Қазақ тілі: Тоқсандық бақылау
1 476 сұрақ · 27-бет, барлығы 30 бет
«Гендерлік саясат» ұғымына қатысты анықтаманы белгілеңіз
Дұрыс жауап: қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.
«Көшбасшы» сөзінің орысша аудармасы
Дұрыс жауап: лидерство
«Экотуризм» термині қандай ұғымдарды білдіреді?
Дұрыс жауап: «сейілдеу», «сапар»
Сөйлемді толықтыратын қажетті сөздерді көрсет: «Жастардың бүгінгі ______ - оқу , білім, ______ жұмыстары» .
Дұрыс жауап: міндеті/ тәрбие
Сөйлемді толықтырыңыз _____ – адамдардың басқа мемлекетке көшуі.
Дұрыс жауап: имиграция
Сөйлем дегеніміз не?
Дұрыс жауап: Мағынасы толық айтылған ой
Үстеу сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңыз. Кешегіні есіне алып, қысылып қалды.
Дұрыс жауап: Толықтауыш
Сабақтас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
Дұрыс жауап: 6
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы тиянақсыз жай сөйлемдер қалай аталатынын табыңыз.
Дұрыс жауап: Бағыныңқы
Есімше тұлғасына -дай,-дей жұрнағы жалғанып жасалатын сабақтастың түрі –
Дұрыс жауап: Қимыл-сын бағыныңқылы
Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
Дұрыс жауап: Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады.
Құрмалас түрін көрсетіңіз. Жүз теңге ақшаң болғанша, Жүз досың болсын.
Дұрыс жауап: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем құра. Гендік манипуляция бұрын-соңды болмаған биороботтар мен мутант тіршілік иелерін шығарса да, ... .
Дұрыс жауап: адам баласының зиятынан аса алмайды
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз:
Дұрыс жауап: Әсел бәрін біліп тұрса да, үнсіз қала берді.
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Үйдің іші қараңғы болғандықтан, мен отырғандарды жыға тани алмадым.
Қазақ тілінде үнемі жалғаулықсыз қолданылатын салаластың түрін анықтаңыз.
Дұрыс жауап: Кезектес
Берілген сөйлем сабақтас құрмаластың қандай түрі екенін анықтаңыз. Біреу танып қояды деп, ол көзілдірік киіп алды.
Дұрыс жауап: Себеп
-ды,-ді шылауының мағынасы табыңыз:
Дұрыс жауап: Нақтылық
Негізгі еліктеу сөзді белгілеңіз:
Дұрыс жауап: Морт
Түйелер салқындау үшін бір-біріне жақын жүреді. Шылау түрін анықтаңыз:
Дұрыс жауап: Септеулік
Дара еліктеу сөзді белгілеңіз:
Дұрыс жауап: Жымың
Сөйлемде одағайға қатысты қойылатын тыныс белгілер қатарын көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: Үтір, леп белгісі
Көп нүктенің орнына қойылатын еліктеу сөзді көрсетіңіз: Алыстан ... сөздер естіледі.
Дұрыс жауап: Пыш-пыш
Жекіру одағайын белгілеңіз:
Дұрыс жауап: Жә
«Белый - черный» антоним сөздерінің қазақша аудармасын белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Ақ - қара.
«Ғаламтор» сөзінің аудармасын көрсетіңіз
Дұрыс жауап: интернет
Сөйлемге керекті сөзді анықтаңыз: Мен ... ... анаммен емханаға бардым.
Дұрыс жауап: бүгін/таңертең
Сөйлемді толықтыратын сөзді көрсетіңіз: _______ адам ағзасына өте пайдалы.
Дұрыс жауап: көгөніс пен жеміс-жидектер
«Қаһарман» сөзінің мағынасы
Дұрыс жауап: батыр
«Тіленші» сөзіне мәндес сөзді көрсетіңіз
Дұрыс жауап: қайыр тілеуші адам
Сөйлемде жалғаулықтың қай түрі қолданылғанын көрсетіңіз: Қазіргі заманда әмбебап адам болуды үйрену керек. Дегенмен қоғамда, ғылымда үлкен бетбұрыс жасау оңай емес.
Дұрыс жауап: қарсылықты
Астана қаласындағы жасампаздық қақпасын бейнелейтін ескерткіш
Дұрыс жауап: Мәңгілік ел
Аспан денелеріне жатпайтын ұғымды көрсет
Дұрыс жауап: жер
Мәтелді жалғастыр:«Бірінші байлық - ...»
Дұрыс жауап: денсаулық
«Тәуелсіздік» өлеңінен алынған үзіндіні қажетті сөздермен толықтыр Өзегімді өртке ораған ... , ... өзім өгей болам ба Алшаң басып жүре алмаса алты алаш, ... қадірің де жоқ онда!
Дұрыс жауап: қоғамда, өз үйіме, азаттығым
«Ең үлкен байлық» ертегісіндегі қария
Дұрыс жауап: тас қашаушы
«Өкініш, өксік» сөздеріне сәйкес келетін тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз.
Дұрыс жауап: тамағына тас тірелді
Сөйлемді толықтыр Көшпенді түркілерді аспан әлемінің құпиясы ... .
Дұрыс жауап: қызықтырған
Электронды пошта ашу үшін толтыру қажет
Дұрыс жауап: сауалнама
Одағай сөз қатысып тұрған сөйлем –
Дұрыс жауап: Жұмысты істеген соң осылай істеу керек, бәрекелді!
Сан есімге жатпайтын нумеративтік сөз –
Дұрыс жауап: Жалғыз
Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз. Арманның анасы театрда жұмыс істейді.
Дұрыс жауап: Анасы
Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз:
Дұрыс жауап: Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
Заттың көлемін білдіретін сөз –
Дұрыс жауап: Ұзын
Сөйлемдегі сан есімнің мағыналық түрін табыңыз: Жиналыс сағат сегіздерде басталды
Дұрыс жауап: Болжалдық
Қатыстық сын есімді табыңыз:
Дұрыс жауап: Өнегелі
Жалқы есім –
Дұрыс жауап: Байжан
Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:
Дұрыс жауап: -дау, -деу, -тау, -теу
Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдардың атауын білдіретін зат есім.
Дұрыс жауап: Жалпы
Етістіктен болған сын есім –
Дұрыс жауап: Тебеген