Ustazdyq

Дүниетану: Нөлдік срез

53 сұрақ · 1-бет, барлығы 2 бет

Жинақ туралы

«Нөлдік срез» бөліміндегі «Дүниетану» жинағында дұрыс жауаптары бар 53 сұрақ бар.

Нөлдік срезді оқу жылының басында өткізеді: оқушылардың жазғы демалыстан кейін нені есте сақтағанын көру үшін. Пәндер бойынша сұрақтар мен жауаптар мұғалімге әдеттегі тапсырмалармен алдын ала танысып, сыныпты дайындауға көмектеседі.

Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.

Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.

  1. Ағзаға тыныс алудың қажеттілігі:

    Дұрыс жауап: Оттегін қамтамасыз етіп, зиянды газдардан айыру

  2. Жануарлардың мекен ортасының өзгеруіне себеп болмайтын апатты белгіле.

    Дұрыс жауап: Тау жыныстарының үгітілуі

  3. Өсімдіктің өсуі мен дамуына қажет қоректік заттар түзілетін үдерісті көрсет.

    Дұрыс жауап: Фотосинтез

  4. Үйкеліс күшін адамның пайдалану себебі.

    Дұрыс жауап: денелердің қозғалуын тоқтату үшін

  5. Белгілі бір пішін мен көлемге ие заттар

    Дұрыс жауап: Қатты заттар

  6. Қанды ағза мүшелерінен қайта жүрекке жеткізетін қантамыр

    Дұрыс жауап: Көктамырлар

  7. Иммундық жүйенің негізгі жауынгерлері

    Дұрыс жауап: Ақ қан жасушалары

  8. Бүркеніш реңі....

    Дұрыс жауап: Жануарлардың айналадағы ортаға ұқсап, жасырыну түсі

  9. Кеппешөп дегеніміз ... .

    Дұрыс жауап: Кептірілген өсімдіктердің топтамасы

  10. Жер бетінде ең көп тараған жануарлар тобын көрсет.

    Дұрыс жауап: Жәндіктер

  11. Масса өлшемдері:

    Дұрыс жауап: Кг, т

  12. Қанайналым жүйесінің ең басты мүшесі

    Дұрыс жауап: Жүрек

  13. Газды ғаламшарды белгіле.

    Дұрыс жауап: Нептун

  14. Ауаның жылу өткізгіштігі

    Дұрыс жауап: Жылуды нашар өткізеді

  15. Жерді айнала қоршап тұрған ауа ... деп аталады

    Дұрыс жауап: атмосфера

  16. Өсімдіктің тамыры қандай қызмет атқаратынын анықта.

    Дұрыс жауап: Су мен қоректік заттарды сіңіреді

  17. Көктемгі күн мен түн теңелуі.

    Дұрыс жауап: 22 наурыз

  18. Машинаның тоқтауына әсер ететін күш.

    Дұрыс жауап: Үйкеліс күші

  19. Судың табиғаттағы айналымына жатпайды:

    Дұрыс жауап: Вулкандар

  20. Ауаның қасиетіне жатпайтын қасиет

    Дұрыс жауап: дыбыс өткізбейді

  21. Күннің жарығы Жерге ... жетеді.

    Дұрыс жауап: 8 минутта

  22. Күн сәулесі өсімдіктерге

    Дұрыс жауап: фотосинтез үшін керек

  23. Күн жүйесіндегі күнге жақын үшінші орындағы ғаламшар.

    Дұрыс жауап: Жер

  24. Денесі қабыршақпен жабылған жануар.

    Дұрыс жауап: Балық

  25. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер қатарын көрсет.

    Дұрыс жауап: Кактус, сексеуіл, жусан

  26. Тәжірибе жүргізу кезеңдерін ретімен көрсет.

    Дұрыс жауап: Болжам жасау → Құралдарды дайындау → Тәжірибе жүргізу → Нәтиже жазу → Қорытынды шығару

  27. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қала.

    Дұрыс жауап: Тараз

  28. Отбасы дегеніміз:

    Дұрыс жауап: Бір үйде тұратын туыстар

  29. Көше дегеніміз

    Дұрыс жауап: Қаладағы немесе ауылдағы жолдары бар аумақ

  30. Ғұндардың негізгі кәсібі.

    Дұрыс жауап: Мал шаруашылығы

  31. Ежелгі Отырарда дамыды

    Дұрыс жауап: Сауда және қолөнер

  32. Тұсбағдардың (компастың) қолданылу мақсаты

    Дұрыс жауап: Бағытты анықтау үшін

  33. Халықтың ұлттығын білдіретін басты белгісі

    Дұрыс жауап: Тілі

  34. Гимнде орын алатын маңызды ұғым.

    Дұрыс жауап: Азаттық пен тәуелсіздік

  35. Өндірістік шаруашылыққа өтуде маңызды рөл атқарған шаруашылық.

    Дұрыс жауап: Мал шаруашылығы

  36. Ауа райының мына жағдайында адам денесі тезірек қызып кетеді

    Дұрыс жауап: Ыстық әрі ылғалды ауа райында

  37. Выбери сооружение, которое находится у подножья горы Көк Төбе в Алматы:

    Дұрыс жауап: Телебашня

  38. Достопримечательность, которая является символом столицы Казахстана:

    Дұрыс жауап: Монумент Байтерек

  39. Адам ағзасына таза ауа жетіспесе не болады?

    Дұрыс жауап: Демі тарылады

  40. Су айналымы қай құбылысты көрсетеді?

    Дұрыс жауап: Жаңбырдың пайда болуын

  41. Өсімдіктердің қай бөлігі топырақтан су мен минералды сіңіреді?

    Дұрыс жауап: Тамыр

  42. Қайсысы тірі табиғатқа жатады?

    Дұрыс жауап: Ағаш

  43. Жануарлар не үшін қорек қажет етеді?

    Дұрыс жауап: Өсу және энергия алу үшін

  44. Қай құбылыс табиғаттағы ауа қозғалысын білдіреді?

    Дұрыс жауап: Жел

  45. Топырақтың ең негізгі қызметі қандай?

    Дұрыс жауап: Өсімдіктерді өсіру

  46. Қайсысы табиғат байлығы емес?

    Дұрыс жауап: Телефон

  47. Жыл мезгілдерінің ауысуына не әсер етеді?

    Дұрыс жауап: Жердің Күнді айналуы

  48. Құстардың негізгі ерекшелігі қандай?

    Дұрыс жауап: Ұшады

  49. Глобус қай ғасырдан бастап шығарылды

    Дұрыс жауап: ХV

  50. «Климат» сөзінің шыққан мағынасын тап.

    Дұрыс жауап: Гректің «клима»-көлбеу деген сөзінен шыққан