Ustazdyq

Дүниежүзі тарихы: Біліктілік тестілеу (ОЗП)

204 сұрақ · 2-бет, барлығы 5 бет

  1. «Илиада» поэмасында Гомер қай аймақты «алтынға мол» деп сипаттайды?

    Дұрыс жауап: Микены

  2. Мекке 630 жылы мұсылмандарға қалай берілді және оның нәтижесі қандай болды?

    Дұрыс жауап: Мұсылмандар қаланы еш кедергісіз алды, барлық тайпалар бірінен кейін бірі ислам дінін қабылдады

  3. Спартадағы билік құрылымын сипаттаңыз. Қай орган шын мәнінде маңызды рөл атқарды, оның құрамына кімдер кірді, және билік формасы қалай аталды?

    Дұрыс жауап: Герусия маңызды рөл атқарды; құрамына 60 жасқа толған ер адамдар кірді; билік түрі олигархия болды.

  4. Македония мемлекетінің әскери күшін сипаттаңыз: фаланганы кім ұйымдастырған, оның ерекшелігі неде, және Александр Македонскийдің жаулап алған жерлері қандай мәртебеге ие болды?

    Дұрыс жауап: Фаланга — II Филипптің ұйымдастыруы, тығыз жиналма сап; жаулап алған жерлер отарларға айналды.

  5. Пуни соғыстары қай жылдар аралығында болды?

    Дұрыс жауап: б.з.д. 246–146 жж.

  6. Спартак бастаған гладиаторлар көтерілісінің ерекшеліктері мен басталу жолын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Гладиаторлар Везувий тауына жасырынып, жүзім сабынан арқан жасап таудың етегіне түсті; көтеріліс алдымен Оңтүстік Италияны, кейін бүкіл елді қамтыды.

  7. Пуни соғыстарының негізгі себептері мен нәтижелерін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Рим мен Карфаген арасындағы әскери қақтығыс; нәтижесінде Карфаген жеңіліп, Рим Македония, Грекия және Испанияны жаулап алды.

  8. Екінші Пуни соғысы кезінде Ганнибал Италияға Альпі тауларынан өтіп, римдіктерге қарсы шайқаста ерекше тактика қолданды. Ол әлсіз әскерлерін орталыққа, күшті әскерлерін екі қанатқа орналастырды. Осы тактиканың негізгі мақ…

    Дұрыс жауап: Римдіктерді қоршау арқылы орталыққа қысым жасап, жеңіске жету.

  9. Франктердің Батыс Еуропадағы рөлі мен Меровингтер әулетінің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Хлодвигтің тарихи рөлі қандай болды және оның әрекеті патшалықтың діни бағытын қалай өзгертті?

    Дұрыс жауап: Франктер герман тайпаларының үлкен тобы; Меровингтер патшалары ұзын шаш өсірді; Хлодвиг алғаш болып христиан дінін қабылдады, бұл патшалықтың діни бағытын өзгертті.

  10. II ғасырдың соңында Рим империясында орын алған дағдарыстың негізгі себептері мен нәтижелерін көрсетіңіз. Колондардың рөлі қандай болды және азамат соғысы неліктен басталды?

    Дұрыс жауап: Еңбек өнімділігінің төмендігі және астықтың азаюы; колондар жерді жалға алған кедей шаруалар; азамат соғысы патрицилер мен провинция элиттері арасындағы құқық үшін басталды.

  11. III ғасырдың бірінші ширегінде Септимий Север әулеті Рим империясында абсолюттік монархияны орнатты. Бұл билік жүйесінің негізгі ерекшеліктері қандай болды және Александр Севердің қайтыс болуынан кейін билік қалай өзгерд…

    Дұрыс жауап: Император билікті дербес иеленді, заң шығару құқығы сенаттан алынды, әскерге сүйенді; Александр Северден кейін провинциялық әскербасшылар императорларды өздері тағайындап отырды.

  12. Хлодвиг тұсындағы франк мемлекетінде әскери, құқықтық және әлеуметтік құрылымды сипаттаңыз. "Домдар", наурыз алаңы, Салий заңы және "жалқау корольдар" ұғымдарының мәнін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: "Домдар" — үй басқарушылары, билік "майор-колына" өтті; наурыз алаңы қаруларды тексеру үшін өткізілді; Салий заңы мемлекетті дамыту үшін жазылды; "жалқау корольдар" билікке араласпаған Хлодвигтің ұрпақтары.

  13. Киев Русі христиан дінін қабылдағанда мемлекетке қандай өзгерістер болды және славяндардың негізгі шаруашылығы қандай болды?

    Дұрыс жауап: Христиан діні князь билігін нығайтып, халықаралық беделін арттырды; негізгі шаруашылық — егіншілік, мал өсіру, аңшылық және балық аулау

  14. Феодализмнің алғашқы кезеңінде шаруалар феодалға қандай түрде рента төледі?

    Дұрыс жауап: Азық-түлікпен (оброк) және еңбекпен (барщина)

  15. Бенефиция мен вассалдық қатынастар қалай дамыды?

    Дұрыс жауап: Бенефиция әскер қызметі үшін берілетін уақытша жер; кейін өмірлік меншікке айналды, вассалдар кіші жер иелері болды

  16. Үштік және Төрттік одақтар қашан құрылды және олардың негізгі мақсаты қандай болды?

    Дұрыс жауап: 1882 жылы құрылып, Германияның Еуропадағы саяси үстемдігін қамтамасыз ету

  17. Византия империясының орталықтанған монархиялық құрылымын сипаттаңыз. Василевстің (императордың) билігі қандай функцияларды қамтыды, әкімшілік бөлініс қалай ұйымдастырылды және мемлекеттік қызмет түрлері қандай болды?

    Дұрыс жауап: Василевс заң шығарушы, атқарушы және сот қызметін атқарды; мемлекет Иллирик пен Шығыс префектурасына бөлінді; мемлекеттік қызмет әскери-бюрократиялық, соттық және сарайлық түрлерге бөлінді.

  18. 532 жылы Константинопольде болған Ника көтерілісінің негізгі себебі мен ұйымдастырушыларын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Ника көтерілісі белгілі партиялар тарапынан ұйымдастырылды; себебі халық пен элита арасындағы әлеуметтік және саяси қақтығыстар орын алды.

  19. Славян тайпалары қанша топқа бөлінді және әр топқа қандай халықтар жатты?

    Дұрыс жауап: Үш топ — шығыс, оңтүстік және батыс; шығыс славяндар: орыс, украин, белорус; батыс славяндар: чех, словак, поляк; оңтүстік славяндар: болгар, серб, хорват, словен, черногор

  20. Хижра оқиғасының маңызы неде?

    Дұрыс жауап: Меккеден Медине қаласына қоныс аудару, ислам дінінің үстемдікке жетуін қамтамасыз ету

  21. Халиф сөзі қандай мағына береді және оның қызметі неден тұрады?

    Дұрыс жауап: “Ізбасар” — пайғамбар ісін әрі қарай жалғастыратын, халыққа әділ билік жүргізетін тұлға

  22. Крест жорықтарының басталуына негізгі түрткі болған факторлар қандай болды?

    Дұрыс жауап: A және B дұрыс

  23. Рим Папалары крест жорықтарын ұйымдастыруда қандай мақсатқа ұмтылды?

    Дұрыс жауап: Барлық жауап дұрыс

  24. Крест жорықтарының алғашқы рәсімдік шақырылуы қай жылы және қай жерде болды?

    Дұрыс жауап: 1095 жылы Клермонда, Солтүстік Франция

  25. 1907 жылы Антанта одағы құрылуына қандай жағдай себеп болды?

    Дұрыс жауап: Германия мен Англияның теңіз бәсекелестігі және Ресейдің Қиыр Шығысқа қызығуы

  26. Германия мен Австро-Венгрияның 1914 жылғы одақтастығы қалай аталды және оған қандай елдер қосылды?

    Дұрыс жауап: Үштік одақ, қосымша Италия, Түркия және Болгария

  27. Марнадағы шайқастың маңызы неде болды?

    Дұрыс жауап: Француздардың немістерді алғаш жеңуі және Германияның Парижді басып алу жоспарының сәтсіздігі

  28. 1914 жылғы Шлиффен жоспарының негізгі мақсаты қандай болды?

    Дұрыс жауап: Франция мен Ресейге қарсы блицкриг арқылы жылдам жеңіске жету

  29. 1914 жылғы әскери қимылдардың негізгі қорытындысы қандай болды?

    Дұрыс жауап: Антанта елдері Германияның «қауырт соғыс» жоспарын бұзды

  30. Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығыстағы негізгі майданы қайсы?

    Дұрыс жауап: Шығыс майдан (Ресейге қарсы)

  31. «Просперити» кезеңіндегі АҚШ-тың экономикалық дамуының негізгі ерекшелігі қандай болды?

    Дұрыс жауап: Өнеркәсіп пен нарықтық экономика өсімі

  32. Кеңес Одағының ресми құрылу жылы?

    Дұрыс жауап: 1922

  33. Бірінші дүниежүзілік соғыстың негізгі салдары қандай болды?

    Дұрыс жауап: Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс басталды

  34. Бірінші дүниежүзілік соғыста Германияның стратегиясын жүзеге асыру үшін қандай мемлекеттің аумағы арқылы өту жоспарланды?

    Дұрыс жауап: Бельгия

  35. 1929 жылғы Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың басты себебі не болды?

    Дұрыс жауап: АҚШ-тағы қор биржасының құлдырауы

  36. Ф.Д.Рузвельттің «Жаңа бағытының» негізгі мақсаты қандай болды?

    Дұрыс жауап: АҚШ-тағы экономиканы қалпына келтіру

  37. Германия, Франция және Жапония экономикалық дағдарыстан шығу үшін қолданған жолдарының бірі қандай?

    Дұрыс жауап: Өндірісті мемлекеттік бақылау және индустрияландыру

  38. КСРО-да И.В.Сталиннің индустрияландыру мен ұжымдастыру саясатының мақсаты не болды?

    Дұрыс жауап: Экономиканы тез дамытып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын социалистік жүйеге бейімдеу

  39. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италиядағы саяси жағдай қандай болды?

    Дұрыс жауап: Фашистік партия мен диктатураның орнауы

  40. Германияда фашистік партияның орнауының басты себебі қандай болды?

    Дұрыс жауап: Версаль шартының экономикалық және саяси салдары

  41. Екінші дүниежүзілік соғыстың негізгі себептерінің бірі қандай болды?

    Дұрыс жауап: Германияның басқыншылық саясаты және Версаль шартын жоққа шығару

  42. АҚШ Екінші дүниежүзілік соғысқа қашан және қандай себеппен кірді?

    Дұрыс жауап: 1941 жылы Жапония Перл-Харборға шабуыл жасаған соң

  43. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы негізгі рөлі қандай болды?

    Дұрыс жауап: Фашистік Германияны жеңуге тікелей қатысу

  44. XX ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениет пен ғылымдағы басты ерекшелік қандай болды?

    Дұрыс жауап: Букаралық мәдениет, өнеркәсіп пен ғылымдағы жаңа жетістіктер

  45. «Саяси экономия мен салық салу бастаулары» атты еңбектің авторы:

    Дұрыс жауап: Д. Рикардо

  46. Будда ұсынған философиялық сипаты бар ереже:

    Дұрыс жауап: барлығы өзгереді, ешқандай тұрақты нәрсе жоқ

  47. 1925 жылы Кубада лаңкестік диктаторлық режим орнатқан президент:

    Дұрыс жауап: Херардо Мачадо-и-Моралес

  48. Францияны біріктіру кімнің тұсында аяқталды:

    Дұрыс жауап: XI Людовик тұсында

  49. Адамзат тарихындағы б.з.д. IV–III мыңжылдықтарда пайда болған маңызды өнертабыстардың бірі?

    Дұрыс жауап: Қос дөңгелекті арба

  50. Всеволод Юрьевич Большое Гнездо (1176-1212) тұсында орыс жерінің саяси дамуына әсерін тигізген кінәздік:

    Дұрыс жауап: Владимир-Суздаль