Технология (ұлдарға арналған): Біліктілік тестілеу (ОЗП)
169 сұрақ · 2-бет, барлығы 4 бет
Металдың бетін кесу арқылы тегістейтін құрал:
Дұрыс жауап: Егеу
Шартты белгілермен көрсетілген жүйелерді ____________ деп атайды
Дұрыс жауап: Электр схемасы
Жұмсақ ағашты ата:
Дұрыс жауап: Жөке
Ағаш бұйымдарының беті тегіс болу үшін
Дұрыс жауап: Сүргілейді
Механикалық күшті электр қуатына айналдыратын құрылғы:
Дұрыс жауап: Генератор
Ағаш бұйымын көркемдеп өңдеудің ежелгі түрі:
Дұрыс жауап: Өрнек ою
Металл бетін өңдеу кезінде белгі салатын құрал?
Дұрыс жауап: кернер
Металдан жүктеме алынған соң формасына қайта келу қабілетін қалай атайды?
Дұрыс жауап: серпімділік
Шойынның құрамындағы көміртегінің пайыздық мөлшері:
Дұрыс жауап: 2%
Ағаштың жіңішке кесіндісі:
Дұрыс жауап: шпон
Электр тоғын оқшаулау үшін нені ұмытпау қажет?
Дұрыс жауап: резинка қолғап кию
Көп тараған тұмар:
Дұрыс жауап: үшбұрышты
Ағаш өңдейтін токарь білдегінің маркасы:
Дұрыс жауап: СТД-120М
Ауылшаруашылық мамандығы:
Дұрыс жауап: агроном
Металл бетін өңдеу кезінде белгі салатын құрал:
Дұрыс жауап: кернер
Қазақстанның заманауи суретшлері. «7 қазына» атты шығармашылық жұмыстың авторы:
Дұрыс жауап: Килібаев Н.
Жазық ағаш бетін неғұрлым дәлірек өңдейтін құрал
Дұрыс жауап: Фуганок
Ток өткізетін материал:
Дұрыс жауап: Мырыш
Ток өткізбейтін материал:
Дұрыс жауап: Пластмасса
Піспек қай бұйымның бөлігі:
Дұрыс жауап: Күбі
Метал кесетін араның қайрау бұрышы қанша болады:
Дұрыс жауап: 60°
Домбыраның мойыны шанағынан ұзын келеді де, тұтас ағаштан шабылады, ал мойнының ұзындығы ______ болады
Дұрыс жауап: 320мм
Құрылыс материалдарының көпшілігі ағаштың қай жерінен алынады:
Дұрыс жауап: Діңінен
Екі саусаққа қатар киілетін _______________, оның қос бауырдағы болады:
Дұрыс жауап: Құдағи жүзік
Бақылау шамын пайдалану:
Дұрыс жауап: электр аспаптарын тексеру үшін
Шертер неше бөліктен тұрады?
Дұрыс жауап: 15
Слесарлық балғаның сабының ұзындығы неше мм кем болмау керек?
Дұрыс жауап: 250-300 мм
Бұрғылау білдегінде қандай жұмыстар атқарылады?
Дұрыс жауап: Бұрғылап теседі
«Жағлан» қандай зат салатын сандықтың көне түрі?
Дұрыс жауап: Киім-кешек
Электр сымдарын бояуға болмайтын себептілігі:
Дұрыс жауап: оқшаулау бұзылды
Малка құралы қандай жұмыста қолданылады?
Дұрыс жауап: Бұрыштарды белгілегенде
Тоқ өткізетін материал:
Дұрыс жауап: алюминий
Электр желісінің ең қарапайым түрі қанша элементтен тұрады?
Дұрыс жауап: 4
Бөлшектерді бұранда арқылы бекіткенде, олардың сенімді болуы үшін астына не салынады?
Дұрыс жауап: тығырық
Ағаш кескінділерінің бес түрі берілген, дұрыс емес біреуін табыңыз:
Дұрыс жауап: шанақ
Сымдарды қысқышпен неше тәсілмен қосуға болады?
Дұрыс жауап: екі
Оқшаулауыш материалдардың түрі?
Дұрыс жауап: пластмасса, әйнек, резеңке
Электр қоңырауы қандай кернеулік айнымалы ток көзінен жұмыс істейді?
Дұрыс жауап: 127В–220В
Токтың қайнар көзіне жатады:
Дұрыс жауап: электр магниттер, синхрондық машиналар
Өндірісте штангенциркульден басқа дәл өлшем алу үшін қандай аспапты қолданады?
Дұрыс жауап: Микрометр
Жас талапкерге арналған кішкентай домбыраны біз____дейміз:
Дұрыс жауап: Балашық
Өлшемі мен материалын көрсете отырып, қолдан жасалған көлемдік бейнесі аталуы:
Дұрыс жауап: Техникалық сурет
Жұмсалатын тікелей шығынның атауы:
Дұрыс жауап: еңбекақы төлеу
Шеберханадағы жұмыс үстелінің беті оқушының бойына сай келуі:
Дұрыс жауап: Алақанды үстел бетіне қою
Ұнғы төрт бөліктен тұрады, артығын табыңыз:
Дұрыс жауап: қысқыш
Б.Сарыбаев шертердің ежелгі нұсқасын қай қалада тапты?
Дұрыс жауап: Парижде
Сүректің механикалық қасиеті:
Дұрыс жауап: қаттылығы, беріктігі, сыртқы күштерге қарсы тұру қасиеті
СТД-120М ағаш станогымен жұмыс істегенде жиі қолданылатын өлшеуші құрал:
Дұрыс жауап: штангенциркуль
Сүректің физикалық қасиеті:
Дұрыс жауап: беріктігі
Әлемдегі Гиннестің рекордтар кітабына енген ең ірі ұрмалы-соқпалы аспап:
Дұрыс жауап: Даңғыра тайко