Ustazdyq

Химия: ГАШ

35 сұрақ

Жинақ туралы

«ГАШ» бөліміндегі «Химия» жинағында дұрыс жауаптары бар 35 сұрақ бар.

ГАШ — мектептерді мемлекеттік аттестаттау: 4 және 9-сынып оқушыларын негізгі пәндер бойынша тестілеу. Бөлімде тапсырмалардың қалай құрылатынын алдын ала көру үшін жауаптары бар сұрақтар жиналған.

Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.

Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.

  1. Пропан молекуласының құрамындағы көміртегінің массалық үлесі(%):

    Дұрыс жауап: 81,8 %

  2. Топшада атомдық нөмірі өскен сайын галогендердің атом радиусы

    Дұрыс жауап: өседі

  3. 6,4 г аммоний нитритін қыздырғанда (қ.ж.) түзілген азоттың көлемі:

    Дұрыс жауап: 2,24л

  4. Катализатор қатысында көлемі 56 л ауамен (қ.ж.) тотыға алатың аммиактың көлемі:

    Дұрыс жауап: 8,96л

  5. Қиын балқитын металдарды дәнекерлеу және металдарды кесу үшін қолданылатын газ

    Дұрыс жауап: ацетилен

  6. Табиғи полимер

    Дұрыс жауап: крахмал

  7. 5 тонна аммоний нитратын алу үшін қажет аммиактың көлемі(қ.ж.) және массасы:

    Дұрыс жауап: 1400 м3, 1,0625 т

  8. Этилен жанғанда 6226 кДж жылу бөлінді. Егер бұл реакцияның жылу эффектісі 1410,9 кДж болса, реакцияға түскен оттектің көлемі

    Дұрыс жауап: 296,5 л

  9. 10 г литий нитриді сумен әрекеттескенде шығымдылығы 95% болса, бөлінетін аммиактың (қ.ж.) көлемі:

    Дұрыс жауап: 6,08 л

  10. 102 кг аммиакпен әрекеттесетін 78 %-тік күкірт қышқылының массасы:

    Дұрыс жауап: 377 кг

  11. Күшті қышқыл:

    Дұрыс жауап: HClO 4

  12. Органикалық қосылыстарға тән қасиеттер

    Дұрыс жауап: органикалық реакциялар өте баяу жүреді

  13. Тривиалды атаулар

    Дұрыс жауап: метан, этан, пропан, ацетилен

  14. Аммиактың қышқылдармен әрекеттесуіндегі реакция типі

    Дұрыс жауап: қосылу

  15. 200 молекула тұздың 40 молекуласы иондарға диссоциацияланса, оның диссоциациялану дәрежесі:

    Дұрыс жауап: 20%

  16. Молекула құрамы бірдей, бірақ химиялық құрылысы әртүрлі, соған сәйкес қасиеттері де түрліше болатын заттар

    Дұрыс жауап: изомерлер

  17. Массасы 30 г мыс пен алюминий қоспасына концентрлі азот қышқылымен әсер еткенде 13,44 л газ (қ.ж) бөлінді. Қоспаның құрамы

    Дұрыс жауап: Cu – 19,2 г және АІ – 10,8 г

  18. Массасы 12 г бір валентті метал сумен әрекеттесіп, 5,84 л сутек түзілді. Сумен әрекеттескен металды анықтаңыз

    Дұрыс жауап: 0.5

  19. 1 моль алюминий оттекпен әрекеттесіп тотыққанда түзілген алюминий оксидінің зат мөлшері

    Дұрыс жауап: 0,5

  20. Мұнай өнімдері

    Дұрыс жауап: бензин, лигроин, керосин

  21. Көлемі 1л, массасы 500 г глюкозаның тығыздығын анықтаңыз:

    Дұрыс жауап: 0,5 г/мл

  22. Массасы 350г пентеннің моль санын есептеңдер.

    Дұрыс жауап: 5 моль

  23. Бензолдың физикалық қасиеттері

    Дұрыс жауап: суда жақсы ериді

  24. А+В=АВ химиялық реакция теңдеуі. Егер А затының бастапқы концентрациясы с= 1 моль/л, 4 секундтан кейін c=0,6 моль/л болса, реакция жылдамдығы:

    Дұрыс жауап: V=0,1 моль/л

  25. Нәруыздың мономері:

    Дұрыс жауап: аминқышқылдары

  26. Натрий хлоратындағы химиялық байланыс:

    Дұрыс жауап: ковалентті полюсті және иондық

  27. Қосылыстары адам өміріне өте қауіпті, қанның ми ұлпаларына тез өтіп, мишық пен ми қыртысын бұзатын ауыр металл

    Дұрыс жауап: сынап

  28. Бромды қай жылы және кім ашқан:

    Дұрыс жауап: 1826ж, Ж. Балар

  29. Өрт сөндіруде қолданылатын органикалық сұйықтық

    Дұрыс жауап: тетрахлорметан

  30. Қатты майдың құрамына кіретін қаныққан жоғары карбон қышқылдары

    Дұрыс жауап: пальмитин қышқылы, стеарин қышқылы

  31. Қалыпты жағдайда 6 л оттегінің массасы 6 л метанның массасынан ауыр:

    Дұрыс жауап: екі есе

  32. Қатты отын

    Дұрыс жауап: таскөмір

  33. Ауадағы азоттың көлемдік үлесі

    Дұрыс жауап: 78%

  34. 5,4 г алюминий мен 5,76 г күкіртті қыздырғанда түзілген өнімнің массасы

    Дұрыс жауап: 9 г

  35. Массасы 4,8 г метанол мен массасы 7,2 г сірке қышқылын әрекеттестіргенде 7,4 гметилацетат түзілді. Эфир шығымының массалық үлесін есептеңдер.

    Дұрыс жауап: 83,3