Ustazdyq

Физика: Тоқсандық бақылау

355 сұрақ · 5-бет, барлығы 8 бет

  1. Көлемі 60 м.куб аэростатты толтырып тұрған гелийдің қысымы 100 кПа кездегі ішкі энергиясын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 9 МДж

  2. Диаметрі 4 мм стерженьде 150 МПа механикалық кернеу пайда болуы үшін оған қандай күш әсер етуі керек екенін табыңдар.

    Дұрыс жауап: 1,9 кН

  3. Массасы 0,2 г су тамшысындағы молекула санын табыңдар ( M=18г/моль;NA=6,02⋅1023моль−1M = 18 г/моль ; N_{A} = 6,02 \cdot 10^{23} моль^{-1} ).

    Дұрыс жауап: 7⋅10217 \cdot 10^{21}

  4. Молекулалар қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі

    Дұрыс жауап: температура

  5. Поршені бар цилиндр астындағы оттегіні 273 К-нен 473 К-ге қыздыру үшін 16 кДж жұмыс атқарылған болса, оттегінің массасын табыңдар. ( M=28г/моль;R=8,31Дж/моль⋅КM = 28г/моль; R = 8,31 Дж/ моль \cdot К )

    Дұрыс жауап: 0,27 кг

  6. Радиусы 0,5 мм капилляр түтікшеде сұйықтық 11 мм-ге көтерілді. Егер оның беттік керілу коэффициенті 0,022 Н/м болса, сұйықтықтың тығыздығын анықтаңдар.

    Дұрыс жауап: 800кг/м3800 кг/м^{3}

  7. Термодинамикалық параметрлер қатарын көрсетіңдер

    Дұрыс жауап: қысым, көлем, температура

  8. Бір атомды газдың көлемі 3,6 есе азайғанда, оның қысымы 20%-ға артты. Ішкі энергияның қанша есе өзгергенін табыңдар.

    Дұрыс жауап: 3 есе кемиді

  9. Температурасы 16∘16^{\circ} бөлмедегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65%. Егер су буының парциал қысымы өзгермесе, ауа температурасы 4∘4^{\circ} -қа төмендеген кездегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығын табыңдар. (…

    Дұрыс жауап: 84 %

  10. Зат мөлшері 100 моль сынаптың көлемін табыңдар. ( ρ=13600кгм3;M=201г/моль\rho = 13600 \frac{кг}{м^{3}}; M = 201 г/моль )

    Дұрыс жауап: 1,5 л

  11. Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулааралық кеңістігіне еніп кетуі ...

    Дұрыс жауап: диффузия

  12. Егер газға 20 кДж жылу мөлшерін беріп, оған сырттан 30 кДж жұмыс атқарылған болса, газдың ішкі энергиясы қалай өзгеретінін табыңдар.

    Дұрыс жауап: 50 кДж

  13. Аморфты денелерге тән қасиет

    Дұрыс жауап: изотропты

  14. Изотермалық процесте газдың көлемі 8 литрден 5 литрге дейін сығылды, ал қысымы 60 кПа-ға артты. Газдың бастапқы қысымын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 100 кПа

  15. Бір зат молекулаларының, екінші зат молекулаларымен араласу құбылысы

    Дұрыс жауап: диффузия

  16. Мыс шарикті 76 м биіктікке көтеру үшін қажет болатын энергияны пайланып, оны қандай температураға дейін қыздыру мүмкін болатынын есептеңдер c=380Джкг⋅C∘; g=10м/с2c = 380\frac{Дж}{кг \cdot C^{\circ}} ; \ g = 10 м/с^{2}

    Дұрыс жауап: 2∘2^{\circ}

  17. Көлемі 5 л керосин толық жанғанда бөлінетін энергияны есептеңдер. ( ρ=800кг/м3; q=43MДж/кг\rho = 800 кг/м^{3}; \ q = 43MДж/кг )

    Дұрыс жауап: 172 МДж

  18. Төмендегілердің қайқысы ең жақсы жылу оқшаулағыш екенін белгілеңдер

    Дұрыс жауап: ауа

  19. Механикалық жұмыс атқару арқылы ішкі энергияны өзгертудің мысалын көрсетіңдер

    Дұрыс жауап: балғамен темірді соғу

  20. Бастапқы темпертаурасы 20∘20^{\circ} су тамшысы соқтығысу кезінде толығымен буға айналып кетуі үшін қандай биіктіктен құлау керек екендігін табыңдар. Ортаның кедергісін және тамшы бетінің бұзылуы кезіндегі энергия шығ…

    Дұрыс жауап: 264 км

  21. Таскөмірдің меншікті жану жылуы, шымтезектің меншікті жану жылуынан екі есе үлкен екендігін ескерсек, төмендегі тұжырымдардың дұрысын ажыратыңдар

    Дұрыс жауап: таскөмір мен шымтезектің бірдей массасы жанған кезде, таскөмірден бөлініп шығатын жылу мөлшері, шымтезектен бөлініп шығатын жылу мөлшерінен екі есе көп

  22. Егер бензиннің меншікті жану жылуы 44 МДж/кг болса, төмендегі тұжырымдардың дұрысын таңдаңдар

    Дұрыс жауап: Массасы 1 кг бензин толық жанғанда, 44 МДж энергия бөлінеді.

  23. Бөлмедегі жылыту радиаторы неліктен қабырғаның төменгі жағына орнатылатындығын көрсетіңдер

    Дұрыс жауап: себебі салқын ауа төменде орналасады

  24. Шөлді аймақта неліктен күндіз ыстық, түнде салқын екендігін табыңдар

    Дұрыс жауап: құмның меншікті жылу сыйымдылығы төмен болғандықтан

  25. Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200Джкг⋅Ccirc4200 \frac{Дж}{кг \cdot C^{circ}} . Дұрыс тұжырымды таңдаңдар.

    Дұрыс жауап: массасы 1кг суды 1^{circ}}-қа қыздыру үшін 4200 Дж жылу мөлшері қажет

  26. Темірді 20∘20^{\circ}-тан 200∘200^{\circ}-қа қыздыру кезінде 20,7 кДж жылу жұмсалған болса, темірдің массасын табыңдар ( c=450Джкг⋅C∘c = 450 \frac{Дж}{кг \cdot C^{\circ}} )

    Дұрыс жауап: 0,26 кг

  27. Қуаты 600 Вт электрплиткада 35 минут ішінде 2 л су 20∘20^{\circ}-тан 100∘100^{\circ}-қа дейін қыздырылды. Бұл кезде 200 г су буға айналды. Электрплитканың ПӘК-ін анықтаңдар.

    Дұрыс жауап: 90%

  28. Температураның мәнін Кельвин шкаласында өрнектеңдер: 27∘C27^{\circ} C

    Дұрыс жауап: 300 К

  29. Автоклаб деп аталатын құрылғыда судың қайнау температурасы 200∘200^{\circ} -қа дейін жоғарылау себебін түсіндіріңдер

    Дұрыс жауап: құрылғының үстіңге бетіне түсіретін қысым, атмосфералық қысымнан жоғары

  30. Биіктігі 4000 м таудың шыңында судың 86∘86^{\circ}-та қайнау себебін түсіндіріңдер

    Дұрыс жауап: таудың шыңында атмосфералық қысым төмен

  31. Төмендегі орталардың қайсысында конвекция процесі жүзеге аспайтынын ажыратыңдар: 1. Қатты; 2. Сұйық; 3. Газ; 4. Вакуум

    Дұрыс жауап: 1; 4

  32. Массасы 6 кг, температурасы 42∘42^{\circ} суды массасы 4 кг, температурасы 72∘72^{\circ} сумен араластырғандағы қоспаның температурасын анықтаңдар.

    Дұрыс жауап: 54∘54^{\circ}

  33. Күннен Жерге энергия қандай тәсілмен берілетінін көрсетіңдер

    Дұрыс жауап: Сәуле шығару

  34. Тербелмелі контурда максималды ток 2 А, ал конденсатордағы максималды заряд 100 нКЛ құрайды. Контурдың шығаратын электромагниттік толқын ұзындығы қандай?

    Дұрыс жауап: 25 м

  35. Жарық ауадан шыныға 60∘60^{\circ} бұрышпен түскенде түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы 1,4. Егер жарық 45∘45^{\circ} бұрышпен түссе, шынының сыну көрсеткіші

    Дұрыс жауап: 1,4

  36. Дифракциялық тордың көрінетін аймағындағы екінші және үшінші реттік спектрлер бір-бірімен ішінара қабаттасады. Үшінші ретті спектрдегі қандай толқын ұзындығы екінші ретті спектрдегі 700 нм толқын ұзындығына сәйкес келеді…

    Дұрыс жауап: 467 нм

  37. Біртекті ортада 2,4⋅105км/с2,4 \cdot 10^{5} км/с жылдамдықпен тарайтын толқын ұзындығы 40 м. Толқынның вакуумдегі жиілігі

    Дұрыс жауап: 6 Гц

  38. Жарықтың шағылысу және сыну құбылысын жарықтың толқын ұзындығын анықтау үшін қолдануға бола ма?

    Дұрыс жауап: A-D жауаптарының арасында дұрыс жауап жоқ

  39. Дифракциялық торға нормаль бойымен жарық сәулесі түседі. Осы ретті спектрде қызыл сызықты (λ=700нм)\left( \lambda = 700 нм \right) көру үшін телескопты коллиматор осіне 30∘30^{\circ} бұрышта қою керек болды. Тордың тұрақ…

    Дұрыс жауап: 28 мкм, 357

  40. Электромагниттік толқындардың көлденең толқын екендігін дәлелдейтін құбылыс

    Дұрыс жауап: Поляризация

  41. Тордың тұрақтысы 2 мкм болса, сары натрий сызығының спектрінің ең үлкен ретін қандай? (λ=589нм)\left( \lambda = 589 нм \right).

    Дұрыс жауап: 3

  42. Айнымалы электр тоғының тербелісі i=20sin⁡1000πti = 20\sin1000\pi t теңдеуіне бағынатын антеннада ұзындығы қандай электромагниттік толқын шығарылады? c=3⋅108м/сc = 3 \cdot 10^{8} м/с

    Дұрыс жауап: 6⋅105м6 \cdot 10^{5} м

  43. Шағылысқан жарық сәулесінің әсерінен тоғанның түбі көрінбейді. Шағылған сәулені қалай өшіріп, түбін көруге болады?

    Дұрыс жауап: поляроид арқылы қарау керек

  44. Жазық параллель шыныдан өткен жарық шынының төменгі және жоғарғы бетінен шағылғанда екі толқын пайда болады. Екі толқын интерференциясының нәтижесі неге тәуелді?

    Дұрыс жауап: шынының қалыңдығына, сәуленің түсу бұрышыны және шынының сыну көрсеткішіне

  45. Сәулелену жиілігін 4 есе арттырғанда толқын интенсивтілігі қалай өзгереді?

    Дұрыс жауап: 16 есе артады

  46. Радиостанция генераторы контурының сыйымдылығы 0,2 нФ, индуктивтілігі 8 мкГн. Станциядан шығарылған толқын ұзындығы. c=3⋅108м/сc = 3 \cdot 10^{8} м/с

    Дұрыс жауап: 75,4 м.

  47. Электромагниттік толқынның ағынының тығыздығы 1600Втм21600 \frac{Вт}{м^{2}}. сәулелену ағынының көлемдік тығыздығы қандай?

    Дұрыс жауап: 1600Втм21600 \frac{Вт}{м^{2}}

  48. Егер пленка 555 нм жарықтың максималды сөнуіне арналған болса, линзаның бетіндегі пленканың қалыңдығын анықтаңыз. Пленканың абсолютті сыну көрсеткіші - 1,231.

    Дұрыс жауап: 0,11 мкм

  49. Радиолокатор секундына 4000 импульс жібереді. Локатордың әсер ету қашықтығы (c=3⋅108м/с)\left( c = 3 \cdot 10^{8} м/с \right)

    Дұрыс жауап: 37,5 км

  50. Ұзындығы 200 м электромагниттік толқын шығаратын радиостанция генераторы контурының сыйымдылығы 400 пФ. Контур индуктивтілігі (c=3⋅108м/с)\left( c = 3 \cdot 10^{8} м/с \right)

    Дұрыс жауап: 28 мкГн.