Ustazdyq

География: ГАШ

41 сұрақ

Жинақ туралы

«ГАШ» бөліміндегі «География» жинағында дұрыс жауаптары бар 41 сұрақ бар.

ГАШ — мектептерді мемлекеттік аттестаттау: 4 және 9-сынып оқушыларын негізгі пәндер бойынша тестілеу. Бөлімде тапсырмалардың қалай құрылатынын алдын ала көру үшін жауаптары бар сұрақтар жиналған.

Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.

Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.

  1. Ферроқорытпа зауыты орналасқан

    Дұрыс жауап: Ақтөбе

  2. Қазақстанда ең төменгі температура тіркелген елді-мекен

    Дұрыс жауап: Орлов

  3. Ұлттық табиғи саябақтардың қорықтардан айырмашылығы:

    Дұрыс жауап: туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат беріледі.

  4. Шөл зонасының өзені

    Дұрыс жауап: Іле

  5. Сарқылатын қалпына келетін табиғат ресурстары:

    Дұрыс жауап: су, жер

  6. Орманды дала зонасының өсімдіктері

    Дұрыс жауап: боз,бетеге

  7. Шаруашылықта қолданылатын немесе қолданылуы мүмкін табиғаттың құрамдас бөліктері

    Дұрыс жауап: табиғат ресурстары

  8. Солтүстік Қазақстанның егіншаруашылығына мамандану себебі.

    Дұрыс жауап: құнарлы қара топырақ, қолайлы климат

  9. Үстірт қорығының жануарлары

    Дұрыс жауап: агамала, геккондар кесірткелері

  10. Атмосфералық қысым жоғары болып келетін қала

    Дұрыс жауап: Ақтау

  11. Елімізде «Ерекше қорғауға алынған аумақтар туралы» Заң қабылданған жыл.

    Дұрыс жауап: 1997 жылы 15 шілде

  12. Елдің материалдық құндылықтарын қамтамасыз ететін шаруашылық саласы

    Дұрыс жауап: коммуналды және тұрғын үй шаруашылығы

  13. Ауыл халқы басым облыс

    Дұрыс жауап: Жамбыл облысы

  14. Қалпына келетін ресурс

    Дұрыс жауап: биологиялық

  15. Алтай тауының ең биік нүктесі орналасқан жота

    Дұрыс жауап: Қатын жотасы

  16. Қашықтықтан зерделеу дегеніміз –

    Дұрыс жауап: Жер беті мен ондағы нысандар жайлы қашықтықтан дәл ақпарат алу

  17. ҒТР-дың басты белгісіне жатады:

    Дұрыс жауап: әмбебаптылығы

  18. ҒТР-дың құрамдас бөліктері:

    Дұрыс жауап: техника мен технология

  19. Қазақстанда мұнай революцияға дейін өндірілген кен орны.

    Дұрыс жауап: Ембі

  20. Шығыс Еуропа табиғи-аумақтық кешеніне кіретін аумақ

    Дұрыс жауап: Каспий маңы ойпаты

  21. Теңіздер республика аумағының тек қиыр батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде сақталған эра

    Дұрыс жауап: мезозой

  22. Қазақстанның солтүстігіндегі тұзды көл

    Дұрыс жауап: Сілетітеңіз

  23. Географиялық атауларды зерттейтін ғылым

    Дұрыс жауап: топонимика

  24. Еліміздегі БҰҰ-ның Жер атмосферасы жай-күйі мен өзгерісі, олардың мұхиттармен әрекеттесуі, су ресурстарының таралуы мәселелері бойынша ақпарат көзі болып табылатын ғылыми мекеме

    Дұрыс жауап: Қазгидромет

  25. Материалдық және рухани құндылықтар қалыптасқан адамның іс-әрекеті

    Дұрыс жауап: еңбек

  26. Қазақстандағы ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер:

    Дұрыс жауап: Ертіс, Есіл, Сырдария

  27. Хромды қосылыстар зауыты, рентген аппаратурасын шығаратын зауыт орналасқан қала.

    Дұрыс жауап: Ақтөбе

  28. Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына мүше болған жыл:

    Дұрыс жауап: 1995

  29. Жарықшақты-қабатты типті жерасты сулары кездесетін аудандар

    Дұрыс жауап: Маңғыстау мен Сарыарқада

  30. Қоғам дамуындағы қалалар рөлі мен қала халқы санының артуы

    Дұрыс жауап: урбандалу

  31. Кембрийге дейінгі тау жыныстары кездесетін аудандар

    Дұрыс жауап: Көкшетау, Ұлытау, Шыңғыстау

  32. Халық саны 100 мың адамға жететін қалалар.

    Дұрыс жауап: үлкен қалалар

  33. Еліміздің барлық салада тұрақтылыққа жетудегі мақсат, міндеттерін, негізгі механизмдерін анықтайды:

    Дұрыс жауап: Экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасы

  34. Батыс Тянь-Шаньның жоталары

    Дұрыс жауап: Қаратау, Қоржынтау, Өгем

  35. АӘДИ есептеу үшін қолданатын көрсеткіштер:

    Дұрыс жауап: өмір сүру ұзақтығы, білім, өмір сүру деңгейі

  36. Қазақстанға 2017 жылы 16081 адам келіп, 37704 адам кетті. Осы жыл ішіндегі миграциялық өсімді анықта.

    Дұрыс жауап: -1,2‰

  37. Қазақстан аумағында бес ауданды бөлген ғалым.

    Дұрыс жауап: Н.Баранский

  38. Қазақ диаспорасы кездесетін елдер саны:

    Дұрыс жауап: 54

  39. Иммигранттардың саны басым мемлекет

    Дұрыс жауап: Франция

  40. Қазақстанға 2017 жылы 16081 адам келіп, 37704 адам кетті. Осы жыл ішіндегі миграциялық өсімді анықта.

    Дұрыс жауап: -1,2%

  41. Темір кенінің мол қоры бар облыстар

    Дұрыс жауап: Қостанай, Қарағанды