Дұрыс жауап
Дұрыс жауап: көзі ашық,өзіне мақсат қоя алатын
Жауап нұсқалары
- A.көздері жақсы көреді
- B.іскер адам
- C.көкірегіндегі ойлар
- D.білімді
- E.көзі ашық,өзіне мақсат қоя алатындұрыс
Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.
Дұрыс жауап: көзі ашық,өзіне мақсат қоя алатын
Жауап нұсқалары
Біздің Сайқан, Сауыр таулары тұнып тұрған сұлулықтың өзі сияқты. Тек асқар-асқар таулар мен ну ормандар, сарқыраған ақ көбік өзендер… қиялды еріксіз қозғайды. «Ақ қағаз бетіне қара қарындашпен бірдеңені саласың ба, қайтесің?» деп маза бермейді-ау, маза бермейді. 2–3-сыныптан бастап сурет сала бастадым. Онда да қайбір қиратып тастады дейсің – қисық қарағайлар, ақсақ аюлар деген секілді. Мұғаліміміз Кәрім Ақтаев бәрібір мені мақтап қояды: – Бұл баланың көкірегінде көзі бар, – деп. Бірте-бірте әлгі қисық қарағайлар түзеліп, аюымның жүрісі оңала бастады. Енді сыныптағы қыздардың бейнелерін сала бастадым. Сонымен сыныптың, тіпті мектептің суретшісі болып алдым. – Өскенде кім боласың? – дегендерге бірден жауап беремін. Тіпті ойланбаймын да: – Суретші боламын. Әбілхан Қастеев сияқты. – Бәрекелді! – дейді олар. Ол кез арман орындала бермейтін қиын жылдар еді. Жер аяғы алыс, Алматы одан да қиыр, қаражат жоқ дегендей… Суретші болсам деген арман орындалмады. Бір-бір сурет альбомдарым сыныптағы қыздардың қолтығында кетті. Кейін жазушы болдым. Шығармаларымды оқыған суретші достарым: «Сенің жазуыңнан суретшінің қолтаңбасы ап-айқын білініп тұрады. Әсіресе табиғатты суреттеген кезде. Қолмен сызғандай», – десіп жүреді. Кім біледі, рас шығар. Әйтеуір, суретші бола алмағаныма көп өкінбеймін. Өйткені суретшілік пен жазушылық ұқсас, тіпті егіз мамандық сияқты.