Технология (ұлдарға арналған): Біліктілік тестілеу (ОЗП)
169 сұрақ · 3-бет, барлығы 4 бет
Электр құралымен жұмыс жасау кезінде қандай әрекет қауіпті?
Дұрыс жауап: Сулы қолмен пайдалану
Жұмыс соңында не істеу міндетті?
Дұрыс жауап: Құралды тазалап, орнына қою
Металл кесу кезінде ұшқынның бағыты неге маңызды?
Дұрыс жауап: Қауіпсіздік үшін
Ағашты өңдеуде қолданылатын өлшеу құралы қайсысы?
Дұрыс жауап: Рулетка
Бір процесті өткізіп жіберу технологиялық тұрғыдан нені білдіреді?
Дұрыс жауап: Процестің логикалық бұзылуы және сапаның төмендеуі
Ағаш өңдеу кезінде станокта жұмыс бастамас бұрын ең алдымен не тексерілуі керек?
Дұрыс жауап: Қорғаныш қаптамаларының болуы
Қауіпсіздік техникасының негізгі мақсаты - ..... .
Дұрыс жауап: Жарақаттың алдын алу
Қайсысы ағаштың қатты түріне жатады?
Дұрыс жауап: Емен
Металды белгілеу үшін қолданылатын құрал:
Дұрыс жауап: Кернер
Ағаш бетінің кедір-бұдырын жою үшін қолданылатын зат.
Дұрыс жауап: Зімпара қағазы
Қайсысы жұмсақ ағашқа жатады?
Дұрыс жауап: Қарағай
Металл кесуге арналған құрал:
Дұрыс жауап: Темір ара
Қайсысы металдың қатты түріне жатады?
Дұрыс жауап: Болат
Егеудің негізгі қызметі:
Дұрыс жауап: Тегістеу
Электр тогын өткізетін материал қайсысы?
Дұрыс жауап: Мыс
Металды тесу үшін қолданылатын құрал:
Дұрыс жауап: Бұрғы
Металл өңдеуде дәлдікті арттыратын құрал:
Дұрыс жауап: Штангенциркуль
Сызбаның негізгі мақсаты қандай?
Дұрыс жауап: Бұйымды дәл жасау
Электр тізбегі тұйық болмаса не болады?
Дұрыс жауап: Ток жүрмейді
Технологиялық процесс дегеніміз не?
Дұрыс жауап: Бұйым жасау кезеңдерінің жүйесі
Неге ылғал ағаштан дәл бұйым жасау қиын?
Дұрыс жауап: Кепкенде деформацияланады
Ағаш өңдеу кезіндегі ең дәл операция қайсысы?
Дұрыс жауап: Белгілеу
Металл белгілеуде кернер қолдану себебі:
Дұрыс жауап: Бұрғының сырғып кетпеуі үшін
Металлдың қаттылығы артқан сайын:
Дұрыс жауап: Құралға түсетін күш артады
Дәнекерлеудің механикалық қосылыстан артықшылығы:
Дұрыс жауап: Тұтас және берік байланыс
Егер бұрғылау кезінде металл қызып кетсе не істеу керек?
Дұрыс жауап: Суыту керек
Масштабты дұрыс таңдамау неге әкеледі?
Дұрыс жауап: Өлшем қателігіне әкеледі
Шиптік қосылыстың артықшылығы неде?
Дұрыс жауап: Механикалық беріктігі жоғары
Ағаш бетінің сапасына қай кезең ең көп әсер етеді?
Дұрыс жауап: Әрлеу
Штангенциркульдің артықшылығы:
Дұрыс жауап: Әмбебап және дәл өлшейді
Жобалау процесінің алғашқы кезеңі:
Дұрыс жауап: Идея мен талаптарды анықтау
Сызбадағы штрихталған сызықтың қызметі:
Дұрыс жауап: Көрінбейтін бөлік
Техникалық ойлау дегеніміз не?
Дұрыс жауап: Процесті алдын ала елестету қабілеті
Жобалау мәдениеті нені көрсетеді?
Дұрыс жауап: Инженерлік ойлау деңгейін
Қауіпсіздік техникасының технологиямен байланысы қай жерде айқын көрінеді?
Дұрыс жауап: Әр операция алдында және кезінде
Құралды белгіленбеген мақсатта қолдану қандай салдарға әкеледі?
Дұрыс жауап: Бұйым сапасы мен қауіпсіздік бұзылады
Ағашты көлденең кесу кезінде неге көп күш қажет?
Дұрыс жауап: Талшықтар қарсы бағытта орналасқан
Неліктен бұйымның барлық беті бірдей өңделуі керек?
Дұрыс жауап: Біркелкі тозу және деформация болмау үшін
Ағаштың маусымдық кеңеюі нені көрсетеді?
Дұрыс жауап: Табиғи қасиетін ескеру қажеттігін
Ағаш бұйымының ұзақ сақталуына кері әсер ететін фактор:
Дұрыс жауап: Ылғал орта
Неліктен металл өңдеуде артық күш қолдануға болмайды?
Дұрыс жауап: Құрал мен дайындама бүлінеді
Сызбадағы осьтік сызықтың қызметі:
Дұрыс жауап: Симметрияны белгілеу
Бірдей өлшемді, бірақ түрлі ағаш түрінен жасалған бөлшектердің өңдеу нәтижесі әртүрлі болуының себебі:
Дұрыс жауап: Ағаштың физикалық-механикалық қасиеттері
Неліктен ағаш бұйымын өңдеу симметриялы жүргізіледі?
Дұрыс жауап: Ішкі кернеудің біркелкі таралуы үшін
Металл бұйымындағы кедір-бұдыр нені көрсетеді?
Дұрыс жауап: Өңдеудің жеткіліксіздігін
Слесарлық балғаның сабының ұзындығы неше мм-ден кем болмау керек?
Дұрыс жауап: 250-300 мм
Ағаш бұйымдарының беті тегіс болу үшін:
Дұрыс жауап: Сүргілейді
Ара қайрайтын егеу түрі:
Дұрыс жауап: Үш қырлы егеу
Электр машинаның негізгі бөлшектері:
Дұрыс жауап: Қозғалмайтын статор мен айналатын ротор
Шағын диаметрлі және ұзындығы 150мм дейінгі дайындаманы бекітеді:
Дұрыс жауап: Патронға