Ustazdyq

Математика: Нөлдік срез

373 сұрақ · 2-бет, барлығы 8 бет

  1. Есептің шешуін табыңыз. Жарысқа өткізу үшін біреуі 220 теңге тұратын 4 доп сатып алды. 4 допқа неше теңге төленді?

    Дұрыс жауап: 880 тг

  2. Барлық өлшемдері тең тікбұрышты параллелепипедті ... деп атайды.

    Дұрыс жауап: текше

  3. Есептің шешуін табыңыз. Субұрқақты жарықтандыру үшін 18 қызыл түсті және 24 сары түсті шамдар әкелінді. Барлық шамды 6 қатарға бөлді. Әр қатарда неше шамнан болды?

    Дұрыс жауап: 7 шам

  4. Өрнектің мәнін табыңыз: 962 : 3

    Дұрыс жауап: 320 (2 қалд.)

  5. Есептің шешуін тап. Сатып алды – 22 алма, 8 банан Бөліп берді – 5 досына Әр досы - ? ж.

    Дұрыс жауап: (22 + 8) : 5 = 6

  6. 2, 5, 6, 7 цифрларын қайталамай қанша екі таңбалы сан жазуға болатынын көрсет.

    Дұрыс жауап: 12

  7. Есептің шешуін табыңыз. Аналар мерекесіне арнап15 қыздың әрқайсысы 4 данадан ашықхат және 12 ұлдың әрқайсысы 3 данадан ашықхат дайындады. Балалар барлығы неше ашықхат дайындады?

    Дұрыс жауап: 15 • 4 + 12 • 3 = 96

  8. Бөліндінің мәнін табыңыз: 864 : 2

    Дұрыс жауап: 432

  9. Шаршының ауданы 36 см² болса, периметрін неше болатынын есептеңіз.

    Дұрыс жауап: 24 см

  10. Шеңбердің центрі арқылы өтетін және шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді ... деп аталады.

    Дұрыс жауап: диаметр

  11. ⅒ - бұл жазу қалай аталатынын анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: бөлшек

  12. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі 60 см³, ұзындығы 5 см, ені 4 см. Оның биіктігін табыңыз.

    Дұрыс жауап: 3 см

  13. Өрнектің мәнін тап. 2597 · 32 + 280 448 : 56 =

    Дұрыс жауап: 88 112

  14. Тізбектегі жетіспейтін санды табыңыз: 2, 4, 8, 16, ? , 64

    Дұрыс жауап: 32

  15. Берілген жазбаға кайсысы тең? 9-дың квадраты

    Дұрыс жауап: 9 • 9

  16. Азат 12 алма сатып алды, оның 5-ін досына берді. Қалған алманы ол 3 бөлікке бөліп, әр бөлігіне неше алма қойды?

    Дұрыс жауап: 2 алма

  17. Санды қосқанда сол санның өзі шығатын қосылғышты белгіле

    Дұрыс жауап: 0

  18. Берілген теңдеудің мәнін тап. (14084:28-27) ∙37-12060

    Дұрыс жауап: 5552

  19. Есепті шығар. Сөреде 9 кітап тұр. Ол барлық кітаптың 1/8 бөлігі. Барлығы неше кітап бар?

    Дұрыс жауап: 72

  20. Өрнектің мәнін тап. 3/8 + 4/8 =

    Дұрыс жауап: 7/8

  21. Берілген өрнектің мәні неге тең? 57 т 265 кг + 38 т 849 кг?

    Дұрыс жауап: 96 т 114 кг

  22. Өрнектің мәнін тап: 3т 256кг – 1т 34кг

    Дұрыс жауап: 2т 222кг

  23. Параллелепипедтің неше қыры болатынын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: 12

  24. Есептеңіз: 990 : 3 + 86 : 2

    Дұрыс жауап: 373

  25. Аяулымның 4 түрлі жейдесі және 2 шалбары бар. Ол бір жейде және бір шалбар кигісі келеді. Қанша түрлі киім комбинациясы болады? Аяулымға көмектес.

    Дұрыс жауап: 8

  26. Бөліндісінде нөлі бар санға бөлу алгоритімін қолданып, бөлуді орында. 81 900 ÷ 234 =

    Дұрыс жауап: 350

  27. Берілген теңдеудің түбірі неге тең, анықта. 630734-х = 28306

    Дұрыс жауап: 602428

  28. Көрсетілген өлшем бірлігіне өрнекте 53 м 3 = * дм 3

    Дұрыс жауап: 53 000 дм 3

  29. Берілген өрнектің тура мәнін таңда. 1488:24∙100-945: (3500:100)

    Дұрыс жауап: 6173

  30. Бөлінгішті тап. x : 4 = 55 (3 қалд.)

    Дұрыс жауап: 223

  31. Бақшадан 40 қияр әкелінді. Қиярдың 1/2 бөлігі тұздалды. Қанша қияр қалды?

    Дұрыс жауап: 40-40:2=20

  32. Өрнектің мәнін тап: 8057 және 5903 сандарының қосындысын 4820-ға азайт.

    Дұрыс жауап: 9140

  33. Үшбұрыштың периметрі 50 см , бір қабырғасы 25 см, келесісі 15 см. Үшбұрыштың үшінші қабырғасын тап.

    Дұрыс жауап: 10 см

  34. Өрнектің мәнін тап. 826 281 ÷ 909 =

    Дұрыс жауап: 909

  35. Қабырғалары 90 м және 100 м болатын, ар-мен есептелген футбол алаңын тап.

    Дұрыс жауап: 90 ap

  36. Мектепте 250 оқушы оқиды. Егер оқушылардың 1/5 бөлігі қыз болса, қанша қыз оқиды?

    Дұрыс жауап: 50

  37. 8/8 бөлшегі ...

    Дұрыс жауап: Бұрыс бөлшек

  38. Бұрыс бөлшекті белгіле

    Дұрыс жауап: 7/4

  39. Қосындыларды есептеуге ыңғайлы етіп топтастыр. 30+960+970+9040= 11000

    Дұрыс жауап: (30+970) + (9040+960)

  40. Есепті шығар. Сөреде 9 кітап тұр. Ол барлық кітаптың 1/8 бөлігі. Барлығы неше кітап бар?

    Дұрыс жауап: 72

  41. Төртінші орындалатын амалды көрсет. (120+16 ∙7)+240∙ (300-5)

    Дұрыс жауап: 240∙ (300-5)

  42. 4 ≤ x < 8 теңсіздігін қанағаттандыратын барлық бүтін сандарды табыңыз.

    Дұрыс жауап: 4, 5, 6, 7

  43. 642396 санында қанша он мыңдық бар?

    Дұрыс жауап: 64

  44. Бақшадан 40 қияр әкелінді. Қиярдың 1/4 бөлігі тұздалды. Қанша қияр қалды?

    Дұрыс жауап: 40-40:4=30

  45. 5-ке де, 10-ға да қалдықсыз бөлінетін сандар қатарын көрсет

    Дұрыс жауап: 460, 8900, 74 120, 20

  46. Астана станциясынан бір уақытта қарама-қарсы бағытта екі пойыз шықты. 5 сағаттан соң пойыздардың ара қашықтығы 950 км болды. Бірінші пойыздың жылдамдығы 90 км/сағ. Екінші пойыздың жылдамдығын тап. Дұрыс жаубын таңда.

    Дұрыс жауап: 950:5=190 190-90=100

  47. Берілген есептің жауабын тап. Әсел 1 торттың 2/5 бөлігін жеді. Егер торттың салмағы 1 кг болса, Әсел неше грамм торт жеді?

    Дұрыс жауап: 400 г

  48. 7239093 санында неше мың бірлік бар?

    Дұрыс жауап: 7239

  49. Үшбұрыштың бір қабырғасы 20 см, келесісі 35 см, үшінші қабырғасы 15 см. Үшбұрыштың периметрін тап.

    Дұрыс жауап: 70

  50. Ақыл 27 алма сатып алды. Ол 9 алманы досына берді, қалған алмалардың жартысын жеді. Ақылда қанша алма қалды?

    Дұрыс жауап: 9