Дұрыс жауап
Дұрыс жауап: аққу
Жауап нұсқалары
- A.қасқалдақ
- B.қаз
- C.қарға
- D.аққудұрыс
- E.үйрек
Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.
Дұрыс жауап: аққу
Жауап нұсқалары
Жазда жағалай ауыл қонған көлге барып, талай-талай рақаттана шомылған боларсың. Ол көл дебалақай, біліп қой, туған жердің нәрі бар. Сонда шалқар судың айдынында жұбын жазбай жүзіп жүрген кербез аққуларға көзің түскен болар. Құс төресі – сол аққулар да өзің өскен өлкенің көркі. Қаз, үйрек, қасқалдақ, басқа да су құстарының неше түрін көрдің сол көлдің жағасынан. Бұлар да сен туған жерді мекен етеді, өсіп-өнеді, өркен жаяды. Ұлан байтақ қазақ даласын түз тағысы – киік, таутеке, арқар, аю, барыс, қабылан сияқты жабайы аңдар да қоныс етеді. Туған жеріміз – Қазақстанда суы телегей теңіз де, ұшар басын мәңгі қар басқан зеңгір тау да, көкпеңбек боп бой түзеген орман-тоғай да баршылық. Сайып келгенде, әрбір адам үшін туған жерден қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен болып саналады. Сенің ғана емес, сенің әкең мен шешеңе, сенен кейінгілерге де қадірлі қоныс болып қала бермек. Сондықтан туған жерді сырт жаудан қорғап қалу, соған күнілгері дайын тұру – парыз.