Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · Оқу сауаттылығы, 4-сынып · Сұрақ 25/109

Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: Туған жерді қадірлеу, оны қорғау

Жауап нұсқалары

  1. A.Туған жерді құстар мен аңдарын қорғау
  2. B.Туған жердің табиғатын суреттеу
  3. C.Туған жердің ауылдарын білу
  4. D.Туған жерді қадірлеу, оны қорғаудұрыс
  5. E.Туған жердің өзен-көлдерін білу

Тапсырма мәтіні

Жазда жағалай ауыл қонған көлге барып, талай-талай рақаттана шомылған боларсың. Ол көл дебалақай, біліп қой, туған жердің нәрі бар. Сонда шалқар судың айдынында жұбын жазбай жүзіп жүрген кербез аққуларға көзің түскен болар. Құс төресі – сол аққулар да өзің өскен өлкенің көркі. Қаз, үйрек, қасқалдақ, басқа да су құстарының неше түрін көрдің сол көлдің жағасынан. Бұлар да сен туған жерді мекен етеді, өсіп-өнеді, өркен жаяды. Ұлан байтақ қазақ даласын түз тағысы – киік, таутеке, арқар, аю, барыс, қабылан сияқты жабайы аңдар да қоныс етеді. Туған жеріміз – Қазақстанда суы телегей теңіз де, ұшар басын мәңгі қар басқан зеңгір тау да, көкпеңбек боп бой түзеген орман-тоғай да баршылық. Сайып келгенде, әрбір адам үшін туған жерден қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен болып саналады. Сенің ғана емес, сенің әкең мен шешеңе, сенен кейінгілерге де қадірлі қоныс болып қала бермек. Сондықтан туған жерді сырт жаудан қорғап қалу, соған күнілгері дайын тұру – парыз.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар