Дүниежүзі тарихы: ГАШ
41 сұрақ
Жинақ туралы
«ГАШ» бөліміндегі «Дүниежүзі тарихы» жинағында дұрыс жауаптары бар 41 сұрақ бар.
ГАШ — мектептерді мемлекеттік аттестаттау: 4 және 9-сынып оқушыларын негізгі пәндер бойынша тестілеу. Бөлімде тапсырмалардың қалай құрылатынын алдын ала көру үшін жауаптары бар сұрақтар жиналған.
Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.
Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.
1979 жылы Ұлыбританиядағы сайлауда жеңіске жетіп, еуропалық мемлекетте Премьер-министр болған алғашқы әйел
Дұрыс жауап: М. Тэтчер
Тұңғыш қазақ ғарышкері ғарышқа ұшты:
Дұрыс жауап: 1991 жылы 2 қазанда
АҚШ тарихында төрт рет қатарынан президенттікке сайланған тұлға
Дұрыс жауап: Ф. Рузвельт
1960 жылдары Қытайда жүргізілген науқан
Дұрыс жауап: «Мәдени революция»
1998 жылы Үндістанның ядролық сынақтар өткізуінің негізгі себебі:
Дұрыс жауап: Қытай мен Пәкістан тарапынан қауіптің туындауы
БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері:
Дұрыс жауап: АҚШ, КСРО, Ұлыбритания, Қытай, Франция
Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды:
Дұрыс жауап: 1948 жылы
1979 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған конвенция:
Дұрыс жауап: Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлеріне тыйым салу туралы конвенция
ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басында жаһандану үдерісінде туындаған қауіп:
Дұрыс жауап: халықаралық ланкестік
Дамушы елдердің маргиналдық тобына жатады:
Дұрыс жауап: Украина
1973 жылы ұзақ қарулы күрестен кейін тәуелсіздігін алған алғашқы португалиялық отар:
Дұрыс жауап: Гвинея-Бисау
Адам болмысының бірегейлігіне ерекше көңіл бөлетін ілім:
Дұрыс жауап: Экзистенциализм
ХХ ғасырдың 20 -30 жылдары қарулы қақтығыстарды бірінші болып бастаған Азиядағы империалистік саясат ұстанған ел
Дұрыс жауап: Жапония
Германияның «экономикалық ғажайып» кезеңі басталды:
Дұрыс жауап: 1948 жылы
КСРО мен коммунизмге қарсы күрес үшін «ағылшын тілінде сөйлейтін халықтар қауымдастығын» құруды ұсынды:
Дұрыс жауап: У. Черчилль
Қырғи-қабақ соғыс кезінде АҚШ пен КСРО арасындағы басты бәсекелестік саласы:
Дұрыс жауап: Ғарыш пен зымыран жасау
ДНҚ құрылымының ашылуымен пайда болған сала:
Дұрыс жауап: гендік инженерия
1964 – 1970 жылдары Ұлыбританияда билік басында болған лейборист Г. Вильсон үкіметінің саясаты
Дұрыс жауап: «Әлеуметтік мемлекет»
ХХ ғасырдың 70-80 жылдары бұқаралық мәдениет өнімдерін өндіретін негізгі ел ретінде алдыңғы қатарға шықты
Дұрыс жауап: АҚШ
1945 жылдан кейін Германияның батыс бөлігіне бақылау орнатқан елдер:
Дұрыс жауап: АҚШ, Франция, Ұлыбритания
Дамушы елдердің экономикасында сыртқы экономикалық байланыстардың басты орын алуының негізгі себебі:
Дұрыс жауап: өндірілетін өнімдердің аз болуы
Жаһандану дегеніміз:
Дұрыс жауап: әлемнің ортақ құндылықтарды ұстануы
1936 жылы Испанияда көтеріліс ұйымдастырған генерал
Дұрыс жауап: Ф. Франко
Халықаралық лаңкестік топтардың көбі атын жамылып әрекет ететін дін:
Дұрыс жауап: Ислам
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы апартеидті жою конвенциясын қабылдады:
Дұрыс жауап: 1973 жылы
1985 жылы Люксембургтің Шенген қаласында жасалған келісім:
Дұрыс жауап: Шекаралық және визалық бақылауды жеңілдету туралы келісім
ЮНЕСКО ұйымының штаб пәтері орналасқан қала:
Дұрыс жауап: Париж
Мао Цзэдуннің «Үлкен секіріс» саясатының негізгі мақсаты:
Дұрыс жауап: Қытайды тез арада индустриялық державаға айналдыру
1973 жылы ЕЭҚ құрамына қосылған елдер:
Дұрыс жауап: Ұлыбритания, Ирландия, Дания
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) құрылды:
Дұрыс жауап: 1945 жылы
«Шведтік үлгі» термині пайда болған уақыт
Дұрыс жауап: 1960 жылдардың соңы
Шығыс мәдениетінің өкілдері үшін басым құндылықтардың бірі:
Дұрыс жауап: отбасы,қоғам,үлкенге құрмет
Жергілікті мәдениет өкілдерінің өз мәдени бірегейлігін белсенді қорғауға ұмтылған мәдени жаһанданудың бағыты:
Дұрыс жауап: Глокализация
1976 жылы мини-процессордың арқасында ойлап табылды:
Дұрыс жауап: компьютер
1965 жылы Оңтүстік Кореямен қарым-қатынастарын ретке келтіру туралы келісімге қол қойған мемлекет:
Дұрыс жауап: Жапония
АҚШ-тың КСРО-ның ғарыштағы жетістіктеріне жауабы:
Дұрыс жауап: Айға адам қондырды
Лаңкестік пен діни экстремизмнің ішкі факторларының бірі:
Дұрыс жауап: әлеуметтік қамтамасыз етудің теңгерімсіздігі
Францияның 1929 – 1933 жылдарғы әлемдік экономикалық дағдарыстан шығуда таңдаған жолы
Дұрыс жауап: Социал-реформашылық
Солтүстікатлантикалық келісім ұйымы (НАТО) құрылды:
Дұрыс жауап: 1949 жылы
2001 жылы 11 қыркүйекте орын алған ең ірі леңкестік оқиға болған ел:
Дұрыс жауап: АҚШ
1956 жылы Франция тәуелсіздік берген Солтүстік Африка елдері:
Дұрыс жауап: Марокко мен Тунис