Ustazdyq

Қазақ әдебиеті: ГАШ

58 сұрақ · 2-бет, барлығы 2 бет

  1. Өлең жолдарындағы белгіленген сөздер көріктеу құралының қай түрі екенін анықтаңыз. Қызыл тіл қара басты балқытады, Келгенде қылқобыздай зар күйіне.

    Дұрыс жауап: Эпитет

  2. «Тар кезең» тәуелсіздік тұсындағы қазақ тарихы прозасының ешбір талассыз үлкен табысы деп білемін. Пікірдің авторын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: М.Құл-Мұхаммед

  3. Қазыбек бидің қандай заңдар жинағын құрастыруға қатысқанын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: «Жеті жарғы»

  4. Қазыбек бидің белгілі би-батырларға ілесіп, алғаш рет қалмақ қонтайшысы Цэван Рабданға елшілікпен барған жасын табыңыз.

    Дұрыс жауап: 14 жасында

  5. «Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген, Байеке, елің бар ма бүлдірмеген», - деп Баймағамбет төренің озбырлығын бетке айтатын ақын

    Дұрыс жауап: Махамбет

  6. «Кенесары- Наурызбай» жырында қандай оқиға суреттелген:

    Дұрыс жауап: Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс тарихы

  7. Қазақ әдебиетінде кездесетін айтыс түрлерінің санын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: 6

  8. «Бәйтерек» поэмасынан алынған үзінділердің ішінен ғаламдық мәселе бола алатын қатарды белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Қарудан ядролық бас тартпаса, Маза жоқ мұңға атқан Жер-анаға.