География: Біліктілік тестілеу (ОЗП)
294 сұрақ · 4-бет, барлығы 6 бет
Латын Америкада орналасқан Франция мемлекетінің иелігі
Дұрыс жауап: Гвиана
Карта масштабы құбылысты сипаттайтын өлшемге тәуелді карта
Дұрыс жауап: анаморфоздық карта
Қазақстанның солтүстік шеткі нүктесі
Дұрыс жауап: 55º26´с.е.
Абсолюттік статистикалық мәліметтерді әкімшілік бөліну бірліктері бойынша картограмма түрінде көрсету
Дұрыс жауап: картодиаграмма әдісі
Қазіргі әлемнің экономикалық кеңістік моделін жасаған геосаясаткер
Дұрыс жауап: И.Валлерстайн
Қазақстан аумағы арқылы өтетін Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің ұзындығы
Дұрыс жауап: 2787 км
Ұзындығы 2450 км, Қазақстан аумағындағы ұзындығы 1400 км, су шығыны – 56,3 болатын өзен:
Дұрыс жауап: Есіл
Ресейдегі тереңдігі 12,3 км ұңғымадағы температура … құраған
Дұрыс жауап: +210ºС
Қоқыстардың 90%-ы қайта өңделетін әлемнің ең таза елінің бірі:
Дұрыс жауап: Швеция
Қазіргі кезде аймақтық валюта деңгейінен әлемдік валюта деңгейіне шығып, көптеген елдер үшін эмиссиялық валюта болып табылатын валюта
Дұрыс жауап: еуро
«Геоэкология» терминін алғаш ұсынған ғалым
Дұрыс жауап: К.Тролл
Ормандардың құрлықта алып жатқан үлесі
Дұрыс жауап: 26,8% (31%)
Салыстыру әдістері арқылы Жер шары қабықтарының заңдылықтарын зерттеп, физикалық географияның негізін қалаған ғалым
Дұрыс жауап: А.Гумбольдт
Біртекті нысандардың белгілері мен көрсеткіштерін бір уақыт кезеңінде салыстыру
Дұрыс жауап: синхронды
Орман аумағының екінші рет қысқаруы басталған аймақ
Дұрыс жауап: Еуропа
Табиғатты тиімді пайдалануды екі жақты мақсатта қарастырған ғалым
Дұрыс жауап: Н.Ф.Реймерс
Табиғат ресурстарын бір шаруашылық саласы шегінде пайдалану
Дұрыс жауап: салалық
Жер шарындағы ормандар мен өсімдік жамылғысына қатысты мәліметтерді тиісті сипаттамалармен сәйкестендіріңіз
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік Жер шарындағы ормандардың жалпы көрсеткіші Құрлық бетінің шамамен 30%-ын құрайды; Ормандар мен бұталардың алып жатқан аумағы — 4 млрд га Ормандардың экологиялық маңызы "Планетаның өкпесі" — оттегінің негізгі көзі; Көмірқышқыл газын () сіңіру және климатты реттеу Мемлекеттік меншік үлесі төмен болуы және өндіріс саласында, сауда, инвестиция, жұмыс күшін пайдалануда нарықтық бәсекелестіктің үстемдігі, күрделі әлеуметтік жіктелуі тән болатын модель
Дұрыс жауап: либералды (америкалық)
Бақылау, болжау және қорғау мақсатында қоршаған ортаның жай-күйіне байқау жасау
Дұрыс жауап: мониторинг
Интегралдық аудандастырудың салалық аудандастырудан айырмашылығы
Дұрыс жауап: барлық шаруашылықты біртұтас қамтуы
ФАО ұйымының деректері бойынша қазіргі кезде жыл сайын кемінде ... млн га орман жойылады
Дұрыс жауап: 10
Көптеген сарапшылардың көзқарастарын ұсынуы арқылы идеялар жинақтау
Дұрыс жауап: тікелей миға шабуыл
Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған ережелердің жиынтығы
Дұрыс жауап: экологиялық құқық
Қазақстан аумағын экологиялық шиеленіс деңгейі бойынша аудандастырған қазақстандық геоэколог ғалым
Дұрыс жауап: А.В.Чигаркин
Табиғи ортаның санитарлық-эпидемиологиялық және биоэкологиялық жағдайлары бақыланатын мониторинг деңгейі
Дұрыс жауап: жергілікті
Ағаш сүрегінің қоры
Дұрыс жауап: 330 млрд м³
Табиғатты пайдалану жолдарын жіктеген орыс экологы
Дұрыс жауап: Н.Ф.Реймерс
Абсолюттік статистикалық мәліметтерді әкімшілік бөліну бірліктері бойынша картограмма түрінде көрсету
Дұрыс жауап: картодиаграмма әдісі
Экологияның негізгі заңдарын түсіндірген ғалым
Дұрыс жауап: Б.Коммонер
Қазақстанның экологиялық шиеленісі қауіпті деңгейге кіретін аймақтар
Дұрыс жауап: Ертіс, Сырдария, Нұра, Арыс өзендері; Алматы, Қарағанды қалалары; Соколов-Сарыбай, Павлодар, Екібастұз өндірістік кешендері
Экологиялық таза өндірістің негізгі ұстанымдары
Дұрыс жауап: алдын алу ұстанымы; демократиялық ұстаным; жүйелілік ұстаным
Халқы түгелімен қала тұрғындары болып табылатын елдер
Дұрыс жауап: Сянган, Сингапур
Аграрлы-шикізатты елдерін ата
Дұрыс жауап: Қырғыз Республикасы; Гвинея; Алжир
Әлемдік кеме өндірісі нарығының 45%-ы тиесілі ел
Дұрыс жауап: Корея Республикасы
Геоэкологиялық аудандастырудың бағалау критерийлері
Дұрыс жауап: кеңістік; динамикалық; тақырыптық
Картограмманың түрлері
Дұрыс жауап: нүктелік; фон құраушы
Табиғатты тиімді пайдалануда есепке алу және бағалау, даму барысын болжау, басқару және пайдалану жүйесін әзірлеу құрылымы
Дұрыс жауап: зерттеу
Экономиканың үшінші секторы
Дұрыс жауап: қызмет көрсету, көлік, сауда, байланыс
2019 жылы АДИ бойынша Қазақстан әлем елдері арасындағы орыны
Дұрыс жауап: 50-орын
Сандық картада орман, жайылым, су айдыны, суайрықтар, беткейлердің жату бағыттары берілетін ақпараттың түрі
Дұрыс жауап: синтаксистік
Антропогендік шөлейттенудің көлемі қазіргі кезде ... аумақты қамтыған
Дұрыс жауап: 10 млн км²
«Цифрлық Қазақстан» жобасының үшінші бағыты
Дұрыс жауап: мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру
Бір платформаның өзінде бірнеше түсірілім құрылғылары орнатылса …деп атайды
Дұрыс жауап: сенсор
Дүниежүзінде кең тараған ГАЖ технологиясындағы бағғдарламаларының бір түрі
Дұрыс жауап: MapInfo Professional
«Мониторинг» термині ғылымға ресми түрде енгізілген жыл
Дұрыс жауап: 1972 ж
«Мұнайсыз өркендеу» бағдарламасы бойынша ауылшаруашылық, өнеркәсіп және ағаш қалдықтарынан отын алу арқылы жүзеге асырылатн экоқала
Дұрыс жауап: Кристианстад
Әлемдік көшбасшылар ХХІ ғасырға арналған күн тәртібі құжатын қабылдаған БҰҰ-ның конференциясы өткен қала
Дұрыс жауап: Рио-де-Жанейро, 1992
Теңіздер мен көлдердің жағалық сызығын, шегара ұзындығын есептеу үшін пайдаланылатын механикалық құрал
Дұрыс жауап: курвиметр
Алғаш рет элктрондық кесте жасай алатын Multiplan процессоры шығарылған жыл
Дұрыс жауап: 1982