Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · Физика, 9-сынып · Сұрақ 33/56

Резонанстың пайдалы қолданылуына мысал келтіріңіз:

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: Радиоқабылдағыштарда сигналды күшейту.

Жауап нұсқалары

  1. A.Көпірлердің құлауы.
  2. B.Радиоқабылдағыштарда сигналды күшейту.дұрыс
  3. C.Дыбыстың бәсеңдеуі.
  4. D.Ғимараттардың жер сілкінісі кезінде бұзылуы.
  5. E.Машиналардың бұзылуы.

Тапсырма мәтіні

Резонанс Резонанс – тербелмелі жүйеге әсер ететін сыртқы периодтық күштің жиілігі жүйенің меншікті тербеліс жиілігіне тең болған кезде, жүйенің тербеліс амплитудасының күрт артуы. Резонанстың пайда болу шарттары: - Жүйеге периодтық күш әсер етуі керек; - Жүйе тербеліс жасай алатын болуы керек (мысалы, серіппеге ілінген жүк, тербелмелі контур); - Жүйенің өзіндік тербеліс жиілігі болуы керек. Бұл жиілік жүйенің параметрлеріне байланысты (мысалы, серіппенің қатаңдығы, жүктің массасы); - Сыртқы күштің жиілігі жүйенің меншікті тербеліс жиілігіне жақын болуы керек. Резонанстың мынандай түрлері бар: Механикалық резонанс - механикалық тербелмелі жүйелерде (мысалы, көпірлерде, ғимараттарда) пайда болады. Электрлік резонанс - электрлік тербелмелі контурларда (индуктивтілік пен сыйымдылықтан тұратын тізбектерде) пайда болады. Дыбыстық резонанс - дыбыстық тербелістерде (мысалы, музыкалық аспаптарда) пайда болады. Резонанстың пайдалы және зиянды жақтары: Радиоқабылдағыштар - антенна қабылдаған сигналдарды күшейту үшін қолданылады. Музыкалық аспаптар - резонаторлар дыбысты күшейту үшін қолданылады. Медициналық құрылғылар - дененің ішкі мүшелерін зерттеу үшін қолданылады (мысалы, магниттік-резонанстық томография). Көпірлердің құлауы - көпірдің меншікті тербеліс жиілігі желдің немесе көліктердің тербеліс жиілігімен сәйкес келгенде, резонанс пайда болып, көпір құлауы мүмкін. Ғимараттардың бұзылуы - жер сілкінісі кезінде ғимараттардың тербеліс амплитудасы күрт артып, бұзылуы мүмкін. Машиналардың бұзылуы – қозғалтқыштар мен басқа механизмдерде резонанс пайда болып, бөлшектердің шамадан тыс жүктелуіне және бұзылуына әкелуі мүмкін.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар