Ustazdyq

Қазақ тілі / Орыс тілі: Нөлдік срез

233 сұрақ · 1-бет, барлығы 5 бет

Жинақ туралы

«Нөлдік срез» бөліміндегі «Қазақ тілі / Орыс тілі» жинағында дұрыс жауаптары бар 233 сұрақ бар.

Нөлдік срезді оқу жылының басында өткізеді: оқушылардың жазғы демалыстан кейін нені есте сақтағанын көру үшін. Пәндер бойынша сұрақтар мен жауаптар мұғалімге әдеттегі тапсырмалармен алдын ала танысып, сыныпты дайындауға көмектеседі.

Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.

Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.

  1. Көмектес септікте тұрған тұйық етістікті көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Келуіңмен

  2. Көсемшенің жұрнағын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: -ып, -іп, -п

  3. Жедел өткен шақтың жұрнағын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: –ды, -ді

  4. Одағайдың қандай сөздер қатарына жататынын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Оқшау сөз

  5. Мақсатты келер шақтың жұрнағын табыңыз.

    Дұрыс жауап: –мақ, -мек, -бақ, -бек

  6. Көсемшенің сөйлемдегі қызметін көрсетіңіз: «Көре-көре көсем боларсың, Сөйлей-сөйлей шешен боларсың».

    Дұрыс жауап: пысықтауыш

  7. Тәуелді септелген сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Нұрай би үйірмесіне қатысып жүр.

  8. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Баламен, қонақпен

  9. Сөйлеудің неше түрі бар?

    Дұрыс жауап: 2

  10. Сөйлеудің түрлерін ата.

    Дұрыс жауап: Ауызша, жазбаша

  11. Мұқағали Мақатаевтың өлеңін көрсет.

    Дұрыс жауап: «Үш бақытым»

  12. Жалғасын тап: «Ал екінші бақытым – ........ .».

    Дұрыс жауап: тілім менің

  13. Қатыстық сын есімді табыңыз:

    Дұрыс жауап: Өнегелі

  14. Мұқағали Мақатаев айтқан «үш бақытты» анықта.

    Дұрыс жауап: Халық, Тіл, Отан

  15. Барыс септігінде тұрған сөзді таңдаңыз:

    Дұрыс жауап: Көшеге

  16. Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесі:

    Дұрыс жауап: дара мүше

  17. Берілген сөздерден жіңішке буынды сөздерді тап.

    Дұрыс жауап: дәрі, сурет

  18. Өткен шақтың ережесін көрсет.

    Дұрыс жауап: Өткен шақ етістіктер іс-әрекеттін бұрын болғанын білдіреді.

  19. Өздері қатысты сөздерге сұрақ мағынасын үстейтін шылауды тап.

    Дұрыс жауап: ма (ме), ба (бе), па (пе)

  20. Сөйлемнен туынды сын есімді анықтаңыз. Ал зымыран жоғары температураға төзімді жеңіл материалдан жасалуы тиіс.

    Дұрыс жауап: төзімді

  21. Бір сөзбен аталуын көрсетіңіз. "Төбе шашы тік тұрды"

    Дұрыс жауап: қорқу

  22. Жайылма сөйлемді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Биыл қыс суық болды.

  23. Жалаң сөйлемді анықтаңыз

    Дұрыс жауап: Күн ашылды.

  24. Берілген сөздерден біріккен сөзді анықта.

    Дұрыс жауап: асқазан

  25. Қысқарған сөздер қалай жасалады?

    Дұрыс жауап: Барлық жауап дұрыс

  26. Берілген сөздерден қысқарған сөздерді тап.

    Дұрыс жауап: АҚШ

  27. Сөздерден күрделі сын есімдерді тап.

    Дұрыс жауап: қызыл ала, қара сұр

  28. Жатыс септігіндегі сөзді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: балаларында

  29. Сын-қимыл үстеулерді тап.

    Дұрыс жауап: Ақырын жүрді, әрең шықты.

  30. Өкінішті білдіретін одағайларды тап.

    Дұрыс жауап: Қап, әттеген-ай

  31. «Кеңшар» қысқарған сөзі қалай жасалғанын анықта.

    Дұрыс жауап: Күрделі атау сөздердің құрамындағы әрбір сөздің басқы буындары ғана алынып қысқарады

  32. Берілген сөйлемнен қысқарған сөзді тап: «Нұрболат: - Менің ата-анам білім беру саласында қызмет етеді. Әкем Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры, ал анам – медакадемия оқытушысы».

    Дұрыс жауап: ҚазҰПУ, медакадемия

  33. Берілген создерден етістіктің түрлерін көрсет.

    Дұрыс жауап: болымды, болымсыз

  34. Берілген сөздер қай сөз түрлеріне жатады? Қолма-қол, тарс-тұрс, ыдыс-аяқ, әлсін-әлсін

    Дұрыс жауап: қос сөздер

  35. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді табыңыз

    Дұрыс жауап: Әуезовтің

  36. Құрмалас сөйлемді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Аспаз базарға барып, патшаның ақшасына жеміс сатып алды.

  37. « Мен мектепке бардым»,- есімдік түрін белгіле

    Дұрыс жауап: жіктеу есімдіктері

  38. Сөз тіркесінен бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болған сөзді тап.

    Дұрыс жауап: шөл дала

  39. Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесі:

    Дұрыс жауап: дара мүше

  40. Сөйлемдер қатарынан дұрыс құралған жай сөйлемді тап.

    Дұрыс жауап: Көбелек гүлге қонды.

  41. Белгілі бір тақырыпты тереңірек зерттеп, оны ғылыми, қоғамдық немесе әдеби тұрғыдан талқылайтын жазбаша жұмыс

    Дұрыс жауап: мақала

  42. Жаңылтпаштан табыс септіктегі сөздерді тап. Қанар қаптарды қаптап артар, Шанақ арбаны аттар тартар.

    Дұрыс жауап: қаптарды, арбаны

  43. Мәтін дегеніміз:

    Дұрыс жауап: Екі не одан да көп өзара байланысқан сөйлем

  44. Сөйлемнен біріңғай мүшелерді табыңыз. Тегінде адам баласы – адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ.

    Дұрыс жауап: ақыл, ғылым, ар, мінез

  45. Берілген сөздерден күрделі етістікті көрсет.

    Дұрыс жауап: қайтып кел

  46. Дұрыс септелген сөзді көрсетіңіз

    Дұрыс жауап: әжеге, әжеме, әжеңе, әжесіне

  47. Туынды сын есімді көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап: қарағайлы, жоңышқалы

  48. Келер шақта тұрған сөйлемді тап.

    Дұрыс жауап: Марат бірінші сыныпқа барады

  49. Сөздер қатарынан заттың атын білдіретін сөзді тап.

    Дұрыс жауап: арыстан

  50. Сөйлемде берілген көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды тап. Самат сурет...... жақсы сала....

    Дұрыс жауап: –ті, -ды