10 Н күш әсерінен 3 м жол жүрді. Күш пен орын ауыстыру арасында 60° бұрыш бар. Жұмыс мөлшері қандай?
Дұрыс жауап: 15 Дж
Маятниктің ұзындығы 0.64 м. Еркін түсу үдеуі 9.8 м/с² болса, тербеліс периоды қандай?
Дұрыс жауап: 1.6 с
Егер серіппенің қаттылығы 250 Н/м, ал созылу шамасы 0.2 м болса, серіппенің потенциалдық энергиясы қандай?
Дұрыс жауап: 5 Дж
Толқын жиілігі 200 Гц, толқын ұзындығы 0.75 м. Толқын таралу жылдамдығы қандай?
Дұрыс жауап: 150 м/с
Гармониялық тербелісте координата теңдеуі: x(t)=0.1cos(2πt). Тербеліс периоды қандай?
Дұрыс жауап: 1 с
Математикалық маятникпен жүргізілген зерттеуде l=0.45 м, T=1.34 с. Еркін түсу үдеуін табыңыз.
Дұрыс жауап: 9.8 м/с²
Дыбыс толқынының амплитудасы артса, қандай шама өзгереді?
Дұрыс жауап: Дыбыс қаттылығы
Электромагниттік толқындар қандай ортада таралады?
Дұрыс жауап: Вакуумде де таралады
Жүк лифті тыныштықтан бастап үдеумен қозғалып, 3 секундтан кейін бірқалыпты қозғалды. Ол алғашқы 3 секундта қандай биіктікке көтеріледі?
Дұрыс жауап: 6,75 м
Пойыз бірқалыпты тежеліп, 20 м/с жылдамдықтан 10 секунд ішінде тоқтады. Ол тежелу кезінде қанша жол жүрді?
Дұрыс жауап: 100 м
Жылдамдықтың мәнін халықаралық бірліктер жүйесіне ауыстырыңдар: 72 км/сағ
Дұрыс жауап: 20 м/с
Дене 27 м биіктіктен еркін түседі. Осы биіктікті әр бөлігін бірдей уақытта жүріп өтетеіндей үш бөлікке бөліңдер.
Дұрыс жауап: 3 м; 9 м; 15 м
Велосипедші радиусы 200 м шеңбер бойымен 2 минут сайын толық бір айналым жасайтын болса, оның жолы мен орын ауыстыруын табыңдар
Дұрыс жауап: 1256 м ; 0
Кейбір биіктіктен еркін құлған дене, соңғы 200 м биіктіктен 4 с-та түскен болса, оның бастапқы биіктігін табыңдар. Еркін түсу үдеуі
Дұрыс жауап: 245 м
Екі дене ОХ өсінің бойымен координаталары х 1 =10+2t және х 2 =5+4t өзгеретіндей қозғалуда. Денелердің кездесетін орыны мен уақытын табыңдар:
Дұрыс жауап: 2,5 с; 15 м
Үдеудің халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігін көрсетіңдер
Дұрыс жауап: 1
Ұзындығы 240 м поезд бірқалыпты қозғала отырып, 2 минут ішінде ұзындығы 360 м көпірден өтті. Поездың жылдамдығын есептеңдер.
Дұрыс жауап: 5 м/с
Жазықтығы әлем өсіне перпендикуляр болатын аспан сферасының бетіндегі шеңбер
Дұрыс жауап: аспан экваторы
Жергілікті талтүсте саяхатшы Гринвич уақыты бойынша 14 сағат 13 минут екендігін байқады. Бақылау орынының географиялық бойлығын анықтаңдар
Дұрыс жауап: 2 сағат 13 минут батыс бойлық
Орынынан жылжи бастаған автомобиль, теңүдемелі үдеумен қозғала отырып, үшінші секундта жүретін жолын есептеңдер
Дұрыс жауап: 5 м
Автомобиль үдеумен қозғала отырып, қанша уақытта жылдамдығын 15 м/c-тен 20 м/с-ке дейін арттыратынын табыңдар
Дұрыс жауап: 25 с
Меркурий ғаламшарының көкжиектік параллаксы болса оның Жерге дейінгі қашықтығын табыңдар. Жердің радиусы 6400 км деп есептеңдер
Дұрыс жауап: 92 млн.км
Дене 80 м биіктіктен бастапқы жылдамдықсыз құлайды. Құлаудың соңғы секундындағы орын ауыстуды табыңдар. Еркін түсу үдеуі
Дұрыс жауап: 35 м
Тікұшақ көлденең бағытта түзу бойымын 30 км ұшқаннан кейін, 90° бұрышпен бұрылып, тағы 40 км ұшты. Тікұшақтың жүрген жолы мен орын ауыстыруын табыңдар
Дұрыс жауап: 70 км; 50 км
Электр қайнатқыш спираліндегі ток күші 4 А. Қайнатқыш кернеуі 220 В тізбекке қосылған. Егер спираль дайындалған нихром өткізгіштің көлденең қимасының ауданы болса, онда өткізгіштің ұзындығы қандай? (\( \…
Дұрыс жауап: 5 м
Автомобиль жолдың бірінші жартысын 50 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 80 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Автомобильдің барлық жолдағы орташа жылдамдығын табыңдар.
Дұрыс жауап: 61,5 км/сағ
Ұзындығы 80 см, көлденең қимасының ауданы алюминий сым мен ұзындығы 200 м, көлденең қимасының ауданы мыс өткізгіштер өзара параллель жалғанып ток көзіне қосылған болса, алюминийде бөлініп…
Дұрыс жауап: 15,74
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысының траекториясының қандай екендігін көрсетіңдер
Дұрыс жауап: парабола
Дененің уақыт өтуіне қарай, санақ денесіне қатысты орнын өзгертуі
Дұрыс жауап: механикалық қозғалыс
Массасы 10 г оқ 800 м/с жылдамдықпен ұшып келіп, қалыңдығы 8 см тақта арқылы өткеннен кейін оның жылдамдығы 400 м/с-ке дейін азайған болса, оққа әсер еткен кедергі күшін есептеңдер.
Дұрыс жауап: 30 кН
Спортсмен радиусы 20 м шеңбер тәрізді айналма жолмен жүгіру кезінде әр 4 минут сайын толық бір айналым жасайтын болса, оның жолы мен орын ауыстыруын табыңдар
Дұрыс жауап: 125,6 м ; 0
Қатаңдықтары 100 Н/м және 300 Н/м серіппелерді тізбектей жалғаған кездегі жалпы қатаңды табыңдар.
Дұрыс жауап: 75 Н/м
Иіндіктің ұштарына 8 Н және 40 Н тік бағытталған күштер әсер етеді. Иіндіктің ұзындығы 90 см. Егер иіндік тепе-теңдікте орналасқан болса, күш иіндерінің ұзындығын табыңдар.
Дұрыс жауап: 75 см; 15 см
Жолаушы поездға жолақы төлеу себебін көрсетіңдер
Дұрыс жауап: жол
Массасы 60 кг адам қайықтың тұмсығынан артқы жағына қарай жылжыды. Егер қайықтың ұзындығы 3 м, массасы 120 кг болса, қайықтың қандай қашықтыққа орын ауыстырғанын табыңдар.
Дұрыс жауап: 1 м
Денеге көлденең бағытта 5 Н және 7 Н күш бір бағытта әрекет етеді. Теңәрекетті күшті табыңдар.
Дұрыс жауап: 12 Н
Егер сынап пен мұнайдың массалары бірдей болса, онда сынаптың көлемі мұнайдың көлемінен қанша есе кіші болатынын есептеңдер.
Дұрыс жауап: 17 есе
Денеге бір түзудің бойымен бір бағытта әрекет ететін күштедің біреуінің шамасы 5 Н. Теңәрекетті күштің шамасы 8 Н болса, онда екінші күштің шамасын табыңдар.
Дұрыс жауап: 3 Н
Денеге тік бағытта әсер ететін күштердің шамасы 10 Н және 15 Н. Теңәекетті күштердің мәндерін көрсетіңдер.
Дұрыс жауап: 25 Н; 5 Н
Инерттіліктің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы көрсетіңдер
Дұрыс жауап: масса
Массасы 3 кг денені столдың бойымен бірқалыпты жылжытқанда, динамометр 6 Н көрсетті. Егер денеге тағы да массасы 4 кг денені қоссақ үйкеліс күші қандай болатынын табыңдар.
Дұрыс жауап: 14 Н
Егер сыртқы кедергі 50 Ом болғанда тізбектегі ток 0,2 А, ал сыртқы кедергі 110 Ом болғанда тізбектегі ток күші 0,1 А болса, қысқа тұйықталу ток күшін анықтаңдар.
Дұрыс жауап: 1,2 А
Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама
Дұрыс жауап: күш
Тыныштықтағы денеге қарма-қарсы бағытта 10 Н және 20 Н күш әрекет етеді. Теңәрекетті күшті табыңдар.
Дұрыс жауап: 10 Н
Шамасы 20 Н күш серіппені 4 см-ге созды. Серіппенің қатаңдығын табыңдар.
Дұрыс жауап: 500 Н/м
Аспан денелерінің периодты қозғалыстарының уақыт кестесі
Дұрыс жауап: Күнтізбе
Егер серіппенің қатаңдығын 2 есе арттырса, серпімділік күші қалай өзгеретінін есептеңдер.
Дұрыс жауап: 2 есе артады
Шананы қардың бетімен бірқалыпты жылжыту үшін 40 Н күш жұмсау қажет. Егер үйкеліс коэффициенті 0,04-ке тең болса, шананың салмағын анықтаңдар.
Дұрыс жауап: 1 кН
Жүгі бар вагоншаның салмағы 3 кН. Егер үйкеліс күші жүгі бар вагоншаның 0,005 бөлігін құраса, вагоншаны бірқалыпты жылжыту үшін қандай күш қажет болатынын табыңдар .
Дұрыс жауап: 15 Н
Бастапқыда тыныштықта тұрған екі арбаша, әрекеттескеннен кейін, 20 см/с және 60 см/с жылдамдық алды. Үлкен арбашаның массасы 600 г. Кіші арбашаның массасын табыңдар.
Дұрыс жауап: 200 г