Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · Оқу сауаттылығы, 4-сынып · Сұрақ 27/109

Мәтіндегі «Отан» сөзіне мәндес сөздерді табыңыз.

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: өлке, туған жер, атамекен

Жауап нұсқалары

  1. A.туған жер, алтын бесік
  2. B.өлке, туған жер, атамекендұрыс
  3. C.өлке, ұлан-байтақ, атамекен
  4. D.ауыл, туған жер, атамекен
  5. E.өлке, туған жер, алтын бесік

Тапсырма мәтіні

Жазда жағалай ауыл қонған көлге барып, талай-талай рақаттана шомылған боларсың. Ол көл дебалақай, біліп қой, туған жердің нәрі бар. Сонда шалқар судың айдынында жұбын жазбай жүзіп жүрген кербез аққуларға көзің түскен болар. Құс төресі – сол аққулар да өзің өскен өлкенің көркі. Қаз, үйрек, қасқалдақ, басқа да су құстарының неше түрін көрдің сол көлдің жағасынан. Бұлар да сен туған жерді мекен етеді, өсіп-өнеді, өркен жаяды. Ұлан байтақ қазақ даласын түз тағысы – киік, таутеке, арқар, аю, барыс, қабылан сияқты жабайы аңдар да қоныс етеді. Туған жеріміз – Қазақстанда суы телегей теңіз де, ұшар басын мәңгі қар басқан зеңгір тау да, көкпеңбек боп бой түзеген орман-тоғай да баршылық. Сайып келгенде, әрбір адам үшін туған жерден қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен болып саналады. Сенің ғана емес, сенің әкең мен шешеңе, сенен кейінгілерге де қадірлі қоныс болып қала бермек. Сондықтан туған жерді сырт жаудан қорғап қалу, соған күнілгері дайын тұру – парыз.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар