Технология (ұлдарға арналған): Біліктілік тестілеу (ОЗП)
169 сұрақ · 4-бет, барлығы 4 бет
Ыдыс-аяқ сақтау үшін ағаштан жасалған бұйым:
Дұрыс жауап: Асадал
Тоқ өткізетін материал:
Дұрыс жауап: алюминий
Тоқтың қайнар көзіне жатады:
Дұрыс жауап: аккумулятор, батарея
Шертер неше бөліктен тұрады?
Дұрыс жауап: 3
Ағашты көркемдеп оятын құрал:
Дұрыс жауап: Әр түрлі жүзді қашау
Ұнғы төрт бөліктен тұрады, артығын табыңыз:
Дұрыс жауап: тірек
Металл бетін өңдеу кезінде белгі салатын құрал:
Дұрыс жауап: кернер
Оқшаулауышты сымнан ажыратудың тиімді түрі:
Дұрыс жауап: Стриппер
Жұмсақ ағашты атаңыз:
Дұрыс жауап: Жөке
Ағаш бетін термиялық сәндеу тәсілі:
Дұрыс жауап: күйдіру
Қос бауырдағы болатын, екі саусаққа қатар киілетін жүзік:
Дұрыс жауап: Құдағи жүзік
Бөлшектерді бұранда арқылы бекіткенде, олардың сенімді болуы үшін астына не салынады?
Дұрыс жауап: тығырық (шайба)
Шартты белгілермен көрсетілген жүйелерді ____________ деп атайды.
Дұрыс жауап: Электр схемасы
СТД-120М ағаш жону станогында бұйымы мен тіреуіштің арақашықтығы:
Дұрыс жауап: 2-3мм
Құрылыс материалдарының көпшілігі ағаштың қай жерінен алынады?
Дұрыс жауап: Діңі
Ағаш бұйымын көркемдеп өңдеудің ежелгі түрі:
Дұрыс жауап: Ою-өрнек
Металдан жүктеме алынған соң бастапқы формасына қайта келу қабілетін қалай атайды?
Дұрыс жауап: серпімділік
Ыңғыру құралдары қандай жұмыста қолданылады?
Дұрыс жауап: Ағаштың ішкі бөлігін тазалау
Метал кесетін араның қайрау бұрышы қанша болады?
Дұрыс жауап: 60°